2026 жылғы 18 қазаннан бастап АТБ арқылы ресей рублінде түсетін кіріс төлемдері үшін комиссия
Құрметті клиенттер!
2026 жылғы 18 қазаннан бастап «Bereke Bank» АҚ (Lesha Bank LLC (Public) ЕБ)-дағы шоттарға «Азия-Тынық мұхиты Банкі» АҚ (АТБ) арқылы ресей рублімен түсетін кіріс төлемдерді есепке алу кезінде жекелеген операциялар бойынша корреспондент-банктің тарифтеріне сәйкес комиссия қолданылады.
Комиссия брокерлік операцияларға, инвестициялық компаниялардың пайдасына төленетін төлемдерге және төмендегі өлшемшарттардың біреуі немесе бірнешеуі болған жағдайда өзге де ұқсас төлемдерге қолданылады:
• 20100, 20200, 21100, 21200, 58010, 58015, 58020, 58025, 58030, 99090 VO кодтарының көрсетілуі;
• VO кодының көрсетілмеуі;
• төлем құжатында брокерлік/инвестициялық шоттың деректемелері немесе сәйкестендіргіштері көрсетілуі не брокердің немесе инвестициялық компанияның атауының болуы.
Қосымша шығындарды азайту мақсатында мүмкіндігінше келесі корреспондент-банктерді пайдалануды ұсынамыз:
• «Кредит Европа Банк (Ресей)» АҚ;
• «Мурманский расчетный Банк» ЖШҚ.
Корреспондент-банктің тарифтерімен «Азия-Тынық мұхиты Банкі» АҚ-ның ресми сайтында танысуға болады.