Қаріп
Суреттер
Баптаулар
Баптауларды қалпына келтіру
Қаріпті таңадаңыз
Әріптер арасындағы аралық (Кернинг)
Жолдар арасындағы аралық
Көру қабілеті нашарларға арналған нұсқа
Қаріп
Суреттер
Баптаулар
Баптауларды қалпына келтіру
Қаріпті таңадаңыз
Әріптер арасындағы аралық (Кернинг)
Жолдар арасындағы аралық

Интернет-эквайринг

Төлемдерді сайтта, әлеуметтік желілерде және мессенджерлер арқылы абоненттік төлемсіз қабылдаңыз

Интернет-эквайринг
2,0 % бастап

Транзакция үшін комиссия, бірақ 25 ₸ төмен болмайды

Сілтеме немесе QR арқылы

Сайтты пайдаланбай төлемдерді қабылдау мүмкіндігі

CMS интеграциясы

Интернет-эквайрингті CMS жүйелеріне қосу мүмкіндігі

Қолжетімді API

Әзірлеушілерге арналған қызметтердің ашық кітапханасы

Төлемдерді қабылдауды бастаңыз
Үш қарапайым қадам:
1

Өтініш жіберіңіз, біз қосылу және тарифтер бойынша кеңес береміз  

2

Біз келісімшартты дайындаймыз, сіз тек қол қоясыз

3

Сілтемелер немесе API арқылы төлемдерді қабылдаңыз

Кеңес алу үшін өтінімді толтырыңыз
Банк менеджері өнім шарттары бойынша хабарласады және кеңес береді
Сіздің деректеріңіз қорғалған
Эквайринг туралы толығырақ
Мұнда сіз тарифтер туралы ақпаратты, құжаттар тізімін және сұрақтарға жауаптарды таба аласыз
Комиссиясы және тарифтері
Visa/MasterCard

1. Соманың 2,0% - ы, бірақ 25-тен кем емес

 

  • Байланыс қызметтері 
  • Автокөлік сату
  • Әуе билеттерін, теміржол билеттерін сату, қоғамдық көлікте жол жүру - метро, автобустар және т. б.
  • Жанармай құю станциялары 
  • Азық-түлік және тұрмыстық химия сататын супермаркеттер мен дүкендер 
  • Пошта қызметтері
  • Дәріханалар мен медициналық қызметтер
  • Білім беру 
  • Жылжымайтын мүлікті жалға беру
  • Ақылы жолдар мен тұрақ орындары
  • Қайырымдылық
  • Ауыл шаруашылығы

 

2. 100 KZT

 

  • Коммуналдық төлемдерді төлеу
  • Бюджетке төлеу
  • Салық төлемдері мен айыппұлдар

 

3. Соманың 3,0% - ы, бірақ 25-тен кем емес

 

1 және 2 тармақтарға кірмейтін қалған төлемдер бойынша

Интернет-эквайринг дегеніміз — Интернетте төлемдерді қабылдау тәсілі. Клиенттер сауда ақысын картамен, BBPay, GooglePay немесе ApplePay арқылы сайтта, қосымшада, мессенджерлерде, әлеуметтік желілерде немесе e-mail арқылы төлей алады.

Тауарларды/қызметтерді сайттағы, қосымшадағы, мессенджерлердегі интернет-дүкендерде, e-mail арқылы немесе әлеуметтік желілерде сататын компаниялар мен ЖК-ға қосу қажет.

Сауда эквайрингі мен интернет-эквайринг бизнеске түрлі жағдайларда қолма-қол ақшасыз төлемді қабылдауға мүмкіндік береді.

Сауда эквайрингі офлайн-дүкендерде сауда ақысын төлеу үшін қосылады, клиенттер терминалды қолданады: картаны қояды немесе оны кіргізіп, ПИН-код енгізеді. 

Интернет-эквайринг интернет-дүкендерде қосылады - клиенттер сауда ақысын терминалсыз, сайтта, қосымшада, e-mail немесе әлеуметтік желілерде сілтеме бойынша төлейді.

Клиент сайтта немесе қосымшада тауарды таңдайды, “Төлеу” батырмасына басады, төлем нысанына өтеді де, тауар ақысын өзіне ыңғайлы кез келген тәсілмен төлейді.  

Немесе клиент оған жіберілген сілтеме бойынша өтуі мүмкін, оған дәл сол төлем нысаны ашылады, клиент ары қарай тауар ақысын өзіне ыңғайлы кез келген тәсілмен төлейді.  

Әртүрлі төлем тәсілдері бар, мысалы: картамен, BBPay, GooglePay, ApplePay арқылы.

