Bereke Bank
Қаріп
Суреттер
Баптаулар
Баптауларды қалпына келтіру
Қаріпті таңадаңыз
Әріптер арасындағы аралық (Кернинг)
Жолдар арасындағы аралық
Көру қабілеті нашарларға арналған нұсқа
Қаріп
Суреттер
Баптаулар
Баптауларды қалпына келтіру
Қаріпті таңадаңыз
Әріптер арасындағы аралық (Кернинг)
Жолдар арасындағы аралық
Студенттерге арналған бөліп төлеу картасы
Сауда жасау, аударымдар мен ақша алуға 0% мөлшерлеме

Alğa Platonus

Alğa Platonus
КЕЗ КЕЛГЕН САУДАҢЫЗҒА
Сатып алғаныңызға төлеңіз, ақша аударыңыз және қолма-қол ақша алыңыз
Кредиттік лимит — 50 000 ₸
Кредиттік лимит — 50 000 ₸
Картаңыздағы пайдаланатын сома
Барлығына 0% мөлшерлеме
Барлығына 0% мөлшерлеме
Сауда жасау, аударымдар мен ақша алу
Ақша алу мен аударымдар комиссиясыз
Ақша алу мен аударымдар комиссиясыз
Ақша әрдайым қолыңызда
Қызмет көрсету айына 2 000 ₸
Қызмет көрсету айына 2 000 ₸
Кредиттік лимитті пайдаланған кезде
ЫҢҒАЙЛЫ КЕЗДЕ ТӨЛЕҢІЗ
Күнделікті қажетіңізге картамен төлеңіз: тамақ, жолақы, оқу, жазылымдар мен байланыс
Оқулықтар мен кеңсе тауарлары
Оқулықтар мен кеңсе тауарлары
Семестр басталғанша керек-жарақты алып қойыңыз
Онлайн курстар мен жазылымдар
Онлайн курстар мен жазылымдар
Пайдалы дағдыларды меңгеріңіз
Ұялы байланыс пен интернет
Ұялы байланыс пен интернет
Хабарда болу үшін тариф ақысын төлеңіз
Тамақ жеткізу мен азық-түлік
Тамақ жеткізу мен азық-түлік
Қалаған кезде үйге тапсырыс беріп алыңыз
Жолақы мен такси
Жолақы мен такси
Уақыт жоғалтпай, сабаққа үлгеріңіз
Түскі ас пен кофе
Түскі ас пен кофе
Стипендияны күтпей, сабақ арасында жүрек жалғап алыңыз
ALĞA PLATONUS КАРТАСЫН АШЫҢЫЗ
Кемінде 6 ай қатарынан стипендия алып жүрген студенттерге ғана арналады
1
Platonus App қосымшасында өтінім толтырыңыз
ЖСН мен телефон нөмірі қажет болады
2
Мақұлдауды күтіңіз
Әдетте бұл 2 минутқа дейін уақыт алады
3
Құжаттарға қол қойыңыз
Осыдан кейін карта Bereke Bank қосымшасында бірден пайда болады
ALĞA PLATONUS ТУРАЛЫ ТОЛЫҒЫРАҚ
Картаны алу шарттарыКартаны мына талаптарға сай келетін барлық банк клиенті аша алады:
• 18 жасқа толған
• ЖОО-да оқиды (бакалавриат, магистратура немесе докторантура)
• ҚР азаматы немесе ҚР-да тұруға ықтиярхаты бар

Картаны ашу үшін мыналар қажет:
• жеке куәлік
• 6 ай бойы стипендия алу
Кредиттік лимит
50 000 ₸
Сыйақы мөлшерлемесіМөлшерлеме — 0%, СЖТМ — 0%. Ал мерзімі өткен берешек туындаған жағдайда мөлшерлеме — 38%, СЖТМ — 46% (берешек туындаған күннен бастап ол өтелгенге дейін)
Картаға қызмет көрсету комиссиясы
• Бір ай ішінде кредиттік лимит есебінен транзакция жасалса — айына 2 000 ₸
• Бір ай ішінде кредит қаражаты есебінен транзакция жасалмаса — айына 0 ₸
Ең төменгі төлем
Ай сайын кредиттік лимиттің пайдаланылған сомасының кемінде 16,67%-ын қайтару қажет, бірақ 1 000 ₸ аз емес
Автоматты өтеу
Стипендия немесе картаға түскен басқа қаражат қарызды өтеуге автоматты түрде жұмсалады. Түскен сома жеткіліксіз болса, қалған қарызды 20-сын қоса алғанда өтеу қажет
Төлем күні
Ай сайын 20-сына дейін, қоса алғанда. 20-сы демалыс немесе мереке күніне түссе, төлем күні келесі жұмыс күніне ауыстырылады
Ақша алу мен аударымдар комиссиясы
0 ₸
Картаның қолданылу мерзімі
5 жылға дейін
Төлемді кешіктіру
Шарт талаптары бұзылса, банк шартқа және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұрақсыздық айыбын есептеуі, кредитті мерзімінен бұрын өтеуді талап етуі немесе берешекті өндіріп алуы мүмкін
Кешбэк
Кешбэк қарастырылмаған

