Бөліп төлеу картасы
| Кредиттік лимит | Кредиттік лимит мөлшері — 10 000₸-ден 2 000 000 ₸-ге дейін. Лимитті пайдалануға болады: • қолма-қол ақшасыз сауда мен бөліп төлеу төлемдеріне; • қолма-қол ақша алу мен аударым жасауға. Қолма-қол ақша алу мен аударымдар бөліп төлеуге рәсімделмейді |
| Картаны рәсімдеу | Картаны Қазақстан азаматтары мен Қазақстанда тұруға ықтиярхаты бар басқа мемлекеттердің азаматтары рәсімдей алады. 21 жасқа толған болуы керек. Кредиттік лимиттің мерзімі аяқталатын күні клиент 63 жасқа толмаған болуы қажет |
| Қолданылу мерзімі | Карта мен кредиттік лимит 5 жылға дейін жарамды. Мерзімді белгілеу кезінде клиенттің жасы және тұруға ықтиярхатының жарамдық мерзімі ескеріледі |
Бөліп төлеу шарттары | Бүкіл әлемде және интернет-дүкендерде жасалған қолма-қол ақшасыз сауда бағдарлама шарттарына сәйкес келсе, автоматты түрде 6 айға артық төлемсіз бөліп төлеуге рәсімделеді. Бөліп төлеу сомасы — 1 000 ₸-ден 2 000 000 ₸-ге дейін, бірақ қолжетімді кредиттік лимит сомасынан аспайды. 1 000 ₸-ден аз сомаға жасалған сауда құны бөліп төлеуге рәсімделмейді. Сыйақы мөлшерлемесі — 0%, ЖТСМ — 0% |
| Ақша алу және аударымдар | Қолма-қол ақша алу және аударым жасау үшін банк комиссия алмайды. Кредит қаражатынан қолма-қол алынған немесе аударылған сомаға жылдық 38% мөлшерлеме бойынша сыйақы есептеледі, ЖТСМ — 46% |
| Сыйақы мөлшерлемесі | Жылдық 38% (айына 3,17%), ЖТСМ — 46%. Мөлшерлеме қолданылады: |
| Картаға қызмет көрсету комиссиясы | Қызмет көрсетудің бірінші жылы — тегін. Екінші жылдан бастап — айына 1 000 ₸ |
| Ай сайынғы төлем күні | Ай сайынғы төлемді әр айдың 20-сына дейін төлеу қажет. Төлем сомасы банктің мобильді қосымшасында көрсетіледі |
| Бөліп төлеу мерзімін ұзарту | Бөліп төлеу мерзімін 6 айдан 12, 24 немесе 36 айға дейін ұзартуға болады. Комиссия тиісінше 5%, 15% немесе 25% болады. Комиссия бөліп төлеу мерзіміне теңдей бөлініп, ай сайынғы төлемге қосылады. Тек ағымдағы айда жасалған қолма-қол ақшасыз операциялардың мерзімін ұзартуға болады |
| Бөліп төлеуге рәсімделмейтін операциялар | Бөліп төлеуге рәсімделмейді: |
| Кешбэк | Карта бойынша кешбэк қарастырылмаған |
| Төлемді кешіктіру | Ай сайынғы төлем дер кезінде төленбесе, төленбеген сома мерзімі өткен берешекке айналады. Кешіктірген кезеңде: |
Картаны Bereke қосымшасында, банк сайтында немесе банк бөлімшесінде рәсімдеуге болады
Иә. Картаны Apple Pay, Google Pay және Samsung Wallet-ке қосуға болады
Bereke қосымшасында Alğa картасын таңдаңыз → Қауіпсіздік → Пин-код орнату → әрекетті растаңыз
Alğa картасымен жасалған барлық сауда автоматты түрде 6 айға бөліп төлеуге рәсімделеді, бірақ мыналар кірмейді:
– электронды әмияндарды толықтыру;
– казинода төлем жасау;
– лотерея билеттерін сатып алу;
– букмекерлер мен трейдинг платформаларына, оның ішінде криптовалюта сатып алуға аударым жасау;
– жол чектері құнын төлеу
Иә. Қолданбада:
– телефон нөмірі;
– карта нөмірі;
– шот нөмірі
арқылы аударым қолжетімді
Иә. Қолма-қол ақшаны Bereke Bank пен басқа банктердің банкоматтарынан алуға болады. Оған қоса басқа банктердің кассаларынан да алуға болады
Комиссия жоқ. Қолма-қол ақша алу мен аударымның мөлшерлемесі айына 3,17% (жылына 38%)
Иә. Mastercard пен Visa карталарын қабылдайтын кез келген елдің интернет-дүкенінен Alğa картасымен зат сатып алуға болады
Қосымшада Alğa картасын таңдаңыз → Міндетті төлем
Қосымшада Alğa картасын таңдаңыз → Кредит деректері
Бұл жерден негізгі қарыз сомасын, қосылған пайыздарды, айыппұл мен мерзімі өткен қарызды көруге болады
1. Бөліп төлеуге алған заттар
– 1 000 ₸ басталатын сауда құны 6 айға артық төлемсіз бөлінеді
– 1 000 ₸ дейінгі сауданың ай сайынғы төлемі қарыз сомасының 5%-ын құрайды.
