Қаріп
Суреттер
Баптаулар
Баптауларды қалпына келтіру
Қаріпті таңадаңыз
Әріптер арасындағы аралық (Кернинг)
Жолдар арасындағы аралық
Көру қабілеті нашарларға арналған нұсқа
Қаріп
Суреттер
Баптаулар
Баптауларды қалпына келтіру
Қаріпті таңадаңыз
Әріптер арасындағы аралық (Кернинг)
Жолдар арасындағы аралық

Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлікті дәстүрлі кредиттеу

Мемлекеттен стандартты, жеңілдетілген әрі жеңілдікті кредит

Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлікті дәстүрлі кредиттеу
Құжаттардың ең аз пакеті

Кредит алу үшін

30 минут

Транштарды беруге

Мемлекеттік Бағдарлама

Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау және «Даму» КДҚ АҚ-ның кепілдігі

Оңайлатылған талдау

Кредитті жылдам мақұлдау мақсатында

Кредитті рәсімдеңіз
3 қарапайым қадам арқылы
1

Жақын жердегі банк бөлімшесіне хабарласыңыз

2

Құжаттардың тізімімен танысып, жинақтаңыз

3

Мақұлдауды алыңыз және ақша сіздің шотыңызға түседі

Кеңес алу үшін өтінімді толтырыңыз
Банк менеджері нөмір бойынша хабарласады
Сіздің деректеріңіз қорғалған
Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлік үшін классикалық кредиттеу туралы толығырақ
Кредит туралы толыққанды ақпарат
Бизнес айналым

Сомасы

Қаржыландыру мақсаттарын ескере отырып, Қарыз алушының қаржылық жағдайын талдау негізінде

Кредиттеу мақсаты

1. Айналым қаражаттарын толтыру (бұдан әрі – АҚТ)
2. Жоғарыда көрсетілген мақсатқа сәйкес қайта қаржыландыру

Мерзімі

1. АҚТ – 36 айдан көп емес
2. Транштар мерзімі – 12 айдан көп емес (ЖКЖ бойынша), кредиттік желі мерзімінің соңына дейін (Жаңартылмайтын КЖ бойынша).
Тек кепілдік түріндегі игерумен КЖ-ні ұсынған кезде 60 айдан көп емес КЖ мерзімін белгілеу мүмкін

Қамтамасыз ету

Міндеттемелер сомасын жабу, кемінде 90%, оның ішінде:
- жылжымайтын мүлік, ақша – кемінде 60%;
- қамтудың қалған үлесі – жылжымалы мүлік

Бастапқы жарна бар

Талап етілмейді


Бизнес инвест

Сомасы

Қаржыландыру мақсаттарын ескере отырып, Қарыз алушының қаржылық жағдайын талдау негізінде

Кредиттеу мақсаты

1.  Инвестициялық мақсаттар (қарыз алушының ағымдағы шаруашылық қызметінде қолданылып жүрген/қолданылатын айналымнан тыс активтерге салым салу)
2. Инвестициялық жоба аясындағы АҚТ
3. Жоғарыда көрсетілген мақсаттарға сәйкес қайта қаржыландыру

Мерзімі

Инвестициялық мақсаттар - 84 айдан көп емес, оның ішінде жабдық пен автокөлік құралдарын сатып алуға – 60 айдан көп емес

Қамтамасыз ету

Міндеттемелер сомасын жабу, кемінде 90%, оның ішінде:
- жылжымайтын мүлік, ақша – кемінде 60%;
- қамтудың қалған үлесі – жылжымалы мүлік

Бастапқы жарна бар

Инвестициялық жобаның бағалау құнының кемінде 20% мөлшеріндегі Қарыз алушының жеке ақшасы түрінде
Бастапқы жарна жеткіліксіз болған немесе болмаған жағдайда жеке қатысу сомасын қамтитын жылжымайтын мүлікті қабылдау мүмкін (бұл мүлік негізгі кепілдік қамтамасыз етумен өтеу пайызына қосымша қамтамасыз ету болып табылады)

Бизнес табыс

Сомасы

Келесі талаптарды бір мезгілде орындау:
1. 75 000 000 теңгеден көп емес.
2. Жылжымайтын мүлік түріндегі кепілдік қамтамасыз етудің бағалау құнының 70%-нан көп емес

Кредиттеу мақсаты

1. Айналым қаражаттарын толтыру (бұдан әрі – АҚТ)
2. Инвестициялық мақсаттар
3. Жоғарыда көрсетілген мақсаттарға сәйкес қайта қаржыландыру*

Мерзімі

1. АҚТ (оның ішінде қайта қаржыландыру)  –  КЖ/кредит мерзімі 37 айдан көп емес (қоса алғанда)
2. Инвестициялық мақсаттар (оның ішінде қайта қаржыландыру) – кредиттік желі /кредит мерзімі 60 айдан көп емес (қоса алғанда).

