Қаріп
Суреттер
Баптаулар
Баптауларды қалпына келтіру
Қаріпті таңадаңыз
Әріптер арасындағы аралық (Кернинг)
Жолдар арасындағы аралық
Көру қабілеті нашарларға арналған нұсқа
Қаріп
Суреттер
Баптаулар
Баптауларды қалпына келтіру
Қаріпті таңадаңыз
Әріптер арасындағы аралық (Кернинг)
Жолдар арасындағы аралық
Артқа

FAQ Mir Pay

Mir Pay қосымшасы туралы

1. Сервис туралы қысқаша?

Mir Pay — бұл жанасусыз төлемдердің ыңғайлы және қауіпсіз сервисі. Қосымшаны орнатып, Мир картасын тіркеудің қарапайым рәсімінен өту жеткілікті. Енді дүкендерде төлем жасау үшін смартфонды терминалға жақындатсаңыз болды. Сатып алу ақысы сіздің «Мир» ТЖ банк картаңыздан алынады.  

 

2. Mir Pay сервисінің артықшылықтары?

Mir Pay банк карталарын алаяқтықтан сенімді қорғауды қамтамасыз етеді. Карталардың деректемелері смартфонда сақталмайды және төлемдер жасалған кезде ешқашан жарияланбайды. Бұл ретте банк картасын енді үйде қалдыруға болады. Осылайша ол жоғалмайды және ұрланбайды.

 

3. Қандай құрылғыларда Mir Pay орнатуға болады?

Mir Pay Android ОЖ базасындағы смартфондарда жұмыс істейді. NFC технологиясын қолдау және Android OS 7.0 және одан жоғары нұсқаларының алдын-ала орнатылған нұсқасы міндетті талаптар болып табылады.


Карталарды басқару

4. Mir Pay қосымшасына картаны тіркеу/қосу қалай жүргізіледі?

— Сіздің Мир картаңызды шығарған банктің Mir Pay қатысушысы екеніне көз жеткізіңіз.

— Google Play Market ресми дүкенінен Mir Pay қосымшасын жүктеп алыңыз.

— Қосымшаны іске қосып, Лицензиялық келісіммен және Құпиялылық саясатымен танысып шығыңыз.

— Google тіркеу жазбасын пайдаланып кіріңіз.

— «Картаны қосу» функциясын таңдаңыз.

— Картаны сканерлеңіз немесе деректерді қолмен енгізіңіз.

— Өз банкіңіздің талаптарымен танысып шығыңыз.

— Картаны іске қосыңыз.

— Картаның суреті басты экранда пайда болады. Суреттің астындағы «Төлем жасау үшін телефонды терминалға жақындатыңыз» деген жазу Mir Pay қосымшасы толығымен пайдалануға дайын екенін білдіреді.

 

5. Mir Pay қосымшасында төлем жасау үшін картаны «әдепкі қалпы бойынша» қалай орнатуға болады? 

Mir Pay-де тіркелген алғашқы карта «Әдепкі қалпы бойынша» төлем картасына айналады. Mir Pay арқылы сатып алу ақысын төлеген кезде ақша осы картадан алынатын болады. 

 

6. Mir Pay қосымшасында «Әдепкі картаны» қалай өзгертуге болады?

Егер Mir Pay-де бірнеше карта тіркелген болса, сіз кез келген картаны «әдепкі қалпы бойынша» орната аласыз. Ол үшін «Карталар» бөліміне өтіп, қажетті картаның жанындағы «әдепкі қалпы бойынша» белгішесін іске қосыңыз. Сондай-ақ «Карта туралы толық ақпарат» бөлімінде әдепкі карта ретінде белгілеуге болады.

 

7. Mir Pay қосымшасынан картаны қалай өшіруге болады?

Ол үшін Mir Pay қосымшасына кіріңіз, «Карта туралы толық ақпарат» бөлімін ашып, картаны өшіріңіз.


Mir Pay арқылы сатып алу

8. Mir Pay қосымшасы арқылы сатып алу ақысын қалай төлеуге болады?

Mir Pay арқылы төлем жасау үшін смартфонды бұғаттан шығарып, оны артқы панелімен терминалға жақындату жеткілікті. Төлем бірден жасалады. Кейбір жағдайларда смартфонға кіру құпиясөзін (немесе PIN-кодын) немесе саусақ ізін енгізу қажет болуы мүмкін, бұл жағдайда смартфон экранындағы нұсқауларды орындаңыз.

