Bereke Bank
Қаріп
Суреттер
Баптаулар
Баптауларды қалпына келтіру
Қаріпті таңадаңыз
Әріптер арасындағы аралық (Кернинг)
Жолдар арасындағы аралық
Көру қабілеті нашарларға арналған нұсқа
Қаріп
Суреттер
Баптаулар
Баптауларды қалпына келтіру
Қаріпті таңадаңыз
Әріптер арасындағы аралық (Кернинг)
Жолдар арасындағы аралық

Кредитті қайта қаржыландыру

Бұрын ресімделген кредиттерді неғұрлым тиімді шарттармен өтеу

Кредитті қайта қаржыландыру
28%-дан 42%-ға дейін (СЖТМ 31,02%-ден 45,50%-ға дейін)

айдан басталатын мерзімге қайта қаржыландыру бойынша пайыздық мөлшерлемесі

8 000 000 ₸ дейін

Қайта қаржыландыру сомасы

5 жылға дейін

Қайта қаржыландыру мерзімі

Кредитті 5 минут ішінде қайта қаржыландырыңыз
Онлайн және комиссиясыз
1

Есептеңіз де, өтінімді жіберіңіз

2

Кредит бойынша шешімді СМС арқылы алыңыз

3

Bereke қосымшасын жүктеп алыңыз, құжаттарға қол қойыңыз және алдыңғы кредитті өтеңіз

Қайта қаржыландыруды есептеу
Жаңа ай сайынғы төлемдеріңізді есептеңіз
Ай сайынғы өтеу әдісі

1 қадамның 2-еуі
Сіздің деректеріңіз қорғалған
  1. Kaspi немесе Halyk Банктің мобильді қосымшасында "Үзінді көшірме" бөлімін табыңыз
  2. Cоңғы 6 айдағы кезеңді таңдаңыз
  3. Үзінді көшірмені телефонның "Файлдарына" PDF форматында сақтаңыз
  4. Үзінді көшірмені төмендегі тармаққа жүктеңіз
Үзінді көшірмені қалай жүктеуге болады
Сіздің деректеріңіз қорғалған
Қайта қаржыландыру туралы толығырақ
Bereke Bank-тегі кредитті қайта қаржыландыру шарттары
Жалпы ақпаратКредиттің валютасы

Теңге

Кредитті ұйымдастырғаны үшін комиссия**

Кредиттің сомасынан 0% -дан бастап

Қамтамасыз ету

Қажет емес

Кредиттің мақсаты

Кредитті қайта қаржыландыру

Кредиттің ең төменгі сомасы

150 000 теңге

Кредиттің ең жоғары сомасы*

8 000 000 теңгеге дейін ("Bereke Bank" АҚ картасына жалақы алатын жеке тұлғалар үшін)

Кредиттің ең төменгі мерзімі

7 ай

Кредиттің ең ұзақ мерзімі

5 жыл

Егер қарыз алушы кредит талаптарын орындамаса, банк мына шараларды қабылдауға құқылы:

— мерзімі кешіктірілгені үшін 90 күн ішінде тұрақсыздық айыбын өндіріп алу – мерзімі кешіктірілген әр күн үшін кешіктірілген төлем сомасынан 0,5%, бірақ Шарт қолданылған әрбір жыл үшін берілген Қарыз сомасынан 10% артық емес мөлшерде);

— кредитті мақсатсыз пайдаланғаны үшін тұрақсыздық айыбын өндіріп алу — мақсатсыз пайдаланылған сомадан 25% мөлшерінде;

— ерекше шарттарды бұзғаны үшін тұрақсыздық айыбын өндіріп алу - ерекше шарттарды орындауды кешіктірген әрбір күнтізбелік күн үшін тұрақсыздық айыбын төлеу күніне негізгі борыш қалдығынан 0,01% мөлшерінде;

— кез келген банктердегі қарыз алушының банктік шоттарынан ақшаны оның қосымша келісімінсіз есептен шығару;

— Шарт бойынша берешекті өндіріп алуды үшінші тұлғаларға тапсыру;

— кредитті мерзімінен бұрын толық өтеуді талап ету;

— банктің немесе оның филиалының тіркелген жері бойынша сотқа жүгіну.

