Қаріп
Суреттер
Баптаулар
Баптауларды қалпына келтіру
Қаріпті таңадаңыз
Әріптер арасындағы аралық (Кернинг)
Жолдар арасындағы аралық
Көру қабілеті нашарларға арналған нұсқа
Қаріп
Суреттер
Баптаулар
Баптауларды қалпына келтіру
Қаріпті таңадаңыз
Әріптер арасындағы аралық (Кернинг)
Жолдар арасындағы аралық
Артқа

VISA Infinite және Mastercard World Elite төлем карталары бойынша тарифтердің өзгеруі туралы

Құрметті клиент!

10.09.2024 ж. бастап Premier қызметтер пакетінен тыс қызмет көрсетілетін VISA Infinite және Mastercard World Elite төлем карталары бойынша тарифтердің өзгеруі туралы хабарлаймыз:

1. Енді шетелде қолма-қол ақша шешіп алу айына 2 млн теңге тегін лимитіне кіреді, 2 млн теңгеден жоғары қолма-қол ақшаны шешіп алу кезінде комиссия артық соманың 1%-ын құрайды

2. Төлем карталарына қызмет көрсету үшін комиссия мөлшері төмендейді, жаңа тариф – айына 5 000 теңге

Бұл ретте, акция шеңберінде орташа күндік қалдық* 10 млн теңгеден жоғары болған кезде VISA Infinite және Mastercard World Elite төлем карталарына қызмет көрсету үшін комиссия алынбайды.

Bereke Bank-тің премиум карталарын ұстаушылар жеке сервиске және бүкіл әлем бойынша әуежайлардың бизнес-залдарына кіру рұқсаты, паспорттық бақылаудан тез өту қызметі, шетелге шығатын тұлғаларды сақтандыру және консьерж-сервис сияқты халықаралық төлем жүйелерінің артықшылықтарына ие болады.

*Орташа күндік қалдық (бұдан әрі – «ОКҚ») – бұл Банкте ашылған барлық шоттардағы (карталық, жинақ, ағымдағы, металл) күнтізбелік күнгі ақша қаражатының қалдықтарының сомасының айдың нақты күндеріне қатынасы.