Тегін қызмет көрсетілетін ALL IN дебеттік картасы
2026 жылғы 16.02-ден бастап ALL IN Mastercard және Visa дебеттік төлем карталарына қызмет көрсету – 0 ₸, егер өткен айдағы орташа күндік қалдық 100 000 ₸-ден кем болмаса немесе картаға жалақы түсіп отырса.
Барлық шоттардағы қалдықтар есепке алынады: карточкалық, ағымдағы, депозиттік және брокерлік шоттар. Шетел валютасындағы қалдықтар ҚР ҰБ бағамы бойынша теңгеге қайта есептеледі.
Егер шарттар орындалмаса, картаны қызмет көрсету үшін ай сайынғы комиссия 500 теңге болады.
Картаның басқа шарттары өзгеріссіз қалады:
• барлық сатып алулардан 3%-ға дейін, таңдалған санаттар бойынша 30%-ға дейін кешбэк (айына 15 000 бонусқа дейін),
• телефон нөмірі немесе шот арқылы Қазақстанның басқа банктеріне тегін аударымдар,
• Қазақстандағы кез келген банктің банкоматтарынан айына 500 000 ₸-ге дейін қолма-қол ақшаны тегін шешіп алу.
2026 жылғы 16.02-ге дейін шығарылған ALL IN карталары бойынша қызмет көрсетудің бірінші жылы тегін болып қалады.