Пайыздық мөлшерлеме***
28%-дан 42%-ға дейін, (ЖТСМ 31,02%-дан 45,50%-ға дейін)
Қарыз мерзімінің 25-ші айынан бастап қарыз мерзімінің екінші жартысында сыйақы мөлшерлемесін төмендету қарастырылған

** Комиссиялар Банктің Активтер мен пассивтерді басқару жөніндегі комитетінің 02.04.2025 жылғы №19 §1а шешімімен бекітілген

*** Мөлшерлемелер «Bereke Bank» АҚ «Бөлшек кредиттеу» тобының Заңнамалық отырысының 16.08.2024 ж. №23 хаттамасының §2 үзінді көшірмесімен бекітілді

Bereke қосымшасында
  1. Егер Сізде жоқ болса, Bereke Bank картасын ашыңыз
  2. Басқа банктің мобильді қосымшасында Bereke картасына аударымды таңдаңыз
  3. Bereke мобильді қосымшасының басты бетінде өтелуі қажетті кредитті таңдап, «Төлемді төлеу» батырмасын басыңыз, ай сайынғы төлем сомасын есептен шығару шоты мен аудару шотын таңдап, «Аудару» батырмасын басыңыз. Сома кредитті төлеу күні есептен шығарылады
Bereke Bank банкоматында
  1. Негізгі экранда «Картасыз енгізу», ары қарай «Кредитті өтеу» таңдаңыз
  2. Өзіңіздің ЖСН енгізіңіз, өтелуі қажетті кредитті таңдап, «Ай сайынғы төлемді төлеу» батырмасын басыңыз
  3. Қажетті соманы енгізіп, «Аудару» батырмасын басыңыз. Төлем туралы чекті алуды ұмытпаңыз
Банк бөлімшесі арқылы
  1. Ең жақын бөлімді таңдаңыз
  2. Менеджерге хабарласыңыз және ақшаны кассаға салыңыз
  3. Кредитті төлеу туралы чек алыңыз

Ең жылдам әрі қолайлы тәсіл — мобильді қосымшадағы «Төлем жасау» сервисі арқылы өтеу. Сонымен қатар, өзіңіздің ағымдағы шотыңызды толықтырыңыз, өтелу сомасы төлем кестесі бойынша автоматты түрде өзі шешіледі.

Маңызды: қаражат төлем кестесіндегі төлем күні кешіктірілмей, сағат 21:00-ге дейін енгізілуі қажет.

Мобильді қосымшадағы «Төлем жасау» сервисі:

• Карталарыңызда төлемді жабуға жеткілікті қаражат бар екеніне көз жеткізіңіз.

• Кредит мәзіріне кіріп → «Төлем жасау» тармағын таңдаңыз.

• Шығатын соманы дебеттік картаңыздан жасау үшін оны таңдаңыз.

• Ай сайынғы төлем сомасын енгізіп → «Жалғастыру» батырмасын басыңыз.

• Операцияны растаңыз.

Ақша кредитті өтеу үшін бірден ұсталады, төлем кестесі жаңарады. 

Ағымдағы шотты толықтыру:

• Ағымдағы шотыңызды банкомат, банк кассасы немесе «Қазпошта» арқылы толықтырыңыз.

• Немесе басқа Банктегі өз шотыңыздан ағымдағы шотқа ақша аударыңыз.

• Төлем кестесі бойынша ағымдағы шоттан қаражат автоматты түрде ұсталады.

• Егер төлем күні жұмыс күніне сәйкес келсе, ақша 21:00-ден 23:00-ге дейін ұсталады.

• Егер төлем күні демалыс немесе мереке күндеріне түссе, ақша алдағы жұмыс күнінде 21:00-ден 23:00-ге дейін ұсталады және төлем кешіктірілген болып саналмайды.

Назар аударыңыз: кредитті өтеуге жұмсалатын қаражат дебеттік картадан тікелей ұсталмайды. Тек «Төлем жасау» сервисін пайдаланып немесе ағымдағы шотты толықтыру арқылы төлем жасауға болады.

Кредит бойынша ай сайынғы төлемді Bereke Bank қосымшасында қалай төлеуге болады?

Bereke Bank банкоматтары арқылы кредит бойынша ай сайынғы төлемді қалай төлеуге болады?

Басқа банктен аударым арқылы ай сайынғы төлемді өтеу үшін Bereke Bank шотын қалай толықтыруға болады?

