Клиенттерге арналған ақпарат
Құрметті клиенттер!
02.12.2024 жылдан бастап келушілер саны аз бірнеше бөлімшенің жұмысы тоқтатылатынын хабарлаймыз. Бөлімшелердің тізімімен сілтеме арқылы мына жерде танысуға болады.
Бұл бөлімшелердің клиенттері банкіміздің онлайн-арналар арқылы немесе жақын орналасқан басқа да бөлімшелеріне жүгіну арқылы Bereke Bank-тен қызмет алуды жалғастыра алады. Цифрландыру жұмыстары барысында сервисті қашықтан атқарылатын форматта бұрынғыдан да ыңғайлы етіп жасадық.
Сіз «Bereke» және «B-Business» мобильді қосымшаларын пайдалана отырып, сондай-ақ бөлімшелер мен АТМ терминалдар желісі арқылы шоттарыңызға қызмет көрсете аласыз, депозиттерді толтыра аласыз, аударымдар жасай аласыз, қарыздар бойынша төлемдер жасап, басқа да операцияларды жүзеге асыра аласыз.
Байланыс орталығының нөмірі:
5030 – жеке тұлғалар үшін
7744 – кәсіпкерлер үшін