Қамтамасыз ету

Келесідей жылжымайтын мүлік:
1. тұрғын жайлар (жалпы ауданы 300 м2-ге дейін пәтерлер, тұрғын үйлер);
2. коммерциялық жайлар;
3. коммерциялық, өнеркәсіптік және қоймалық жылжымайтын мүлік.
2-3 т.т. көрсетілген: қалалар/елді-мекендер шегінде орналасқан мүліктің, жалпы ауданы 1000 м2-ге дейін. 

Бастапқы жарна бар

Қажет емес 
Бизнес Start up


Сомасы

Мемлекеттік бағдарламалар шарттарына сәйкес 

Кредиттеу мақсаты
1. Айналым қаражаттарын толтыру (бұдан әрі – АҚТ)
2. Инвестициялық мақсаттар.
Мерзімі

1. АҚТ – 36 айдан көп емес
2.  Инвестициялық мақсаттар –  60 айдан көп емес.

Қамтамасыз ету

85%-ға дейін – «Даму» ҚДҚ АҚ Кепілдігі;
15%-дан жоғары – келесідей түрдегі ақша және/немесе жылжымайтын мүлік:
- тұрғын жайлар (пәтерлер, тұрғын үйлер);
- тұрғын үй қорынан шығарылған коммерциялық жайлар (дүкендер, мейрамханалар, салондар, кеңсе жайлары және т.б.);
- коммерциялық мақсаттағы жеке тұрған ғимараттар

Бастапқы жарна бар

Қажет емес

Бизнес авто

Сомасы

Қаржыландыру мақсаттарын ескере отырып, Қарыз алушының қаржылық жағдайын талдау негізінде 

Кредиттеу мақсаты

1. Коммерциялық мақсаттар үшін көлік құралдарын және арнайы техника сатып алу
2. Жоғарыда көрсетілген мақсатқа сәйкес қайта қаржыландыру

Мерзімі

60 айдан көп емес 

Қамтамасыз ету

Сатып алынатын КҚ/арнайы техника, бұл ретте міндеттеме сомасын қамту 100% кем болмауы тиіс.
Жылжымайтын мүлік түріндегі қосымша қамтамасыз етуді ұсыну мүмкін

Бастапқы жарна бар

Сатып алынатын көлік құралы/арнайы техниканың бағалау құнының кемінде 30% мөлшеріндегі Қарыз алушының жеке ақшасы түрінде.   Бастапқы жарна жеткіліксіз болған немесе болмаған жағдайда жеке қатысу сомасын қамтитын жылжымайтын мүлікті қабылдау мүмкін (бұл мүлік негізгі кепілдік қамтамасыз етумен өтеу пайызына қосымша қамтамасыз ету болып табылады).  

Бизнес ипотека

Сомасы

Қаржыландыру мақсаттарын ескере отырып, Қарыз алушының қаржылық жағдайын талдау негізінде

Кредиттеу мақсаты

1. Коммерциялық мақсаттар үшін жылжымайтын мүлік нысандарын сатып алу (о.і. сатып алынатын коммерциялық жылжымайтын мүлікті жөндеу/ реконструкциялау үшін және жаңа нысандар құрылысы үшін кредит)

2. Жоғарыда көрсетілген мақсатқа сәйкес қайта қаржыландыру

Мерзімі

120 айдан көп емес

Қамтамасыз ету

Сатып алынатын жылжымайтын мүлік, бұл ретте міндеттеме сомасын қамту 100% кем болмауы тиіс. Жылжымайтын мүлік түріндегі қосымша қамтамасыз етуді ұсыну мүмкін