Ішінара алдын ала өтеу — бұл сіз ай сайынғы тұрақты төлемнен бөлек қосымша сома төлеп, келесі айлардың төлемдерін немесе кредит мерзімін қысқарта аласыз. Мұны жүзеге асыру үшін ай сайынғы төлем сомасына тең немесе одан жоғары қаражат енгізу қажет.

Ай сайынғы төлем сомасын қысқартуға арналған ішінара алдын ала төлеуді кез келген кредит бойынша комиссиясыз мобильді қосымшадағы кредит мәзірінде, банкоматтарда және Банк бөлімшелерінде жасауға болады.

Ал кредит мерзімін қысқартуға бағытталған ішінара алдын ала төлеу тәсілдері кредит түріне байланысты болады.

Bereke Bank мобильді қосымшасы мен банкоматтарында:

• комиссиясыз — кепілсіз бір мөлшерлемесі бар кредиттер; кепілсіз екі мөлшерлемесі бар кредиттер (тек мерзімнің екінші жартысында)


Банк бөлімшелерінде:

• комиссиясыз — кепілсіз бір мөлшерлемесі бар кредиттер; кепілсіз екі мөлшерлемесі бар (тек мерзімнің екінші жартысында)

• 7500 теңге комиссиямен — жылжымайтын мүлікпен қамтамасыз етілген бір мөлшерлемесі бар кредиттер, тұрғын үй кредиттері және кейбір автокредит түрлері; жылжымайтын мүлікпен қамтамасыз етілген екі мөлшерлемесі бар кредиттер (тек мерзімнің екінші жартысында), тұрғын үй кредиттері және кейбір автокредиттер.


Екі мөлшерлемесі бар кредиттер бойынша кредит мерзімін қысқартуға бағытталған ішінара алдын ала төлеу тек мерзімнің екінші жартысында жүзеге асырылады.

Толық мерзімінен бұрын өтеу — бұл Сіз кредитті толық жабу үшін қарыздың барлық сомасын төлейтін жағдай.

Кез келген кредитті толық мерзімінен бұрын өтеуді комиссиясыз мобильді қосымшадағы кредит мәзірінде, банкоматтарда және Банк бөлімшелерінде жасауға болады.

Толық өтеу сомасы күн сайын өзгеріп отырады, себебі Банк күн сайын кредит бойынша қалған қарыз сомасына пайыз есептейді. Бүгінгі күнге өзекті соманы мобильді қосымшадағы өз кредиттіңіздің мәзірінен → «Мерзімінен бұрын өтеу» → «Толық өтеу» бөлімінен көре аласыз.

Толық мерзімінен бұрын өтеуді тек жұмыс күндері сағат 21:00-ге дейін жасауға болады.

 

Кредитті Bereke Bank мобильді қосымшасында мерзімімен бұрын қалай өтеуге болады? 

Кредитті Bereke Bank АҚ банкоматтары арқылы мерзімімен бұрын қалай өтеуге болады?

Ағымдағы күнге сәйкес қарыздың көлемін мобильді қосымшада көруге болады. Ол үшін кредит мәзіріне кіріп → «Алдын ала өтеу» → «Алдын ала толық өтеу» бөлімін таңдаңыз.

Назар аударыңыз: алдын ала толық өтеу сомасы күн сайын өзгеріп отырады, өйткені банк күн сайын кредиттің қалған қарызына пайыз есептейді.

 

Сіз төлем күні төлем сомасын ағымдағы шотыңызға салуыңыз керек. Ағымдағы шотыңызды алдын ала толтырған болсаңыз, кестеге сәйкес ақша автоматты түрде есептен шығарылады деп күтіңіз. Төлем күні демалыс немесе мереке күндеріне сәйкес келсе, сома келесі жұмыс күніесептен шығарылады.

Ай сайынғы төлемдерді өтеу кестесін мобильді қосымшаның кредит мәзірінен көре аласыз. Сондай-ақ, бұл кесте Банктік қарыз шартымен бірге беріледі.

Егер сіз бөлек алдын ала төлем жасаған болсаңыз, жаңа кесте мобильді қосымшада жаңарады — тек қайта кіріп, ақпараттың жаңартылғанын тексеруіңіз қажет.

