Біздің миссиямыз:
Біз адамдарға ерекше көңіл бөлу арқылы олардың өз құндылығын сезінуіне және сенімін арттыруына көмектесеміз.
Банктің стратегиясы клиенттермен күнделікті өмірде де, маңызды сәттерде де сенімді қаржылық серіктестік орнатуға бағытталған.
Бұл біздің клиенттеріміз үшін нені білдіреді:
• Ерекше шешімдер: Біз заманауи банктік шешімдер ұсынамыз, олар клиенттерге қаржылық мәселелерді ыңғайлы шешуге және ұзақмерзімді жоспарлар құруға мүмкіндік береді.
• Ерекше сервис: Біз клиенттің әрдайым жанында болып, маңызды сәттерде жедел әрекет етеміз, жағдайды түсінуге көмектесеміз және Банкпен өзара әрекеттесудің барлық кезеңінде сүйемелдейміз.
• Ерекше шарттар: Клиенттердің жеке қажеттіліктерін ескере отырып, олардың мақсаттары мен өмірлік жағдайына сай шешімдер ұсынамыз.
• Ерекше сараптама: Кәсіби білім мен тәжірибеге сүйене отырып, сенімді, түсінікті және болжамды банктік қызметтер көрсетеміз.
• Ерекше қарым-қатынас: Клиенттермен сенімге, ықыласқа және сыйластыққа негізделген қарым-қатынас орнатып, қосымша құндылық пен жайлылықты қамтамасыз етеміз.
Біздің негізгі басымдықтарымыз
Жеке тұлғалар үшін
Біз клиенттерге күнделікті өмірде және маңызды шешімдер қабылдау кезінде қаржысын сенімді басқаруға мүмкіндік беретін ыңғайлы әрі сенімді банк тәжірибесін ұсынамыз.
• Күнделікті қаржылық операциялар: Табыс пен шығысты тәулік бойы (24/7) ашық әрі ыңғайлы басқару, мәселелерді жедел шешу мүмкіндігі.
• Сапар кезіндегі жайлылық пен сенімділік: Клиенттер мен олардың отбасы мүшелеріне сапардың барлық кезеңінде қосымша қолдау және қорғаныш сезімін ұсыну.
• Капиталды сақтау және өсіру: Жеке мақсаттарды ескере отырып, қаржыны қорғауға және көбейтуге арналған ұзақ мерзімді шешімдер.
• Кредит алу мүмкіндігі: Ашық әрі түсінікті шарттармен қаржылық мүмкіндіктерге жедел қол жеткізу.
• Жауапкершілікке негізделген қарым-қатынас: Күрделі жағдайларда клиенттің жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оған құрметпен қарау.
Бизнес үшін
Біз бизнеске қарапайым, түсінікті және болжамды қаржылық шешімдер ұсына отырып, оның күнделікті қызметіне және тұрақты дамуына қолдау көрсетеміз.
• Халықаралық қызмет: Халықаралық операцияларға байланысты күрделі мәселелерді шешуде бизнеске жан-жақты қолдау көрсету.
• Күнделікті қаржылық операциялар: Бизнестің ағымдағы қызметінде тәуекелдерді азайтуға және операцияларды сенімді жүргізуге негіз болу.
• Бірізді сервис пен сүйемелдеу: Клиентті Банктегі өзара әрекеттесудің барлық кезеңінде сүйемелдеп, мәселелерді уақытылы шешуге басымдық беру.
• Бизнеске кредит беру: Бизнестің қажеттіліктеріне сай бейімделген қолжетімді қаржылық шешімдер.
• Қаржылық қолдау және серіктестік: Ұзақ мерзімді серіктестік аясында тұрақты әрі түсінікті қаржылық қолдау көрсету.
Технологиялық даму
Цифрлық технологиялар – Банктің стратегиясын жүзеге асырудың және клиенттерге қызмет көрсету сапасын арттырудың негізгі тетігі. Біз Банктің ІТ-құрылымын жүйелі түрде дамытып, оны сенімді, икемді әрі клиентке бағытталған етуге ұмтыламыз.
ІТ-дамытудағы басты бағыттар:
• банктік операциялардың тәулік бойы (24/7) қолжетімділігін қамтамасыз ету;
• клиенттерге жаңа шешімдер мен жақсартуларды жедел ұсыну;
• үдерістерді автоматтандыру және операциялық тиімділікті арттыру;
• деректермен қауіпсіз жұмыс істеу және шешім қабылдауға сапалы аналитикалық қолдау көрсету.
Адамдар және мәдениет
Біз команданы дамытуға инвестиция салып, Банктің құндылықтарын бөлісетін кәсіби мамандар еңбек ететін орта қалыптастырамыз.
Осы мақсатта біз:
• қаржы және цифрлық саладағы мықты мамандардың кәсіби дамуына жағдай жасаймыз;
• жауапкершілігі жоғары, бастамашыл және клиентке бағдарланған қызметкерлерді қолдаймыз;
• басқарушылық және сарапшылық дағдыларды дамытуға мән береміз;
• ынтымақтастық пен үздіксіз жетілу мәдениетін нығайтамыз.
Банк талантты қызметкерлерді оқытуға, дамытуға және ұстап қалуға инвестиция салып, заманауи әрі қолайлы жұмыс жағдайларын ұсынады. Бұл Банктің тұрақты дамуын, жоғары сервис деңгейін және клиенттерге үздік тәжірибе ұсынуды қамтамасыз етеді.
Тұрақты даму және жауапкершілік
Біз ESG қағидаттарын Банктің стратегиясына енгізу арқылы ұзақмерзімді тұрақтылықты нығайтып, клиенттердің сенімін арттырып, бизнестің жауапты дамуына жол ашамыз.
Банктің ESG саласындағы негізгі бағыттары:
• сапалы корпоративтік басқару мен қызметтің ашықтығын қамтамасыз ету;
• ұзақ мерзімді тәуекелдер мен тұрақтылықты ескере отырып жауапты шешім қабылдау;
• әлеуметтік және экологиялық мәселелерге жауапкершілікпен қарау;
• тұрақты даму қағидаттарын корпоративтік мәдениетке енгізу;
• қаржылық қолжетімділікті және клиенттік тәжірибені дамыту;
• әлеуметтік бастамаларды қолдау және адам капиталын дамыту.