Қаріп
Суреттер
Баптаулар
Баптауларды қалпына келтіру
Қаріпті таңадаңыз
Әріптер арасындағы аралық (Кернинг)
Жолдар арасындағы аралық
Көру қабілеті нашарларға арналған нұсқа
Қаріп
Суреттер
Баптаулар
Баптауларды қалпына келтіру
Қаріпті таңадаңыз
Әріптер арасындағы аралық (Кернинг)
Жолдар арасындағы аралық
Артқа

«Bereke Bank» АҚ тәуелсіз директорының лауазымына конкурс жариялайды

Лауазым атауы: тәуелсіз директор

Компания атауы: «Bereke Bank» АҚ (бұдан әрі – Банк) Директорлар кеңесі

 

  1. Тәуелсіз директорға қойылатын жалпы талаптар:
    1. Директорлар кеңесіне тәуелсіз директор ретінде сайлануға үміткер:
  • Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңына сәйкес тәуелсіз директордың анықтамасына сәйкес болуы тиіс.
  • Қызметінің көлемі мен сипаты бойынша Банктің қызметіне ұқсас ұйымдарға тән негізгі мәселелер туралы жалпы ақпаратты білуі, ұқсас салада/секторда ұсынылар алдында 2 (екі) жылдан кем емес халықаралық тәжірибесі және кәсіби тәжірибесі болып, келесілерді түсінуі тиіс:
  • заңнаманың Банкке қатысты талаптарын;
  • ұлттық және халықаралық нарықтардағы бәсекелестікті.
    • Ұсынылған ақпаратты талдай білу мен шынайы бағасын беру және барлық акционерлерге заңды, әділетті,  тең қарау қағидаттарының негізінде кез-келген мәселе бойынша тәуелсіз пікір қалыптастыра білуі тиіс.  Өзінің жеке пікірін ашық айта алу және айтылған жеке пікірін дәлелді түрде қорғау.
    • Корпоративтік басқару және тұрақты даму қағидаттарын білу.
    • Іскерлік және (немесе) салалық ортада мінсіз бедел/оң жетістіктерге ие болу. Үміткердің өмірбаянында экономикалық қызмет саласында қылмыс жасау, сондай-ақ  кәсіпкерлік қызметте әкімшілік құқық бұзушылық фактілері болмауы қажет.
    • Директорлар кеңесі отырысының жұмысына қатысуға ғана емес, сондай-ақ Директорлар кеңесінің отырыстарына арналған материалдарды тиісті зерделеуге жеткілікті уақытының болуы.
    • Басқа компанияларда 4 (төрттен) артық Директорлар кеңесінің мүшесі болмауы;
    • Жыл сайын тәуелсіздігін растау рәсімдерінен өтіп, тәуелсіз директор мәртебесін жоғалтқан жағдайда компанияға дереу ақпарат беруі тиіс.

 

  1. Арнайы талаптар:

2.1. Қаржылық ұйымдардың тәуелсіз директорлары лауазымдарына үміткерлерге арналған арнайы талаптар.

  • Банктің тәуелсіз директорлары лауазымына үміткерлер Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Заңының талаптарына сәйкес болуы тиіс.
  • Тәуелсіз директорлар лауазымына үміткерлер қаржы, аудит және бақылау саласының мамандарына қойылатын арнайы талаптар.
    • Экономика және (немесе) қаржы саласындағы жоғары білім, қаржылық менеджмент/қаржылық талдау/бухгалтерлік есеп/салық салу/ аудит/тәуекел менеджменті саласындағы қосымша білім/кәсіби сертификат.
    • Мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі - кемінде 7 жыл.
    • Қаржы қызметтерін реттеу саласындағы қаржы ұйымдарының, холдингтік құрылымдардың/мемлекеттік органдардың/халықаралық қаржы ұйымдарының басқару органдарында немесе атқарушы органдарында кемінде 3 (үш) жыл жұмыс тәжірибесі және қаржылық аудит/комплаенс менеджмент өткізу жөніндегі қызметтер ұсынатын ұйымдарда басшы/серіктес есебінде басқару/атқару органдарындағы жұмыс тәжірибесі.

Жалдау нысаны: шарт

Тәуелсіз директор лауазымына конкурсқа қатысуды қалайтын үміткерлер corpsecr@berekebank.kz  электрондық поштасына келесі құжаттарды жібереді:

1) қоса берілген үлгіге сәйкес тәуелсіз директор ретінде Директорлар кеңесіне сайлануға өтініш-келісім;

2) үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) қоса берілетін нысанға сәйкес үміткер туралы мәліметтер.

 

Директорлар кеңесінің құрамына үміткерлерді  іріктеу кезінде назарға алынады:

1)  басшылық лауазымдарда жұмыс тәжірибесі;

2)   Директорлар кеңесінің мүшесі ретінде жұмыс тәжірибесі;

3) жұмыс өтілі;

4) халықаралық сертификаттардың болуын қоса алғанда, білімі, мамандығы;

5) бағыттар мен салаларда құзіретінің/2 жылдан кем емес басқару тәжірибесінің болуы

6) іскерлік бедел;

7) тікелей немесе әлеуетті мүдделер қақтығысының болуы;

8) Директордың «Сертификатталған директор» кәсіби сертификаттауының болуы (тәуелсіз директорлар үшін).

 

Келесі тұлға Директорлар кеңесіне сайлана алмайды:

  • Банкпен бәсекелес заңды тұлғаның атқарушы органының қатысушысы, басшысы, басқару органының мүшесі немесе қызметкері болып табылатын;
  • Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызметі туралы» заңының 20-бабының талаптарына сай келмейтін;
  • Акционер өкілі болып табылатын директорлар кеңесінің мүшесін есепке алмағанда, төрт және одан артық компаниялардың Директорлар компаниясының мүшесі болып табылатын.

 

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

Қоса алғанда 2023 жылғы 27 желтоқсанға дейін.

 

Хабарландыруға қосымшалар