Platonus App мобильді қосымшасында өтінім беріңіз. Өтінім қаралып, құжаттарға қол қойылғаннан кейін карта Bereke Bank қосымшасында пайда болады

Картаны жоғары оқу орындарында бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша оқитын 18 жасқа толған студенттер рәсімдей алады. Сондай-ақ Қазақстан азаматы болу немесе Қазақстанда тұруға ықтиярхаты болу және кемінде 6 ай қатарынан стипендия алу қажет

Иә, картада кредиттік лимит бар. Оны сауда жасауға, төлемдерге, қолма-қол ақша алуға және телефон нөмірі бойынша аударымдарға пайдалануға болады

Карта шығарылғаннан кейін автоматты түрде бұғатталады. Оны бұғаттан шығарып, кредиттік лимитті пайдалану үшін карта шотының нөмірін өз жоғары оқу орныңызға беріңіз: стипендия осы шотқа түседі. Банк стипендияның осы картаға түсетіні туралы растау алғаннан кейін картаны бұғаттан шығарады, сонда кредиттік лимит ашылады

Bereke Bank қосымшасында Alğa Platonus картасын → Реквизиттер бөлімін таңдаңыз

Картамен екі тәсілмен төлеуге болады:

  • Электрондық әмиян арқылы. Картаны Apple Pay, Google Pay немесе Samsung Pay әмиянына қосып, осы төлем тәсілін қолдайтын терминалдар мен интернет-дүкендерде сауда құнын төлеңіз
  • Карта реквизиттері арқылы. Интернет-дүкенде карта нөмірін, оның жарамдылық мерзімін, CVV/CVC кодын және карта ұстаушының атын көрсетіңіз

Қазір QR-код арқылы төлеу уақытша мүмкін емес

Иә, Bereke Bank қосымшасында телефон нөмірі арқылы ақша аударуға болады. Карта нөмірі арқылы аудару мүмкін емес

Иә, Bereke Bank пен басқа банктердің банкоматтары мен кассаларынан ақша алуға болады

Берешек болса, ақша оны өтеуге автоматты түрде жұмсалады. Стипендия уақытында түспесе, төлемді кешіктірмеу үшін ай сайынғы төлемді 20-сынан кешіктірмей өзіңіз енгізіңіз

Ай сайын кредиттік лимиттің пайдаланылған сомасының кемінде 16,67%-ын, бірақ 1 000 ₸-ден кем емес соманы қайтару қажет

Bereke Bank қосымшасында Alğa Platonus картасын → Міндетті төлем бөлімін таңдаңыз

Bereke Bank қосымшасында Alğa Platonus картасын → Кредит туралы ақпарат бөлімін таңдаңыз. Онда негізгі қарыз сомасы, есептелген пайыздар, комиссиялар, өсімпұл және мерзімі өткен берешек көрсетілген

Төлем уақытында енгізілмесе, мерзімі өткен берешек пайда болады. Оны өтегенге дейін оған жылдық 38% мөлшерлемемен сыйақы есептеледі. Сонымен қатар мерзімін өткізіп алған әр күн үшін мерзімі өткен төлем сомасының 0,5%-ы мөлшерінде тұрақсыздық айыбы есептеледі, бірақ шарттың әрбір қолданылу жылы үшін қарыз сомасының 10%-ынан аспайды

Бәс тігуге және құмар ойындарға төлеуге болмайды

Жоқ, карта тек цифрлық түрде шығарылады

Жоқ, сауда үшін кешбэк пен бонустар есептелмейді

ALĞA PLATONUS КАРТАСЫН АШЫҢЫЗ
Картаны ашуға шамамен 5 минут кетеді