Қаріп
Суреттер
Баптаулар
Баптауларды қалпына келтіру
Қаріпті таңадаңыз
Әріптер арасындағы аралық (Кернинг)
Жолдар арасындағы аралық
Көру қабілеті нашарларға арналған нұсқа
Қаріп
Суреттер
Баптаулар
Баптауларды қалпына келтіру
Қаріпті таңадаңыз
Әріптер арасындағы аралық (Кернинг)
Жолдар арасындағы аралық
Артқа

«Bereke Bank» АҚ Директорлар кеңесі құрамындағы өзгерістер жайлы хабарлайды

«Bereke Bank» АҚ-ның жалғыз акционері «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның 2023 ж. 17 қазандағы шешімімен банктің Директорлар кеңесінің құрамын өзгерту туралы шешім қабылданды. Мұхамеджанов Әділ Бектасұлы және Мақсат Нұриденұлы Банктің Директорлар кеңесінің жаңа мүшелері атанды.

Мұхамеджанов Әділ Бектасұлы – «Bereke Bank» АҚ Жалғыз акционерінің өкілі, Директорлар кеңесінің мүшелеріне Мақсат Нұриденұлын "Bereke Bank" акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің Төрағасы етіп сайлау ұсынылды.

Аталған өзгерістерге сәйкес «Bereke Bank» АҚ-ның Директорлар кеңесі жеті адамнан тұрады: Елемесов А. Р., Мәдиев М. Д., Тимченко А. И., Хамитов Е. Е., Хусаинов Г. А., Нұриденұлы М., Мұхамеджанов Ә. Б.

Әділ Бектасұлы «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның Басқарма Төрағасының орынбасары қызметін атқарады. Тәуекелдерді басқару, стратегия және талдау, жобалық қаржыландыру жұмысына жетекшілік етеді. Өзінің еңбек жолында «ҚазТрансОйл», «Caspian Energy Inc» Pls Канада, Торонто, «Арал Петролиум Капитал» ЖАҚ сияқты ұйымдарда түрлі басшылық қызметтерді атқарды, сондай-ақ «Отан» Ашық жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-ның Басқарма Төрағасы, «АзияКредитБанкі» АҚ-ның Директорлар кеңесінің мүшесі және «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ-ның Басқарма Төрағасы болды.

Мақсат Нұриденұлы Халықаралық Бизнес Университетін (UIB) Қаржы мамандығы бойынша бітіріп, Іскерлік Әкімшілендіру бакалавры дәрежесін алды, сондай-ақ Master of Business and Economics (Халықаралық Бизнес Академиясы (IAB) Management) дәрежесіне ие. 2019 жылы Қазақстан Республикасының Президенттік кадрлық резервіне қабылданды.

Мақсат Нұриденұлы қаржы саласында 15 жылдан астам уақыт жұмыс істейді. Әр жылдары ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінде, «Альфа-Банк» ЕБ АҚ, «Сбербанк» АҚ ЕБ, «ForteBank» АҚ, «Қазкоммерцбанк» АҚ, «Bereke Bank» АҚ-да жетекші басшылық лауазымдарды атқарды. Мақсат Нұриденұлы өзінің еңбек жолында операциялық блок, эквайринг, банктің өңірлік дамуы мен филиалдары, транзакциялық бизнес, клиенттік операцияларды сүйемелдеу, операциялық қызмет және бақылау процестерін дамыту, сонымен бірге шағын, микро бизнес және өздігінен қызмет көрсететін құрылғыларды дамыту жұмыстарын қоса алғанда, көптеген мәселелерге жетекшілік етті.