 

9. Егер «Әдепкі карта» белгіленбесе, картамен қалай төлем жасауға болады?

Карталар бөлімін ашыңыз. Төлегіңіз келетін картаның мәліметтеріне өтіңіз. Осы күйде смартфонды POS-терминалға жақындатыңыз, экранда көрсетілген картадан төлем жасалады.  Бұл жағдайда карта әдепкі карта ретінде белгіленбейді.

 

 10. Mir Pay-де тіркелген картаның жарамдылық мерзімі аяқталды. Мен онымен әрі қарай төлем жасай аламын ба? 

Жоқ, картаны қайта шығару керек, содан кейін қайта шығарылған картаны Mir Pay-де тіркеу керек.

 

11. Мен картаны Mir Pay-де тіркедім. Интернетте немесе дүкенде нақты картамен сатып алу ақысын төлей аламын ба?

Иә, төлей аласыз. Картаны Mir Pay-де тіркеу интернетте де, дүкендерде де нақты картаны пайдалануға ешқандай шектеулер қоймайды.

 

12. Мен картаны өшіріп тастадым.  Сосын оны қайтадан тіркедім. Бірақ қосымшада Mir Pay арқылы бұрын жасалған сатып алулар көрсетілмей тұр.

Картаны смартфоннан өшірген кезде картаға қатысты барлық ақпарат жойылады. Картаны өшіргенге дейін жасалған сатып алулар қосымшада енді қолжетімсіз. Алайда картаны қайта тіркегеннен кейін Mir Pay арқылы жасалған сатып алуларды карта туралы толық ақпарат бөлімінде көруге болады.

 

13. Мен дүкенде нақты картамен төледім, бірақ менің сатып алуым Mir Pay қосымшасында көрінбей тұр, неге?

Mir Pay смартфон мен Mir Pay қосымшасы арқылы жасалған соңғы 10 сатып алуды көрсетеді. Карта бойынша төлемдердің толық тарихын B-Bank мобильді қосымшасында немесе жеке кабинетінде көруге болады.

 

14. Mir Pay арқылы төленген сатып алуды қалай қайтаруға болады?

Бұл жағдайда қайтару талаптары мен тәртібі әдеттегі банк картасымен төленген сатып алуды қайтарудан еш айырмашылығы жоқ.

 

15. Mir Pay арқылы төлем жасаған үшін кешбэк есептеледі ме?

Иә, кешбек банктің бейілділік бағдарламасына сәйкес пластикалық банк картасымен төлем жасаған кездегідей есептелетін болады.

 

16. Қандай елдерде Mir Pay-мен төлеуге болады?

Түркия, Ресей, Қазақстан, Өзбекстан сияқты басқа 10-нан астам елде Mir Pay қосымшасы арқылы сатып алу ақысын төлеуге болады. Толығырақ ақпаратмен МИР ТЖ-нің  www.mironline.ru ресми сайтында таныс бола аласыз.


Қауіпсіздік

17. Mir Pay қосымшасының құрылғы деректерін қорғауға қандай талаптары бар?

Mir Pay-ді пайдалану үшін смартфонның БЖ-сы міндетті қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетініне көз жеткізіңіз:

— автоматты бұғаттау экраны PIN-код, құпиясөз, графикалық кілт немесе саусақ ізі арқылы бапталған;

— смартфонда root-қолжетім орнатылмаған, өзгертілген бағдарламалық жасақтама орнатылмаған және операциялық жүйенің жүктеушісі бұғаттан шығарылмаған;

— смартфонның зауыттық баптаулары қолданылады;

— БЖ сенімді көздерден орнатылған;


Интернетке қосылу

18. Интернет болмаса, картаны Mir Pay мобильді қосымшасына тіркей / қоса аламын ба?

Картаны тіркеу үшін интернетке міндетті түрде қосылу қажет.

 

19. Егер Интернет болмаса, Mir Pay қосымшасы арқылы сатып алу ақысын төлей аламын ба?

Иә, Mir Pay желіге қосылмаған кезде де сатып алу ақысын төлеуге мүмкіндік беред