Кредитті қайта қаржыландыру — бұл ағымдағы кредиттер бойынша қарызды өтеу үшін қарыз қаражатын алу. Жаңа кредит ескі кредиттен тиімдірек шарттарда беріледі. Сіз Bereke Bank-тен қайта қаржыландыру бағдарламасы бойынша қаражат алып, бұрын басқа ұйымдарда ашылған кредиттерді жауып, кейінірек Bereke Bank алдындағы қарызды ай сайынғы төлемдерді азайтып және үстеме ақыны кемітіп біртіндеп өтеуіңізге болады.

Осылайша, кредитті қайта қаржыландыру қаржылық жүктемені азайтып, пайыздардан үнемдеуге және қарыз алушының материалдық жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.

Кредит беру шарттары әр клиентке жеке таңдалады. Пайыздық ставка және басқа да шарттар кредит түріне, қарыз алушының кредит тарихына және басқа факторларға байланысты. Bereke Bank-та кредитті қайта қаржыландыру 150 000 теңгеден бастап 8 млн теңгеге дейін рәсімделуі мүмкін. Кредит мерзімі — жеті айдан бес жылға дейін.

Кредит алу мүмкіндігін білу және жеке шарттар бойынша қайта қаржыландыруды есептеу үшін онлайн өтініш толтырыңыз. Тағы бір жолы — банкке жеке барып немесе телефон арқылы хабарласып, кредит өнімдері бойынша маманнан кеңес алыңыз.

Қайта қаржыландыруды есептеп, жаңа ай сайынғы төлемнің мөлшерін онлайн кредит калькуляторында көре аласыз. Қанша сомада және қандай мерзімге кредит алуды жоспарлап отырғаныңызды көрсетіңіз, сервис кредиттеу бойынша шамамен параметрлерді есептейді. Нақты кредит шарттары өтініш бойынша беріледі, оны сайтта немесе мобильді қосымшада онлайн тапсыруға болады.

Әдеттегі кредит жаңа мақсаттарға алынады. Ал қайта қаржыландыру ағымдағы міндеттемелерді жабу және олардың шарттарын өзгерту үшін пайдаланылады.

Иә, мұндай мүмкіндік бар. Өтінім мақұлданған жағдайда бірнеше қолданыстағы кредитті бір кредитке біріктіруге болады.

Иә, Bereke Bank-та басқа банктегі кредитті қайта қаржыландыруға өтінім беруге болады. Шешім клиент деректерін тексергеннен кейін қабылданады.

Өтінім сайт немесе мобильді қосымша арқылы беріледі. Қаралғаннан кейін клиент SMS арқылы шешім алады және рәсімдеуді қосымшада жалғастырады.

Көп жағдайда жеке куәлік, қолданыстағы кредит бойынша мәліметтер және табыс туралы ақпарат қажет. Қарау барысында банк қосымша құжаттарды сұратуы мүмкін.

Мерзімі өткен берешектің болуы банк шешіміне әсер етуі мүмкін. Әрбір өтінім жеке қаралады.

Иә, кредит тарихы – қайта қаржыландыруға өтінімді бағалаудағы негізгі факторлардың бірі.

Кейбір жағдайларда мүмкін, егер банк қарыз алушының төлем қабілеттілігін ескере отырып мақұлдаса.

Құжаттарға қол қою өтінім мақұлданғаннан кейін мобильді қосымшада жүзеге асырылады.

Иә, болады. Бөлімшеде мамандар қосымшаға өтуге көмектеседі, ал рәсімдеуді клиент смартфон арқылы аяқтайды.

Кредитті қайта қаржыландыру – бұл қолданыстағы бір немесе бірнеше кредитті өтеу үшін жаңа банктік қарыз рәсімдеу. Өтінімді қарағаннан кейін банк жаңа шарттарды айқындайды. Мұндай құрал көбіне бірнеше төлемді бір төлемге біріктіру, берешекті бақылауды жеңілдету және қажет болған жағдайда кредиттеу мерзімін өзгерту үшін пайдаланылады. Кейбір жағдайларда төлем шарттарын қайта қарау арқылы қаржылық жүктемені азайтуға мүмкіндік береді.

Bereke Bank-та онлайн өтінім беру мүмкіндігі қарастырылған, соның арқасында өтінішті банк бөлімшесіне бармай-ақ қашықтан жолдауға болады.

Қарапайым тілмен айтқанда, кредитті қайта қаржыландыру дегеніміз не?