Бастапқы жарна бар

Сатып алынатын мүліктің бағалау құнының кемінде 30% мөлшеріндегі Қарыз алушының жеке ақшасы түрінде. Бастапқы жарна жеткіліксіз болған немесе болмаған жағдайда жеке қатысу сомасын қамтитын жылжымайтын мүлікті қабылдау мүмкін (бұл мүлік негізгі кепілдік қамтамасыз етумен өтеу пайызына қосымша қамтамасыз ету болып табылады)

Ақша кепілімен берілетін кредит

Сомасы

"Bereke Bank" АҚ-дағы шоттарда орналастырылған салым/ақша сомасынан көп емес, бұл ретте лимиттің ең жоғарғы сомасы 1 000 000 000 теңгеден аспауы тиіс

Кредиттеу мақсаты

1. Айналым қаражаттарын толтыру (бұдан әрі – АҚТ)
2. Инвестициялық мақсаттар
3. Жоғарыда көрсетілген мақсаттарға сәйкес қайта қаржыландыру

Мерзімі

60 айға дейін

Қамтамасыз ету

Қарыз сомасының кемінде 100%-ын қамтитын Банктегі жинақ шоттардағы (салым)/ағымдағы шоттардағы ақша (НБ + 1 ай үшін сыйақы)

Бастапқы жарна бар

Талап етілмейді

Овердрафт

Сомасы

1. Банкте:

овердрафт лимиті белгіленгенге дейінгі соңғы 6 айдағы Банктегі Қарыз алушының шоттары бойынша орташа айлық тазартылған кредиттік айналымдардың 40%-на дейін;

2. Басқа банктерде (2 банктен көп емес): 

овердрафт сомасы белгіленгенге дейінгі соңғы 6 айдағы басқа банктердегі Қарыз алушының шоттары бойынша орташа айлық тазартылған кредиттік айналымдардың 20%-на дейін (Банктегі айналымдарды есептемегенде).

Кредиттеу мақсаты

Қаржылық міндеттемелерді және инвестициялық шығындарды төлеуге байланысты емес ағымдағы/шұғыл төлемдерді төлеу.

Мерзімі

Кредиттік желі мерзімі – 12 айдан артық емес.

Транштар мерзімі – 30 күнге дейін.

Қамтамасыз ету

Талап етілмейді

Бастапқы жарна бар

Талап етілмейді

Келісімшарттық қаржыландыру

Сомасы

КЖ/кредиттің ең жоғарғы сомасы:

1) Тапсырыс берушімен жасалған Келісімшарттың орындалмаған сомасының 70%-нан (жетпіс пайызы);

2) Келісімшарттың талаптарына сәйкес Тапсырыс беруші Қарыз алушының пайдасына аударған ақша сомасына (оның ішінде аванс) төмендетілген Келісімшартты орындау шығындарынан (орындалған Келісімшарттар шығындарын қайта қаржыландыру кезінде) аспауы тиіс

Кредиттеу мақсаты

1. Келісімшартты орындаумен байланысты шығындарды қаржыландыру;

2. Жоғарыда көрсетілген мақсаттарға сәйкес қарыздарды қайта қаржыландыру

Мерзімі

Келісімшартының талаптарына сәйкес. Қаржыландыру мерзімінің аяқталу күні келісімшарттың қолданылу мерзімінің аяқталу күнінен қосымша 2 ай мерзімнен кеш болуы мүмкін емес

Қамтамасыз ету

Қаржыландырылатын келісімшарт бойынша талап ету құқыұқтары немесе қаржыландыру қай келісімшартты орындау үшін берілсе, сол келісімшарт бойынша келешекте түсетін ақша

Бастапқы жарна бар

Талап етілмейді

Бизнес кепілдік

Сомасы

Жылжымайтын мүлік түріндегі кепілдік қамтамасыз етудің нарықтық құнының 60%-нан артық емес/Банктегі шоттарда орналастырылған ақшы сомасынан артық емес (ең жоғарғы сома Банктің меншік капиталының 0,2 пайызынан артық емес)

Кредиттеу мақсаты

1.  Міндеттемелерді орындау кепілдігі
2. Төлемді орындау кепілдігі
3. Аванстық төлемді қайтару кепілдігі
4. Тендерлік кепілдік

Мерзімі
60 айдан көп емес

Қамтамасыз ету

Келесідей жылжымайтын мүлік:

1. тұрғын жай (пәтерлер, тұрғын үйлер);

2. тұрғын үй қорынан шығарылған коммерциялық жайлар (дүкендер, мейрамханалар, салондар, кеңсе жайлары және т.б.);

3. тікелей мақсаты бойынша пайдаланылатын коммерциялық, өнеркәсіптік және қоймалық жылжымайтын мүлік.

