Қаріп
Суреттер
Баптаулар
Баптауларды қалпына келтіру
Қаріпті таңадаңыз
Әріптер арасындағы аралық (Кернинг)
Жолдар арасындағы аралық
Көру қабілеті нашарларға арналған нұсқа
Қаріп
Суреттер
Баптаулар
Баптауларды қалпына келтіру
Қаріпті таңадаңыз
Әріптер арасындағы аралық (Кернинг)
Жолдар арасындағы аралық
Артқа

Bereke Bank кәсіпкерлерді Big Demo Day шарасына шақырады

Bereke Bank кәсіпкерлерді Big Demo Day шарасына шақырады

2025 жылғы 25 қыркүйекте Bereke Bank кәсіпкерлерге арналған ерекше оқиға — Big Demo Day шарасын өткізеді. Бұл — сіз бен біз, кәсіпкерлер мен банк арасындағы жаңа деңгейдегі серіктестіктің бастауы.

Bereke Bank кәсіпкерлер үшін тек қаржы институты ғана емес, сенімді серіктес болуға ұмтылады. Біз сіздің бизнесіңізді бағалаймыз, әр қадамыңызға демеу болып, маңызды екеніңізді сезіндіруге тырысамыз.

Big Demo Day — бұл тек таныстырылым емес. Бұл — ашық алаң, шынайы диалог орны. Банк қызметкерлері өз жобаларын — жаңа қызметтерден бастап, клиент өмірін жеңілдететін және банкпен жұмысты ыңғайлы ететін жаңартуларға дейін — сіздің алдыңызда ұсынады.

Ең бастысы — басты шешімді сіз қабылдайсыз. Сіздің пікіріңіз — біздің дамудың бағдары. Ол үздік шешімдерді анықтап, командаларды шабыттандырады. Біздің ортақ мақсатымыз — кәсіпкерлерге шын мәнінде пайда әкелетін сервистер жасау.

 ________________________________________

Неліктен қатысу маңызды: 

• Банктегі жаңа сервистермен алғашқылардың бірі болып танысасыз

• Қандай өнімдер іске қосылатынын өзіңіз анықтай аласыз

• Тәжірибеңізбен бөлісіп, нақты бизнес мәселелерін жеткізе аласыз

• Bereke кәсіпкерлер қауымдастығының бір бөлігіне айналасыз

 ________________________________________

⏳ Қатысу үшін 2025 жылғы 22 қыркүйекке дейін өтінім беріңіз

📩 Тіркеу сілтемесі: Bereke Bank-пен бірге Берекелі іс!

 Bereke-ні бірге жасайық!