Bereke Bank
Қаріп
Суреттер
Баптаулар
Баптауларды қалпына келтіру
Қаріпті таңадаңыз
Әріптер арасындағы аралық (Кернинг)
Жолдар арасындағы аралық
Көру қабілеті нашарларға арналған нұсқа
Қаріп
Суреттер
Баптаулар
Баптауларды қалпына келтіру
Қаріпті таңадаңыз
Әріптер арасындағы аралық (Кернинг)
Жолдар арасындағы аралық

Қазақстанда автокредитті қайта қаржыландыру

Қолданыстағы автокредитті неғұрлым тиімді шарттармен қайта ресімдеңіз

Қазақстанда автокредитті қайта қаржыландыру
15 млн ₸ дейін

қарыздың ең жоғары сомасы

1 -ден 7 жылға дейін

кредиттеу мерзімі

0%

бастапқы жарна

Қайта қаржыландыруды қалай алуға болады
1

Жеке басын куәландыратын құжаттармен, техникалық паспорт және автокөлікпен банк бөлімшесіне хабарласыңыз

2

Қайта қаржыландыруға өтінім беріңіз

3

Мақұлдауды алыңыз және ақша аударғаннан кейін қолданыстағы кредитті өтеңіз

Кредиттік калькулятор
Кредитті есептеңіз және шешімін алыңыз
Ай сайынғы өтеу әдісі
Кеңес алу үшін өтінімді толтырыңыз
Сіздің деректеріңіз қорғалған
Кредит туралы толық ақпарат
Кредиттің шарттары, мерзімдері, пайыздық мөлшерлемелері мен артықшылықтары, сонымен қатар сізді қызықтыратын сұрақтарға жауап таба аласыз
Кредит туралы

Номиналдық мөлшерлеме / СЖТМ

26,49% - дан 28,49% - ға дейін (ЖТСМ 29,94% - дан 32,51% - ға дейін)

Кредиттеу мерзімі

1 -ден 7 жылға дейін

Құжаттарды ресімдеу үшін, өмірді сақтандыру үшін комиссия, КАСКО

Жоқ

Төлем күнін таңдау

Қарастырылған

Айыппұлсыз мерзімінен бұрын өтеу

Толық және ішінара

Қарызды мерзімінен бұрын ішінара өтеу кезіндегі сома бойынша шектеулер

Шектеу жоқ

Нотариалды келісім

Міндетті. Кепіл шартында жұбайының/зайыбының қолы жеткілікті болған кезде ресми некені қоспағанда

Тұруға ықтиярхатпен кредитті ресімдеу

Қарастырылған

Банк қаражаты есебінен қарыз сомасын портфельдік сақтандыру

Қарастырылған

Қарыз алушы банктік қарыз шарты бойынша міндеттемелерді орындамаған жағдайда, Банк келесілерге құқылы

- мерзімі кешіктірілген 90 күн ішінде әр мерзім кешіктірілген күн үшін кешіктірілген төлемнің 0,5 % мөлшерінде, мерзімі кешіктірілген 90 күн өткеннен кейін әр мерзім кешіктірілген күн үшін кешіктірілген төлемнің 0,03% мөлшерінде, бірақ Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес банктік қарыз шартының әр қолданыс жылы үшін қарыз сомасының 10% көп емес мөлшерде тұрақсыздық айыбын төлеуін талап етуге;.

-банктік қарызды мақсатына сай емес пайдаланғаны үшін мақсатына сай емес пайдаланылған соманың 25% мөлшерінде тұрақсыздық айыбын төлеуін талап етуге;

- Банктік қарыз бойынша ерекше талаптар уақытылы орындалмаған үшін ерекше талаптарды орындауды кешіктірген әрбір күнтізбелік күн үшін тұрақсыздық айыбын төлеу күнінде негізгі борыштың қалдық сомасының 0,01% мөлшерінде тұрақсыздық айыбын төлеуін талап етуге;

- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қарыз алушының банктерде, банктік операциялардың жеке түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған кез келген банктік шоттарын тікелей дебеттеу арқылы банктік шоттарындағы ақшасын өндіріп алуға;

- Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарына сәйкес қарыз бойынша берешекті коллекторлық агенттікке сотқа дейінгі өндіріп алуға және реттеуге беруге;

-Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес банктік қарыз шарты бойынша барлық міндеттемелердің мерзімінен бұрын орындалуын талап етуге;

-Банктің қарыз шартын жасасқан Орталық кеңсесінің және/немесе филиалының тіркелген және/немесе орналасқан жері бойынша сотқа талаппен жүгінуге.

