Bereke Bank клиенттердің ыңғайлылығы үшін Астрасенд халықаралық төлем жүйесін іске қосты
Құрметті клиенттер!
Bereke Bank сізге жылдам әрі қауіпсіз ақша аударымдарын қамтамасыз ететін Астрасенд халықаралық төлем жүйесін қосқаны туралы қуанышпен хабарлайды. Енді Ресейден, Өзбекстаннан және Қырғызстаннан ақшаны оңай әрі ыңғайлы алуға болады!
Астрасенд дегеніміз не?
Астрасенд - бұл ақша аударымдарының сапалы және қолжетімді қызметтерін ұсынатын заманауи халықаралық төлем жүйесі:
• Жеке тұлғалар арасындағы аударымдар
• Қолма-қол ақшамен берілетін жедел аударымдар
• Bereke Bank-тің кез келген бөлімшесінде аударым алу мүмкіндігі
• Ақша транзакциялары үшін заманауи және қауіпсіз платформа
Аударманы қалай алуға болады?
Астрасенд қызметтерін пайдалану өте оңай, ол үшін:
1. Bereke Bank-тің кез келген филиалына барыңыз.
2. Ақша аударымының 10 саннан тұратын тексеру нөмірін атаңыз.
3. Аударым сомасы, ақшаны жіберуші мен жіберуішінің елі туралы ақпаратты жазыңыз
4. Жеке басыңызды куәландыратын құжатты көрсетіңіз.
5. Аударымды алу туралы тапсырмаға қол қойыңыз.
6. Кассадан қолма-қол ақшаны алыңыз! Ескеретін маңызды жайт, аударым қызметінің ақысын ақша жіберуші төлейді, ал алушы үшін бұл қызмет тегін!
Сондай-ақ, аударымды алу үшін банкте есеп айырысу шотын ашу қажет емес.
Астрасенд жүйесі туралы толық ақпаратты ресми сайттан алуға болады https://astrasend.ru/.
Біздің бұл жаңа ұсынысымыз клиенттердің көңілінен шығып, оларға қаржы операцияларын ыңғайлы басқаруға мүмкіндік беретініне сенімдіміз. Сіздерді Bereke Bank бөлімшелерінде күтеміз!