Сақ болыңыздар: интернет-алаяқтар айласын күшейтті
Құрметті қазақстандықтар!
Ғаламторда, әсіресе, әлеуметтік желіде, белгілі компаниялар мен олардың өкілдерінің атынан жасалған дипфейк болып табылатын бейнероликтер жиі таралып жүр. Мұндай бейнероликтерде алаяқтар «оңай табыс» табуға шақырып, түрлі «платформалар» мен «алгоритмдер» арқылы адамдарды алдауға тырысады. Bereke Bank ескертеді: сақ болыңыздар, тексерілмеген дереккөздерге сенбеңіздер. Алаяқтар жасанды интеллекттің мүмкіндіктерін пайдаланып, танымал адамдар мен компания басшыларының бейнесі мен дауысын қолдан жасап, пайдаланушыларды алдап, олардың ақшасын иемденуге тырысады. Олар кепілдендірілген табысты уәде етіп, «шектеулі уақыт» немесе «бірегей мүмкіндік» секілді тәсілдер арқылы адамдарға психологиялық қысым көрсетеді.
Алаяқтық сипатындағы бейнероликтер мен хабарламалардың белгілері:
1. Оңай табыс табу, «кепілдендірілген табыс» немесе «жасырын әдіс» туралы уәделер.
2. Шұғыл әрекет етуге шақыру: «жылдам тіркел», «бос орындар аз», «тек бүгін ғана».
3. Компанияның ресми доменімен сәйкес келмейтін белгісіз сайттарға апаратын күдікті сілтемелер.
4. Бейнероликте немесе сипаттамада кездесетін қателер: орфографиялық, тыныс белгілері, дұрыс қойылмаған логотиптер.
5. Жасанды сөйлеу немесе мимика — ерін қозғалысы мен дауыстың сәйкес келмеуі, оғаш қойылған екпін.
6. Өздерінің ресми парақшаларында мұндай мәлімдемелер жарияламаған белгілі тұлғалардың атынан жасалған үндеулер.
Қорғану жолдары:
• Күмәнді сілтемелерді ашпаңыз.
• Бейтаныс адамдарға жеке және қаржы деректеріңізді бермеңіз.
• Тексерілмеген дереккөздерден келген өтініштер бойынша ақша аудармаңыз.
• Ақпаратты Bereke Bank-тің байланыс орталығы, ресми сайты немесе расталған парақшалары арқылы үнемі тексеріңіз.
Bereke Bank және оның ресми өкілдері ешқандай «платформаларды» немесе «табыс табу алгоритмдерін» жарнамаламайды және әзірлемейді.
Банктің қызметі, өнімдері және сервистері туралы барлық сенімді мәліметтер тек ресми ақпарат көздерінде жарияланады: www.berekebank
📞 Bereke Bank-тің байланыс орталығы:
• Жеке тұлғалар үшін — 5030 (ұялы телефоннан)
• Заңды тұлғалар үшін — 7744 (ұялы телефоннан)
Құрметпен, Bereke Bank