«Bereke, туған күніңмен!» ұтыс ойынның нәтижелері
2024 жылғы 18 желтоқсанда Bereke брендінің туған күніне арналған үлкен ұтыс ойынның бірінші кезеңі өтті! Біз өзінің бонустық шоттарына 15 000-нан бонус алатын алғашқы 24 жеңімпаздың есімдерін, сондай-ақ бас жүлдені - 1 000 000 теңгені қанжығасына байлаған адамның есімін қуана жариялаймыз! Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Бірінші кезең жеңімпаздарының толық тізімі төменде жарияланған.
Bereke-нің туған күніне арналған науқан 15 қарашада басталып, 2025 жылдың 31 қаңтарына дейін жалғасатынын ұмытпаңыз. Ұтыс ойынның жүлделері де қомақты: жалпы көлемі 720 000 бонус және бас жүлде кеше ғана ұтысқа түскен - 1 000 000 теңге! Біз де өз тарапымыздан бас жүлдені ұтып алған клиентімізді шын жүректен құттықтаймыз!
Ұтыс төрт кезеңмен өтеді. Бас жүлде 1 000 000 теңгені құрайды және ол тек бір рет ойнатылғанын және келесі кезеңдерде тек бонустар ойналатынын ескерген жөн.
Сіз, әлі де 15 000 бонустың иегері бола аласыз! Өйткені, шарт бойынша ұтыс ойынға 15 желтоқсаннан 31 желтоқсанға дейін 5 000 теңгеден басталатын сомаға төлем жасаған және B-Bonus + бағдарламасын қосқан банктің барлық клиенттері қатыса алады.
Жеңімпаз атану мүмкіндігін жіберіп алмаңыз! Ұтыс ойынның екінші кезеңі 2025 жылғы 8 қаңтарда өтеді.