Артқа
SWIFT және Ресей Федерациясына реквизиттер бойынша аударымдар: 2025 жылғы 24 қарашадан бастап жаңа міндетті өрістер
Құрметті клиенттер!
2025 жылдың 24 қарашасынан бастап SWIFT бойынша және Ресей Федерациясына халықаралық аударымдарда мобильді қосымшада және банк бөлімшесінде аударымдарды жүзеге асыру кезінде деректемелер бойынша «Жіберушінің/алушының тіркеу мекенжайы» жаңа міндетті өрістері пайда болады.
Бұл ISO халықаралық стандартының талабы.
Аударымдарды жүзеге асыру үшін мыналарды толық көрсету қажет:
• мемлекет
• қала
• индекс
• аудан
• көше
• үй нөмірі
Операцияны кідіріссіз өңдеу үшін төлемнің мекенжайы мен мақсаты латын тілінде жазылуы керек.
Жаңа өріс Bereke Bank бөлімшелерінде және Bereke мобильді қосымшасында 2025 жылғы 24 қарашада аударымдарды рәсімдеу кезінде пайда болады.
Сізді қызықтыруы мүмкін
21.07.2026
«Оңтүстік Африкаға бизнес-сапар» акциясының ережелеріне өзгерістер енгізілді
17.07.2026
Bereke Bank Қазақстан бойынша QR-код арқылы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің ақысын төлеу сервисін іске қосты
10.07.2026
Ресей рубліндегі қолма-қол ақшаны қайта санау қызметіне қатысты акцияның қолданысы тоқтатылатынын туралы