Қарапайым тілмен айтқанда, кредитті қайта қаржыландыру – бұл қарызға қызмет көрсету шарттарын қайта қарау тәсілі. Оның көмегімен кредиттің мерзімін өзгертуге, төлем құрылымын оңайлатуға немесе оны жеке бюджетке ыңғайлы етуге болады. Нәтижесінде қарыз алушының бірнеше қолданыстағы міндеттеменің орнына бір жаңа келісімшарты қалуы мүмкін.

Қайта қаржыландырудың кәдімгі кредиттен айырмашылығы неде?

Кәдімгі кредит жаңа мақсаттарға рәсімделеді: тауар сатып алу, қызмет ақысын төлеу немесе жеке шығындарды жабу үшін. Бұл жағдайда қаражатты қарыз алушы өз қажеттілігіне қарай пайдаланады.

Ал қайта қаржыландыру кредитті қолданыстағы қарыздарды өтеу үшін беріледі. Кейбір жағдайларда банк шарттарына және өтінімді бағалау нәтижелеріне сәйкес клиент қосымша қаражат та ала алады.

Кредитті қайта қаржыландыру немесе жаңа тұтынушылық кредит – қайсысын таңдаған дұрыс?

Таңдау қарыз алушының мақсатына және қазіргі қаржылық жағдайына байланысты. Егер негізгі міндет бұрынғы міндеттемелерді жабу және бірнеше кредитті бір кредитке біріктіру болса, онда қайта қаржыландыруды қарастырған жөн. Мұндай тәсіл қарыздарды басқаруды жеңілдетуге және төлемдерді анағұрлым жүйелі етуге көмектеседі.

Қай жағдайда кредитті қайта қаржыландыру пайдалы болуы мүмкін?

Кредитті қайта қаржыландыру қолданыстағы міндеттемелердің шарттарын қайта қарап, оларды ағымдағы қаржылық жағдайға бейімдеуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде қарыз алушы қаржылық жүктемені азайта алады, төлемдерді оңайлатады немесе бірнеше кредитті бір кредитке біріктіре алады.

Қайта қаржыландыру пайдалы болуы мүмкін негізгі жағдайлар:

  1. Ай сайынғы төлемді азайту. Кредит мерзімін өзгерту арқылы бюджетке түсетін жүктемені төмендетуге болады, алайда бұл жалпы артық төлемнің өсуіне әкелуі мүмкін.

  2. Кредиттерді біріктіру. Бірнеше қарыз бір төлемге біріктіріледі, соның нәтижесінде төлем күні мен кредит беруші біреу ғана болады.

  3. Кредит мерзімін өзгерту. Мерзімді ұзарту ай сайынғы төлемді азайтады, ал қысқарту қарызды тезірек өтеуге мүмкіндік береді, бірақ қаржылық жүктемені арттыруы мүмкін.

  4. Қосымша қаражат алу. Кейбір жағдайларда қолданыстағы міндеттемелерді өтеу үшін қажетті сомадан бөлек қосымша қаражат алу мүмкіндігі қарастырылуы мүмкін.

Кредитті қайта қаржыландыру – қарыздық жүктемені икемді басқаруға мүмкіндік беретін құрал. Оның тиімділігі қарыз алушының мақсатына байланысты: ай сайынғы төлемдерді азайту, кредиттер құрылымын оңайлату немесе міндеттемелерді тезірек жабу.

Қазақстандағы кредитті қайта қаржыландыру

Қазақстанда кредитті қайта қаржыландыру көбіне цифрлық форматта рәсімделеді. Онлайн өтінім берілгеннен кейін банк клиенттің мәліметтерін тексеріп, қабылданған шешім туралы хабарлайды. Өтінімді қарау барысында ЖТСМ көрсеткіші және қолданыстағы кредит міндеттемелерінің шарттары ескеріледі.

Қандай кредиттерді қайта қаржыландыруға болады?

Қазақстандағы қайта қаржыландыру бағдарламалары аясында көбіне әртүрлі кредит міндеттемелері қарастырылады. Банктің шарттарына байланысты мыналар қайта қаржыландырылуы мүмкін:

  • теңгемен рәсімделген тұтынушылық кредит;

  • Қазақстан Республикасының басқа банктерінде алынған қарыздар;

  • жеке тұлғаларға арналған кепілсіз кредит;

  • бір кредитке біріктірілетін бірнеше қолданыстағы қарыз.

