Қазақстандық депозиттерге кепілдік беру Қоры
Құрметті клиенттер!
Қазақстандық депозиттерге кепілдік беру Қоры клиенттердің салымдардағы, ағымдағы шоттардағы және карталардағы қаражаттарын қорғайды. Кепілдік берілетін сомалар: теңгедегі жинақ салымдары бойынша 20 млн теңгені, теңгедегі өзге депозиттер бойынша 10 млн теңгені және шетел валютасындағы депозиттер бойынша 5 млн теңгені құрайды. Толық ақпаратты мына жерден таба аласыз: кепілдіктер.
Біздің Банк депозиттерге кепілдік беру қорының қатысушы банкі болып табылады және бұл сіздің біздің банктегі жинақтарыңыздың қауіпсіздігін растайды.
Сіздердің қаржылық сауаттылығыңызды арттыру мақсатында және банк жүйесіне деген сеніміңізді нығайту үшін Қор қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде екі ақпараттық бейнеролик дайындады. Бұл материалдарда депозиттерге кепілдік беру жүйесінің қалай жұмыс істейтінін және ақшаны қайтару процесін түсіндіріледі.
Сіздерді осы материалдармен танысуға және өз құқықтарыңыз бен мүмкіндіктеріңіз туралы көбірек білуге шақырамыз!