  • УДВ
  • Техникалық паспорт
  • Автокөліктің болуы
  • Кем дегенде 3 ай сайынғы төлемдер
  • Ресми неке болған жағдайда (нотариаттық келісім/ДЗ-дағы қолы)

Бұл кез-келген басқа Екінші деңгейдегі банкке немесе микроқаржы ұйымына автокредит бойынша қарызыңызды неғұрлым тиімді шарттармен ұсынылатын жаңа несие арқылы өтеу мүмкіндігі.

Бір өтінім аясында сіз бір автокредитті қайта қаржыландыруға болады. 

Бір қарыз бойынша кемінде 3 ай сайынғы төлемді өтегеннен кейін екінші автокредитті қайта қаржыландыруға тырысуға болады.

Біз қарыз алушы Мен кепіл беруші бір адам болатын қарыздарды ғана қайта қаржыландыра аламыз.

Оң несие тарихының болуы маңызды. Сондай-ақ, автокредитті қайта қаржыландыру алдыңғы қарыз бойынша 3 ай төлегеннен кейін мүмкін болады.

Ақшалай қаражатты өтеу шотына аудару автоматты түрде және комиссиясыз жүзеге асырылады.

Иә, сіз өз қарызыңызды 1 жылдан 7 жылға дейінгі мерзіммен біздің банкке қайта қаржыландыра аласыз

Біздің банкте автокредитті қайта қаржыландыру кезінде комиссиялар мен сақтандыру жоқ. Жалғыз шығын-тіркеушіге нотариалды сенімхат жазу, ол автокөлікті кепілге алу және қоюмен айналысады.

Бұл банк кепілден айырылған кезде тәуекелдерді азайту үшін негізгі борыш сомасының қалдығын сақтандыратын банк қаражаты есебінен сақтандыру

Иә, мұндай мүмкіндік қайта қаржыландыру қызметін ұсынатын банктерде бар. Шарттар банкке, қолданыстағы кредит параметрлеріне, кредиттік тарихқа және клиенттің төлем қабілеттілігіне байланысты болады.

Клиент өтінімді Bereke Bank сайтында немесе мобильді қосымшада онлайн бере алады. Өтінім қаралғаннан кейін банк SMS арқылы шешім жібереді. Алдын ала мақұлданған жағдайда рәсімдеу, құжаттарға қол қою және қаражат алу мобильді қосымша арқылы жүзеге асады.

Банк өтінімді жеке тәртіппен қарайды. Ол берешек сомасын, кредит мерзімін, кредиттік тарихты, қарыз алушының төлем қабілеттілігін, автокөліктің сипаттамаларын және басқа да параметрлерді ескеруі мүмкін.

Мүмкіндік банктің шарттарына және қолданыстағы автокредит параметрлеріне байланысты. Әдетте банк төлем тарихын, берешек қалдығын, кредит мерзімін және айтарлықтай мерзімі өткен төлемдердің болмауын ескереді.

Иә, банктер мұндай өтінімдерді қарастыра алады. Қорытынды шешім өтінімді тексеру, кредиттік тарих және бағдарлама талаптарына сәйкестік негізінде қабылданады.

Әдетте жеке куәлік, қолданыстағы автокредит туралы мәліметтер және автокөлікке қатысты ақпарат қажет. Өнім шарттарына байланысты банк қосымша құжаттарды сұрауы мүмкін.

Қайта қаржыландырудан кейін автокөлік жаңа банкте кепіл ретінде қалуы мүмкін. Бұл жағдайда оны сату немесе қайта рәсімдеу шектеулері кредит толық өтелгенге дейін сақталады. Кейбір банктер шартқа байланысты кепілді қайта рәсімдеуге немесе шектеуді алып тастауға мүмкіндік береді.

