Қаріп
Суреттер
Баптаулар
Баптауларды қалпына келтіру
Қаріпті таңадаңыз
Әріптер арасындағы аралық (Кернинг)
Жолдар арасындағы аралық
Көру қабілеті нашарларға арналған нұсқа
Қаріп
Суреттер
Баптаулар
Баптауларды қалпына келтіру
Қаріпті таңадаңыз
Әріптер арасындағы аралық (Кернинг)
Жолдар арасындағы аралық
Артқа

Бас жүлде — Будапешт қаласында өтетін UEFA Champions League Final 2026 ойынына жолдама!

Bereke Bank пен Mastercard бірлесіп, ауқымды «Армандағы матч» акциясын іске қосады. Бұл — жанкүйерлерге 2026 жылғы УЕФА Чемпиондар лигасының финалын Будапешт төрінде тамашалау мүмкіндігін сыйлайтын бірегей жоба.

Бұл жай ғана сапар емес. Бұл — Еуропаның үздік клубтары бақ сынайтын тарихи сәттің куәсі болу, үлкен футбол мерекесінің атмосферасын жан-тәніңмен сезіну, жанкүйерлік рухты жүрекпен түйсіну мүмкіндігі.

2026 жылғы 19 ақпан мен 15 сәуір аралығында Bereke Bank-тің Mastercard картасының ұстаушылары бас жүлдені жеңіп алу мүмкіндігіне ие болады әрі Mastercard пен УЕФА Чемпиондар лигасы ұсынған бағалы сыйлықтарды ұтып ала алады.

Акцияға қатысу үшін:

• Bereke Bank шығарған Mastercard картасының иесі болу;

• Картамен немесе Apple Pay, Google Pay, Samsung Pay сервистері арқылы төлем жасау;

• 2026 жылғы 19 ақпан мен 15 сәуір аралығында транзакциялар орындау;

• Жалпы төлем сомасын кемінде 100 000 теңгеге жеткізу қажет.

Акция Қазақстан Республикасының барлық аумағында өтеді.

Ең бастысы — 100 000 теңгені бір реттік төлеммен жұмсау міндетті емес. Көрсетілген мерзім ішінде төлемдерді кезең-кезеңімен орындауға болады.

Сіз Mastercard картасымен неғұрлым белсенді төлем жасасаңыз, Будапешттегі финал трибунасынан орын алу мүмкіндігіңіз соғұрлым арта түседі.

Әрбір толық 100 000 теңге көлеміндегі транзакция үшін қатысушыға ұтысқа қатысу үшін 1 мүмкіндік беріледі. Мысалы: 200 000 теңге — 2 мүмкіндік; 300 000 теңге — 3 мүмкіндік және әрі қарай осылай жалғаса береді.

Жүлделер ұтысы 2026 жылғы 17 сәуірде Bereke Bank-тің Instagram желісіндегі ресми парақшасында тікелей эфир арқылы өтеді. Бас жүлде иегері кездейсоқ сандар генераторының көмегімен анықталады. 

Банктің мобильді қосымшасында Bereke Bank-тің Mastercard картасын бір-екі батырма басып-ақ ашыңыз

Акцияға қатысудың толық ережелері Bereke Bank пен Mastercard ресми сайттарында жарияланған.