Қаріп
Суреттер
Баптаулар
Баптауларды қалпына келтіру
Қаріпті таңадаңыз
Әріптер арасындағы аралық (Кернинг)
Жолдар арасындағы аралық
Көру қабілеті нашарларға арналған нұсқа
Қаріп
Суреттер
Баптаулар
Баптауларды қалпына келтіру
Қаріпті таңадаңыз
Әріптер арасындағы аралық (Кернинг)
Жолдар арасындағы аралық
Артқа

Корпоративтік клиенттердің жиі қойылатын сұрақтарына жауаптар

Мен кредит бойынша ай сайынғы төлемді қалай өтей аламын? 

 

Кредитті келесі әдістермен өтеуге болады:

  1. Bereke Bank банкоматтары арқылы БСН (Бірыңғай сәйкестендіру нөмірі) көмегімен шотты толтыру арқылы. БСН-ді қызмет көрсетуші менеджерден немесе техникалық қолдаудан тел.7744 нөмірі арқылы алуға болады.
  2. Жеке қаражатты басқа ҚР басқа банктеріндегі шоттан деректемелер бойынша Bereke Bank-тегі өзінің шотына аудару арқылы
  3. Жеке тұлғаның Bereke Bank-тегі картасынан жеке тұлғаларға арналған B-Bank мобильді қосымшасында ЖШС/ЖК Bereke Bank-тегі шотына аудару арқылы:

Аударымдар - B-Bank Клиентіне - Шот - ЖК/ЖШС-нің 20 таңбалы шоты                

  1. Bereke Bank жақын жердегі әрекет ететін бөлімшесінде касса арқылы (ЖК/ЗТ арналған бөлімшелер).

 

Ағымдағы/есептік шотты қалай толтыруға болады?  

Инкассоланған түсімді ағымдағы/есептік шотқа қалай аударуға болады?

 

Ағымдағы/есептік шотты келесі әдістермен толтыруға болады:

  1. Bereke Bank банкоматтарында БСН (Бірыңғай сәйкестендіру нөмірі) бойынша. БСН-ді қызмет көрсетуші менеджерден немесе техникалық қолдаудан тел.7744 нөмірі арқылы алуға болады
  2. Жеке қаражатын басқа ҚР басқа банктеріндегі шоттан деректемелер бойынша Bereke Bank-тегі өзінің шотына аудару арқылы.
  3. Жеке тұлғаның картасынан ЖШС/ЖК Bereke Bank-тегі шотына аудару арқылы жеке тұлғаларға арналған B-Bank мобильді қосымшасында онлайн: «Аударымдар» - «B-Bank Клиентіне» - «Шот» - «ЖК/ЖШС-нің 20 таңбалы шоты».
  4. Жақын жердегі бөлімшеде ЖК/ЗТ үшін касса арқылы

 

Өзінің ЖШС/ЖК шотынан қолма-қол ақшаны қалай алуға болады?  

 

Ақша қаражатын шоттан келесі әдістермен алуға болады:

  1. Егер алынатын сома тәулігіне 2 млн теңгеге дейін болса, Bereke Bank-тің жақын жердегі банкоматында

1-ҚАДАМ.  B-Business-те қолма-қол ақша беру туралы өтінішті рәсімдеу

2-ҚАДАМ.  Код екі бөлікпен келеді:

  1. «B-Business»-те
  2. Телефонға SMS-хабарлама түрінде

3-ҚАДАМ.  «Bereke Bank» кез келген банкоматында кодтың екі бөлігін енгізу және қолма-қол ақшаны алу

  1. Егер алынатын сома тәулігіне 2 млн теңгеден жоғары болса, Bereke Bank жақын жердегі бөлімшесіндегі кассаға жүгіну (ЖК/ЗТ арналған бөлімшелер)
  2. Қолма-қол ақшаны кейіннен алумен Bereke Bank төлем картасына қаражатты аударуды жүзеге асыру

 

Шоттың болуы туралы/айналымдар туралы/қалдықтар туралы анықтаманы қалай алуға болады?