Иә, қажет. Қазақстан Республикасының Салық Кодексін сақтау және онлайн-төлемдерді заңды түрде қабылдау мақсатында бизнеске чектерді жіберу үшін онлайн-кассаны қосу қажет.

Bereke Bank АҚ интернет-эквайрингімен көптеген төлем түрлері қолжетімді:

- BBPay, GooglePay, ApplePay арқылы, QR-код немесе сілтеме бойынша төлем;
- Visa, Mastercard банктік карталары бойынша;
- рекурренттік төлемдер.

Сатып алушылар бұл төлем түрлерін кез келген жерде онлайн-тапсырыстар ақысын төлеу үшін қолдана алады: сайтта, мобильді қосымшада, әлеуметтік желілерде, мессенджерлерде немесе e-mail арқылы.

Құжаттар саны Bereke Bank АҚ-да бизнеске арналған есептік шоттың ашылғанына немесе ашылмағанына байланысты.

Егер Сіздің Bereke Bank АҚ-да есептік шотыңыз ашылған болса, интернет-эквайрингті қосуға өтінімді онлайн қалдырыңыз: Bereke Business (web) сайтындағы “Өнімдер” қосымша парағында “Өтініштер” бөліміне өтіп, ары қарай “Интернет-эквайринг” санаты ->  “Интернет-эквайрингті қосуға өтініш” деп таңдап, “Өтінішті рәсімдеу” деп басыңыз. Ашылған терезешеде барлық жолдарды толтырып, құжатқа ЭЦҚ арқылы қол қойып, “Банкке жіберу” батырмасын басыңыз. “Банкке жіберілді” күйі Банктің Сіздің өтінімізді алғанын білдіреді.

Егер Сіздің Bereke Bank АҚ-да есептік шотыңыз болмаса, сол парақшада өтінім қалдырыңыз, менеджер сізге хабарласып, кеңес береді. Құжаттар пакеті интернет-эквайрингті кімнің қосатынына байланысты: ЖК немесе компания. Төлем ұйымдарынан қосымша құжаттар қажет.

Егер компанияның құрылтайшылары көп болса және басқару құрылымы күрделі болса, қосымша құжат сұратуымыз мүмкін.

Bereke Bank АҚ интернет-эквайрингі бизнес пен сатып алушыларға көптеген мүмкіндіктер береді:

Төлемді әртүрлі тәсілдермен қабылдау. Таңдауыңызға қарай кез келгенін қосуға болады: банктік карталармен төлеу, BBPay, GooglePay, ApplePay арқылы, рекурренттік төлемдер.

Сатып алушыларға төлемдерді қайтару. Мысалы, егер сатып алушыға тауар келмесе, ал қоймада баламасы табылмаса, сіз интернет-эквайрингті қосқан кезде берілетін жеке кабинет арқылы ақшаны толық немесе ішінара қайтара аласыз.

Төлемдерді тоқтатуды баптау - кейде оны төлемдерді ұстап тұру деп атайды. Тоқтату комиссияларды үнемдеуге көмектеседі: егер сатып алушы саудадан бас тартса, ақшаны автоматты түрде кері алады, ал сіз интернет-эквайринг үшін комиссия төлемейсіз.

Рекурренттерді қосу. Рекурренттік төлемдер жазылымдық үлгісі бар бизнеске келеді: сатып алушы телефон нөмірі бойынша шотты не картаны тіркейді және ақшаны ұдайы есептен шығарып отыруға келіседі - бизнес ақшаны қосымша растаусыз алады.

Төлем туралы есептерді алу. Есептер бизнесті дамытуға көмектеседі: олар бойынша конверсияны, айналымдарды немесе транзакциялардың егжей-тегжейін қарауға болады. Операциялар бойынша деректер жеке кабинетте қолжетімді.
Бұдан бөлек Сіз аударымдарды және өз кірісіңізді бақылап отыру үшін өтемдер бойынша үзінді көшірмелерді алып отыра аласыз. Үзінді көшірмелердің барлығы Bereke Business-те қолжетімді, сондай-ақ үзінді көшірмелерді күн сайын, апта сайын, ай сайын автоматты түрде e-mail-ге жіберу мүмкіндігі бар.

Төлем нысанын брендтеу. Сіз Bereke Bank АҚ төлем нысанын өзіңіздің корпоративтік стиліңізге қарай бейімдей аласыз - мысалы, компания логотипін жабыстыру, батырмаларды бренд түсіне бояу, сатып алушылар үшін дағдылы төлем тәсілдерін жоғары көтеру. Сатып алушыға төлем жасау ыңғайлырақ болады:  сайттан төлем нысанына өту білінбей жүзеге асырылатын болады.