Нақты тізім банктің ішкі талаптарына және клиенттің өтінімін бағалау нәтижелеріне байланысты анықталады.

Басқа банктердегі кредиттерді қайта қаржыландыру

Қайта қаржыландырудың бір түрі – басқа банкте рәсімделген кредитті қайта қаржыландыру. Мұндай жағдайда клиент Bereke Bank-та жаңа кредит алуға өтінім береді. Өтінім мақұлданғаннан кейін қаражат басқа банктегі берешекті өтеуге бағытталады.

Бұл мүмкіндік банк оң шешім қабылдаған жағдайда ғана ұсынылады. Жаңа кредиттің шарттары өтінімді қарау нәтижелері бойынша жеке тәртіппен айқындалады.

Мерзімі өткен берешегі бар кредитті қайта қаржыландыруға бола ма?

Мерзімі өткен берешектің болуы банктің қайта қаржыландыруға қатысты шешіміне әсер етуі мүмкін. Әрбір жағдай жеке қарастырылады. Бұл ретте банк тек бір көрсеткішті емес, клиенттің жалпы қаржылық жүктемесін бағалайды.

Егер мерзімі өткен төлемдер болса, қолданыстағы міндеттемелер туралы өзекті ақпаратты алдын ала тексеріп, әрекеттегі кредиттер бойынша дұрыс мәліметтерді дайындаған жөн. Бұл банкке өтінімді қарау кезінде жағдайды дәлірек бағалауға көмектеседі. Түпкілікті шешім қарыз алушы туралы барлық деректер толық тексерілгеннен кейін қабылданады.

Bereke Bank-та кредитті қайта қаржыландыру шарттары

Bereke Bank-та қайта қаржыландыру шарттары өтінім қаралып, қарыз алушының деректері тексерілгеннен кейін айқындалады.

Кредит сомасы, мерзімі және сыйақы мөлшерлемесі

Өнімнің негізгі параметрлері:

  • кредит сомасы – 150 000 теңгеден 8 000 000 теңгеге дейін;

  • кредит мерзімі – 7 айдан 5 жылға дейін;

  • сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 30%-дан 42%-ға дейін;

  • ЖТСМ (жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі) – жылдық 31,02%-дан 45,50%-ға дейін.

Түпкілікті шарттар қарыз алушының кредит тарихына, табыс деңгейіне және өтінімді бағалау нәтижелеріне байланысты белгіленеді.

Комиссиялар, ЖТСМ және артық төлем

Кредитті қайта қаржыландыру шарттарын талдау кезінде тек сыйақы мөлшерлемесіне ғана назар аудару жеткіліксіз. ЖТСМ (жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі) келісімшартта көзделген барлық міндетті төлемдерді ескере отырып, кредиттің жалпы құнын бағалауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар кредит мерзімі, ықтимал комиссиялар және жалпы артық төлем мөлшері де маңызды рөл атқарады. Бұл көрсеткіштер қарыздың жалпы құнына және кредит бойынша төленетін түпкілікті сомаға тікелей әсер етеді.

Қарыз алушыға қойылатын талаптар

Кредитті қайта қаржыландыруға берілген өтінімді қарау кезінде келесі критерийлер ескеріледі:

  • Қазақстан Республикасының азаматтығы немесе резидент мәртебесі (егер бұл банк шарттарында көзделсе);

  • қарыз алушының жасы;

  • расталған табыстың болуы;

  • клиенттің кредит тарихы;

  • қолданыстағы кредит міндеттемелері бойынша елеулі бұзушылықтардың болмауы;

  • банк сұратқан құжаттарды ұсыну.

Сайт арқылы берілген әрбір өтінім жеке қаралады.

Кредитті қайта қаржыландыруды онлайн қалай рәсімдеуге болады?

Bereke Bank-та кредитті қайта қаржыландыруды сайт немесе мобильді қосымша арқылы онлайн рәсімдеуге болады.

Сайт арқылы өтінім беру

Кредитті қайта қаржыландыруға өтінім беру үшін клиент банк сайтындағы нысанды толтырады. Онда ЖСН, телефон нөмірі және кредит туралы негізгі мәліметтер көрсетіледі. Одан кейін банк онлайн өтінімді қарап, қабылданған шешім туралы SMS-хабарлама жібереді.