 

Шоттың болуы туралы/айналымдар туралы/қалдықтар туралы анықтамаларды алу:

B-Business мобильді және WEB-нұсқасында онлайн ТЕГІН қолжетімді:   «Анықтамалар» - « Ағымдағы шоттар санаты» (клиентке арналған B-Business нұсқаулығы).   

 

Теңгемен қаражатты басқа банкке қалай аударуға болады?  

Төлем шотын қалай төлеуге болады? 

 

Теңгемен шығыс аударымдарын: 

  1. Мобильді қосымшада және B-Business WEB-нұсқасында онлайн жасауға болады: «Төлемдер мен аударымдар» - «Теңгемен аударымдар» - «Төлем тапсырмасы» немесе «Тізіммен бірге төлем тапсырмасы» (клиентке арналған B-Business нұсқаулығы).
  2. Bereke Bank жақын жердегі бөлімшесіндегі менеджерге жүгіну (ЖК/ЗТ арналған бөлімшелер)

 

Өзінің ЖК/ТОО салымын қалай толтыруға болады? 

 

Салымды келесі әдістермен толтыруға болады: 

  1. Мобильді қосымшада және B-Business WEB-нұсқасында онлайн: «Төлемдер мен аударымдар» - «Шоттар арасындағы аударымдар» (клиентке арналған B-Business нұсқаулығы).   
  2. Bereke Bank жақын жердегі бөлімшесіндегі менеджерге жүгіну (ЖК/ЗТ арналған бөлімшелер)

 

Қаражатты депозиттен қалай алуға болады?

 

Қаражатты депозиттен келесі әдістермен алуға болады:

  1. Онлайн мобильді қосымшада және B-Business WEB-нұсқасында: «Төлемдер мен аударымдар» - «Шоттар арасындағы аударымдар» (клиентке арналған B-Business нұсқаулығы).
  2. Bereke Bank жақын жердегі бөлімшесіндегі менеджерге жүгіну (ЖК/ЗТ арналған бөлімшелер)

 

Инвойсқа сәйкес валютадағы аударымды қалай жасауға болады?  

Өзінің шетелдік контрагентіне қалай төлеуге болады?

 

Валютадағы шығыс аударымдарының әрекет ету тәртібі (сыртқы).

Аударымды келесі әдістермен жасауға болады:

  1. B-Business WEB-нұсқасында онлайн: «Төлемдер мен аударымдар» - «Валютадағы аударымдар» – «Құру» (клиентке арналған B-Business нұсқаулығы). 
  2. Bereke Bank жақын жердегі бөлімшесіндегі менеджерге жүгіну (ЖК/ЗТ арналған бөлімшелер).

 

Қаражатты қалай айырбастауға/қайта айырбастауға болады?

 

Ақша қаражатын айырбастау:

  1. B-Business WEB-нұсқасында онлайн қолжетімді: «Айырбастау»
  2. B-Business мобильді нұсқасында онлайн қолжетімді: «Аударымдар» - «Айырбастау»
  3. Bereke Bank жақын жердегі әрекет ететін бөлімшесінде менеджер арқылы (ЖК/ЗТ арналған бөлімшелер)

   

ЖК/ЖШС-ға шотты қалай ашуға болады? 

  1. Құрылтайшысы және жетекшісі бір тұлға болып табылатын ЖК және ЖШС үшін шот ашу B-Business мобильді нұсқасында онлайн қолжетімді: - «ЖК/ЖШС шотын ашу»
  2.  Басқа клиенттер үшін шот ашу компанияның құрылтай құжаттарының пакетін ұсына отырып, Bereke Bank жақын жердегі әрекет ететін бөлімшесінде менеджер арқылы (ЖК/ЗТ арналған бөлімшелер) қолжетімді