Қаріп
Суреттер
Баптаулар
Баптауларды қалпына келтіру
Қаріпті таңадаңыз
Әріптер арасындағы аралық (Кернинг)
Жолдар арасындағы аралық
Көру қабілеті нашарларға арналған нұсқа
Қаріп
Суреттер
Баптаулар
Баптауларды қалпына келтіру
Қаріпті таңадаңыз
Әріптер арасындағы аралық (Кернинг)
Жолдар арасындағы аралық
Артқа

Mastercard Қазақстандағы премиум карталар үшін бизнес-залдарға кіру шарттарын жаңартады

2026 жылғы 3 тамыздан бастап Mastercard Қазақстандағы Mastercard World Elite премиум карталарының иелері үшін әуежайлардың бизнес-залдарына кіру шарттарына өзгерістер енгізеді.

Жаңартылған бағдарламаға сәйкес, карта иесінің бизнес-залдарға кіруі үшін қажетті ең төменгі айналым көлемі қазіргі 150 000 теңгенің орнына 300 000 теңгені құрайды.

Өзгерістер тек Mastercard World Elite карталарының иелеріне қатысты. Қонақтарға арналған кіру шарттары өзгеріссіз қалады және бұрынғыдай орташа күндік қалдыққа байланысты болады.

Сонымен қатар:

• welcome-period өзгеріссіз сақталады;

• бағдарламаның қалған барлық шарттары күшінде қалады;

• айналымды тексеру Mastercard тарапынан автоматты түрде жүзеге асырылады.

Айналымды есептеу кезінде келесі операциялар ескерілмейді:

• қолма-қол ақша алу операциялары;

• картадан картаға аударымдар;

• компьютерлік және мобильді ойындарға байланысты төлемдер;

• есептік кезеңнің соңғы 5 күнінде жасалған төлемдер;

• ұшу күні жасалған төлемдер, сондай-ақ ұшу алдындағы демалыс күндеріндегі операциялар.

Естеріңізге саламыз, айналым соңғы 30 + 7 күнтізбелік күн негізінде есептеледі.
Мәселен, 2026 жылғы 3 тамызда бизнес-залға кіру үшін клиент 2026 жылғы 27 маусым мен 26 шілде аралығында қажетті айналымды орындауы тиіс.