Өтінім мақұлданған жағдайда клиент мобильді қосымшаға өтіп, рәсімдеудің келесі кезеңдерін аяқтайды және құжаттарға қол қояды. Рәсімдеу толық аяқталғаннан кейін қаражат кредит шарттарына сәйкес аударылады.

Мобильді қосымша арқылы өтінім беру

Кредитті қайта қаржыландыруды бірден мобильді қосымша арқылы да рәсімдеуге болады. Клиент қажетті өнімді таңдап, мәліметтерді толтырады және сайтқа өтпей-ақ өтінімді қарауға жібереді.

Өтінім қаралғаннан кейін банк шешімі жіберіледі. Клиент бірден қосымша ішінде құжаттарға қол қою кезеңіне өтеді. Бұл рәсімдеудің барлық кезеңдерін толықтай мобильді қосымша арқылы аяқтауға мүмкіндік береді.

Егер клиент бөлімшеге келсе

Егер клиент банк бөлімшесіне жүгінсе, кредит менеджері рәсімдеуді цифрлық форматта жалғастыруға көмектеседі. Ол үшін бөлімшеде орналасқан QR-код пайдаланылады: клиент кодты сканерлейді, мобильді қосымшаны орнатады және рәсімдеуді смартфон арқылы жалғастырады.

Кредитті қайта қаржыландыру қалай жүзеге асырылады?

Кредитті қайта қаржыландыру рәсімі белгілі бір кезеңдер бойынша жүргізіледі:

  1. Клиент кредит сомасын таңдайды. Ол қолданыстағы бір немесе бірнеше кредит бойынша қалған берешекті, сондай-ақ банк шарттарында көзделген жағдайда қосымша қаражатты қамтуы мүмкін. Осыдан кейін клиент Bereke Bank сайты немесе мобильді қосымшасы арқылы қайта қаржыландыруға өтінім береді.

  2. Банк өтінімді қарайды. Өтінімді қарау барысында сауалнамада көрсетілген деректер, кредит тарихы, клиенттің төлем қабілеттілігі және қолданыстағы кредит міндеттемелері бағаланады.

  3. Клиент банк шешімін алады. Егер өтінім мақұлданса, клиент кредит шарттарымен танысып, рәсімдеуді жалғастыру туралы шешім қабылдай алады.

  4. Құжаттарға қол қою. Егер ұсынылған шарттар клиентке сәйкес келсе, ол құжаттарға қол қою кезеңіне өтеді. Bereke Bank-та бұл рәсім қағаз құжаттарды пайдаланбай, мобильді қосымша арқылы жүзеге асырылады.

  5. Қолданыстағы кредитті өтеу. Жаңа кредит қаражаты қолданыстағы кредитті немесе бірнеше міндеттемені өтеуге бағытталады.

Қайта қаржыландыруды рәсімдемес бұрын қарыздың қалай өтелетінін нақтылап алған жөн: қаражатты банк тікелей аудара ма, әлде бұл процеске клиенттің өзі қатыса ма. Сонымен қатар қолданыстағы кредитті мерзімінен бұрын өтеуге қатысты шарттарды да ескерген маңызды.

Кредитті қайта қаржыландыру үшін не қажет?

Кредитті қайта қаржыландыруға өтінім бермес бұрын жеке куәлікті, табыс туралы ақпаратты және қажет болған жағдайда банк сұратуы мүмкін қосымша құжаттарды алдын ала дайындаған жөн. Қажетті құжаттардың нақты тізімі банк талаптарына және өтінімді қарау нәтижелеріне байланысты болады.

Кредитті қайта қаржыландыруды рәсімдемес бұрын қолданыстағы міндеттемелердің шарттарын және өзіңіздің қаржылық жүктемеңізді бағалап алған дұрыс. Атап айтқанда, келесі көрсеткіштерге назар аудару ұсынылады:

  • қолданыстағы кредит бойынша берешек қалдығы;

  • ағымдағы ай сайынғы төлем мөлшері;

  • сыйақы мөлшерлемесі және ЖТСМ;

  • мерзімі өткен төлемдердің немесе берешектің болуы;

  • егер көзделген болса, мерзімінен бұрын өтеуге байланысты комиссиялар;

  • жаңа кредит бойынша болжамды жалпы артық төлем сомасы.

Мұндай тәсіл нақты жағдайда кредиттерді қайта қаржыландырудың қаншалықты тиімді әрі орынды екенін алдын ала бағалауға мүмкіндік береді.