1-3 т.т. көрсетілген: қалалар/елді-мекендер шегінде орналасқан мүліктің, жалпы ауданы 1000 м2-ге дейін Ағымдық /жинақ шоттарында орналастырылған ақша

Бастапқы жарна бар

Талап етілмейді

Құжаттарды жинаңыз, банк бөлімшесіне өтініш беріңіз

Қарыз алушының қаржылық жағдайын және несиенің мақсатын талдауға байланысты

stat.gov.kz сайтта

Мүмкін икемді өтеу кестесі бизнестің құрылымы мен маусымдылығына байланысты

Ішінара немесе толық өтеу мүмкін

Мақсатты пайдалануды растау қажет

Сіз кредитті келесідей төлей аласыз:
  1. Банкоматта / Береке Банк терминалында
  2. Bereke Business мобильді қосымшасында
  3. Банк кассасы арқылы
  4. Береке банк шотына басқа банктің шотынан аудару
  5. Береке банк шотына басқа банктің мобильді қосымшасында аудару
Қарыз алушының банктік қарыз шарты бойынша өз міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісті түрде орындамағаны үшін жауапкершілігі

Қарыз алушы банктік қарыз шарты бойынша өз міндеттемелерін орындамаған жағдайда Банк: 

• негізгі борыш бойынша мерзімі кешіктірілген берешек үшін және мерзімі кешіктірілген сыйақы үшін, қосылу туралы өтініште белгіленген мөлшерде комиссияларды және өзге де берешекті уақтылы төлемегені үшін тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) өндіріп алу;

• шарт бойынша өзге міндеттемелерді бұзғаны үшін қосылу туралы өтініште белгіленген мөлшерде тұрақсыздық айыппұлын (айыппұл, өсімпұл) өндіріп алуға 

• егер Банк Шартқа сәйкес өзіне тиесілі толық сомада төлемді алмаған жағдайда (қарыз алушы берешекті өтемеген жағдайда), Банк қарыз алушының қосымша келісімінсіз қарыз алушының ағымдағы шоттарын, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, сондай-ақ одан тыс жерлерде орналасқан басқа банктерде және/немесе қаржы ұйымдарында ашылған Қарыз алушының банктік шоттарын шартта және қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен төлем құжаттарын ұсыну арқылы тікелей дебеттеу жолымен шарт бойынша қарыз алушының берешек сомасын есептен шығаруға құқылы.  Көрсетілген мақсаттар үшін осы арқылы қарыз алушы Банкке қосылу туралы өтініш негізінде және қарыз алушы тарапынан кез келген нысанда қандай да бір қосымша келісімінсіз қарыз алушының банктік шоттарын тікелей дебеттеу арқылы шарт бойынша қарыз алушының берешек сомасын осындай есептен шығаруға келісім береді. 

• тиісті растайтын құжаттар болған жағдайда, Банктің қарыз алушының осы шарт бойынша қаржылық міндеттемелерін және/немесе шартқа, сонымен қатар қамтамасыз етуді беру және/немесе берілген қамтамасыз етудің қауіпсіздігіне қатысты басқа да міндеттемелерді орындамауына/тиісті дәрежеде орындамауына байланысты келтірілген барлық қосымша шығындарды, қарыз алушының/қосалқы қарыз алушының шоттарын, сондай-ақ басқа банктерде және/немесе қаржы ұйымдарында ашылған банктік шоттарын тікелей дебеттеу арқылы тиесілі ақшаны өндіріп алуға құқылы;

• қарыз алушы шарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімін өткізіп алуға жол берген кезде берешекті коллекторлық агенттікке сотқа дейінгі өндіріп алуға және реттеуге беруге құқылы;

• қосылу туралы шартты жасаған банктің және/немесе филиалдың орналасқан жері және/немесе тіркелу орны бойынша сотқа талап қоюмен жүгінуге құқылы.