Артқа
«Bereke Bank» АҚ (Lesha Bank LLC (Public) ЕБ) бұрын шығарылған купондық облигациялар шығарылымын сатып алу туралы шешім қабылдағанын хабарлайды
«Bereke Bank» АҚ (Lesha Bank LLC (Public) ЕБ) (бұдан әрі – Банк) Банктің Директорлар кеңесі 04.08.2026 ж. бұрын Банктің төртінші облигациялық бағдарламасының шегінде шығарылған қамтамасыз етусіз 1-ші атаулы купондық облигациялар шығарылымын BERKb20, ISIN KZ2C00011831 келесі талаптарда сатып алу туралы шешім қабылдағанын хабарлайды:
- сатып алынатын облигациялар саны: 100 000 000 (жүз миллион) дана;
- сатып алу тәртібі: ұйымдастырылған нарықта ашық сауда әдісі;
- сатып алу күні (мерзімі): Эмитент облигацияларды сатып алуды Эмитенттің Директорлар кеңесінің тиісті шешімі жарияланғаннан кейін 30 (отыз) күнтізбелік күннің ішінде жүзеге асырады;
- сатып алу мақсаты: Банк өтімділігін басқару.