Samsung Pay Bereke Bank-те: Оңай төлеңіз. Ыңғайлы. Қауіпсіз
Bereke Bank клиенттері үшін Samsung Pay сервисінің қайта қосылғанын қуана хабарлайды.
Енді Сіз Mastercard және Visa карталарын Samsung Wallet қосымшасында тіркеп, смартфон мен ақылды сағаттардың көмегімен байланыссыз төлемдер жасай аласыз.
Samsung Pay – NFC технологиясы бар ақылды құрылғылардың көмегімен жүзеге асырылатын ыңғайлы әрі қауіпсіз төлем сервисі. Бұл сізге банктік карталармен байланыссыз төлем қабылданатын кез келген терминалдарда смартфонмен және сағаттармен жылдам және қауіпсіз төлем жасауға мүмкіндік береді.
Өзіңізбен бірге қолма-қол ақша немесе карталарды алып жүрмесеңіз де болады, сауда ақысын тіпті интернет желісіне қосылмай-ақ, Samsung Pay қызметін пайдаланып смартфонмен немесе сағатпен төлеңіз.
Қалай қосуға болады:
1. Samsung Account есептік жазбаңызбен Samsung Pay қосымшасына кіріңіз.
2. Өзіңізге ыңғайлы авторизация әдісін орнатыңыз: саусақ ізі, бетті тану немесе PIN-код.
3. NFC функциясын немесе карта деректемелерін қолмен енгізу арқылы картаны смартфон камерасымен сканерлеу арқылы қосыңыз.
4. SMS батырмасын басыңыз және Банктен келген бір реттік кодты енгізіңіз.
5. Қосуды саусақтың немесе стилустың көмегімен қол қою арқылы аяқтаңыз.
Назар аударыңыз, қызметті пайдалану үшін сізге NFC функциясы, 5.0 және одан жоғары нұсқалы Android операциялық жүйесі бар телефон қажет. Толық нұсқаулықты https://www.samsung.com/kz_ru/support/apps-services/how-can-i-add-my-credit-or-debit-cards-to-samsung-pay/ сайтынан таба аласыз.
Береке Банк өз клиенттеріне қашан да қолайлы жағдай жасауға тырысады, осы тұрғыда банк төлемдер жасауға заманауи әрі ыңғайлы сервистер ұсынып отыр.