Bereke Bank өнеркәсіптік-инновациялық жобаны қолдады
Банкпен ынтымақтастық отандық бизнеске өндірісті жаңғыртуға, оның көлемін ұлғайтуға және экспорттық әлеуетті дамытуға көмектеседі.
Жақында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Bereke Bank қаржыландырған кәсіпорындардың біріне барды.
ASMA INDUSTRIAL зауыты өнеркәсіптік аккумуляторлық батареяларды өндірудің бірегей жобасы болып табылады. Жалпы құны 8,5 млрд теңгені құрайтын бұ жоба «Бірыңғай кешенді бағдарлама» шеңберінде және «Өндіріс» бағдарламасы бойынша қаржыландырумен жүзеге асырылды.
Өнеркәсіптік аккумуляторлық батареялар мұнай-газ, тау-кен, телекоммуникация және теміржол салаларында, сондай-ақ «жасыл» энергетикада үздіксіз энергия көзі ретінде қолданылады.
Зауыт 14,3 га аумақты алып жатыр, ол Жетісу облысында «Талдықорған» индустриалды аймағында орналасқан. Кәсіпорын осы жылдың 6 желтоқсанында жаңғыртылып, пайдалануға берілді.
Өндірістің арқасында өңірде 180 жұмыс орны ашылатын болады. Толық қуатына шыққаннан кейін зауыт жылына 210 мың батарея өндіруді жоспарлап отыр. Өнімнің 60% - ы ТМД және Балтық елдеріне экспортталады, 40% - ы ішкі нарыққа жеткізіледі. Зауыт іске қосылғаннан кейінгі бірінші жылы бюджетке 500 млн теңгеден астам салық төлейді деп күтілуде.