Ең төменгі төлем — 1 000 ₸
2. Басқа операциялар Ақша алу, аудару мен бөліп төлеуге енбейтін операциялар үшін:
– пайдаланған соманың 5%-ын, бірақ 1 000 ₸ кем емес енгізу керек;
– қосымша сыйақы есептеледі
Төлемді уақытылы енгізбегенде мерзімі өткен қарыз пайда болады. Қарыз толық өтелгенге дейін қарыз сомасына сыйақы есептеледі
Оған қоса айыпақы есептеледі — мерзімінен кешіккен әр күнге мерзімі өткен төлемнің 0,5%, бірақ келісім жарамды әр жылға қарыз сомасынан 10%-дан көп емес
Картаны толықтыру жолдары:
– телефон нөмірі арқылы аударыммен;
– карта нөмірі арқылы аударыммен;
– карта шотының реквизиті арқылы аударыммен;
– Bereke Bank банкоматтары арқылы;
– банк кассасы арқылы ақшалай
Картаға ай сайынғы төлемнен артық сома енгізгенде айырмасы бөліп төлеуді қоса алғандағы қарызды жартылай немесе толық өтеуге автоматты түрде жіберіледі
Bereke қосымшасында Alğa картасын таңдаңыз → Кредит деректері → Төлеу
Bereke қосымшасында Alğa картасын таңдаңыз → Реквизиттер
Анықтаманы алу жолдары:
— Bereke қосымшасында
Қызметтер → Кредит құжаттары → Берешек туралы анықтама
— Банк бөлімшесінде
Bereke Bank-тің кез келген бөлімшесіне жүгініңіз
Көшірмені алу жолдары:
— Bereke қосымшасында
Alğa картасын таңдаңыз → Көшірме
— Банк бөлімшесінде
Bereke Bank-тің кез келген бөлімшесіне жүгініңіз
— Bereke қосымшасында
Alğa картасын таңдаңыз → Қауіпсіздік → Бұғаттау → әрекетті растаңыз
— Телефон арқылы
Контакт-орталыққа 5030-ға қоңырау шалыңыз
Бұл функция уақытша істемейді
- Картаны Банктің мобильді қосымшасы арқылы өз бетіңізше жабуға болады.
- Bereke Bank-тің кез келген бөлімшесіне жүгініңіз.
Картаны жабу халықаралық төлем жүйелерінің талаптарына сәйкес өтініш берілген күннен бастап 45 күнге дейін уақыт алады.
Иә, бөліп төлеу мерзімін тек ағымдағы айда жасалған қолма-қол ақшасыз Retail операциялары (сатып алулар) бойынша ұзартуға болады.
Бөліп төлеудің ең төменгі сомасы: 10 000 теңге
Қолжетімді бөліп төлеу мерзімдері және комиссиялар:
- 6 айдан 12 айға дейін – комиссия 5%,
- 6 айдан 24 айға дейін – комиссия 15%,
- 6 айдан 36 айға дейін – комиссия 25%.
Комиссия сатып алу сомасынан есептеледі және бөліп төлеудің бүкіл мерзіміне тең бөліктерге бөлінеді (бөліп төлеу бойынша ай сайынғы төлемдерге қосылады).
Функция уақытша істемейді.