Кредитті қайта қаржыландыру калькуляторы

Кредитті қайта қаржыландыру калькуляторы алдын ала есеп жүргізуге және жаңа шарттар кезінде ай сайынғы төлемнің, мерзімнің және болжамды артық төлемнің қалай өзгеретінін түсінуге көмектеседі.

Клиент кредит сомасы мен мерзімін көрсеткеннен кейін калькулятор шамамен ай сайынғы төлемді, сыйақы мөлшерлемесін және ЖТСМ-нің алдын ала мәнін көрсетеді. Мұндай есеп нақты жағдайдағы қайта қаржыландырудың ықтимал көрінісін жылдам бағалауға мүмкіндік береді.

Қайта қаржыландырудың тиімділігін қалай есептеуге болады?

Қайта қаржыландырудың тиімділігін түсіну үшін ағымдағы шарттарды жаңа ұсыныспен салыстыру маңызды. Мұны кешенді түрде жасау ұсынылады:

  • ағымдағы және жаңа ай сайынғы төлемді салыстыру;

  • қолданыстағы және жаңа кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесі мен ЖТСМ-ді бағалау;

  • кредит мерзімін ескеру – ол қаржылық жүктеме мен артық төлемге тікелей әсер етеді;

  • ықтимал комиссиялар мен қосымша шығындарды тексеру;

  • жаңа кредит бойынша жалпы артық төлем сомасын есептеу.

Мұндай тәсіл нақты жағдайда қайта қаржыландырудың қаншалықты тиімді болатынын дәлірек түсінуге мүмкіндік береді.

Алдын ала есеп неге банктің түпкілікті шешімі болып саналмайды?

Калькулятордағы кез келген есеп – бұл тек алдын ала бағдар. Ол базалық параметрлерге негізделеді және банк талдайтын барлық факторларды ескермейді. Түпкілікті шарттар тек өтінім толық қаралғаннан кейін анықталады. Банк клиенттің кредит тарихын, табысын, қолданыстағы міндеттемелерін және төлем қабілеттілігін бағалайды.

Кредитті қайта қаржыландыру кезіндегі жиі қателіктер

Қайта қаржыландырудың жалпы тиімділігіне әсер етуі мүмкін бірқатар жиі кездесетін қателіктер бар:

  1. Тек ай сайынғы төлемге назар аудару. Төлемнің азаюы әрдайым кредиттің арзандағанын білдірмейді.

  2. ЖТСМ мен комиссияларды елемеу. Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі барлық міндетті төлемдерді қамтиды. Комиссиялар мен қосымша шығындар ескерілмесе, жалпы сома күткеннен жоғары болуы мүмкін.

  3. Мерзімі өткен берешек кезінде жағдайды талдамай өтінім беру. Мерзімі өткен қарыздың болуы мақұлдану мүмкіндігін шектеуі мүмкін. Банк төлем тәртібін бағалайды.

  4. Ескі кредитті мерзімінен бұрын өтеу шарттарын тексермеу. Кейбір жағдайларда комиссиялар немесе қосымша талаптар қолданылуы мүмкін.

Өтінім бермес бұрын барлық шарттарды мұқият салыстырып, жаңа кредт талаптарының қаржылық мүмкіндіктерге сай болуын бағалау қажет.

Неліктен Bereke Bank-та қайта қаржыландыруға өтінім берген дұрыс?

Қосымшада рәсімдеу. Барлық кезең – өтінім беруден бастап қол қоюға дейін – онлайн түрде, бөлімшеге бармай жүзеге асырылады.

Бірнеше минут ішінде шешім. Банк өтінімді жылдам қарап, нәтижесін цифрлық форматта хабарлайды.

Кепілсіз. Кредит алу үшін мүлік кепілі талап етілмейді.

Ашық шарттар. Сома, мерзім, мөлшерлеме және ЖТСМ қол қоюға дейін клиентке қолжетімді.

Мерзімінен бұрын өтеу үшін комиссия жоқ. Кредит ішінара немесе толық көлемде қосымша шығынсыз жабылады.


Назар аударыңыз:

* Кредит шарттары, соның ішінде сыйақы мөлшерлемесі мен ЖТСМ, өтінімді қарау нәтижелері бойынша жеке тәртіппен айқындалады.