Иә, алдын ала есептеуді автокредитті қайта қаржыландыру калькуляторы арқылы жасауға болады. Есептеу үшін әдетте берешек сомасы, кредит мерзімі және жаңа кредиттің болжамды шарттары қолданылады. Қорытынды шарттарды банк өтінімді қарағаннан кейін анықтайды.

Иә, шешім жеке тәртіппен қабылданады. Бас тарту себептері ретінде төлем қабілеттілігінің жеткіліксіздігі, теріс кредиттік тарих, мерзімі өткен төлемдер, автокөліктің талаптарға сәйкес келмеуі немесе құжаттардың толық болмауы болуы мүмкін.

Ия, болады, алайда бұл  өнімнің шарттарына және банктік қарыз шарттарына байланысты. Клиентке ішінара немесе толық мерзімінен бұрын өтеу қолжетімді болуы мүмкін.

КАСКО полисін қайта рәсімдеу қажеттілігі кредит өнімінің шарттарына және банк талаптарына байланысты болады.

Bereke қосымшасында
  1. Егер Сізде жоқ болса, Bereke Bank картасын ашыңыз
  2. Басқа банктің мобильді қосымшасында Bereke картасына аударымды таңдаңыз
  3. Bereke мобильді қосымшасының басты бетінде өтелуі қажетті кредитті таңдап, «Төлемді төлеу» батырмасын басыңыз, ай сайынғы төлем сомасын есептен шығару шоты мен аудару шотын таңдап, «Аудару» батырмасын басыңыз. Сома кредитті төлеу күні есептен шығарылады
Bereke Bank банкоматында
  1. Негізгі бетте «Картасыз енгізу» бөлімін таңдаңыз
  2. Өзіңіздің ЖСН енгізіңіз, өтелуі қажетті кредитті таңдап, «Ай сайынғы төлемді төлеу» батырмасын басыңыз
  3. Қажетті соманы енгізіп, «Аудару» батырмасын басыңыз. Төлем туралы чекті алуды ұмытпаңыз
Банк бөлімшесі арқылы
  1. Ең жақын бөлімді таңдаңыз
  2. Менеджерге хабарласыңыз және ақшаны кассаға салыңыз
  3. Кредитті төлеу туралы чек алыңыз

Автокредитті қайта қаржыландыру қолданыстағы қарызды неғұрлым тиімді немесе ыңғайлы шарттармен жаңа кредитке ауыстыруға мүмкіндік береді. Бұл ай сайынғы төлемді азайтуға, кредит мерзімін өзгертуге немесе бірнеше міндеттемені бір қарызға біріктіруге көмектеседі. Bereke Bank-те процесс толық цифрлық форматта жүзеге асады: өтінімді онлайн беруге болады, ал шешім SMS арқылы келеді. Одан кейінгі рәсімдеу және кредитті басқару мобильді қосымша арқылы орындалады.


Автокредитті қайта қаржыландыру деген не?


Автокөлікке берілген кредитті қайта қаржыландыру – қолданыстағы автокредитті жабу үшін жаңа кредит рәсімдеу. Осыдан кейін клиент жаңа шарттар бойынша төлем жасауды жалғастырады, бұл шарттар көбіне ыңғайлырақ және икемдірек болуы мүмкін.

Автокредитті қайта қаржыландыруды келесі мақсаттарда қолдануға болады:

  • • ай сайынғы төлемді азайту;

  • • қаржылық жүктемені төмендету;

  • • кредит мерзімін өзгерту;

  • • кредиттерді біріктіру;

  • • қызмет көрсетудің ыңғайлы форматына көшу.

Егер автокөлік қазіргі кредит бойынша кепілде болса, бұдан кейінгі рәсім банк шарттарына және қайта қаржыландыру бағдарламасының параметрлеріне байланысты болады. Кейбір жағдайларда кепіл қайта рәсімделуі немесе жаңа келісім аясында сақталуы мүмкін.

Қайта қаржыландыру стандартты кредиттен ерекшеленеді, себебі қаражат жаңа автокөлік сатып алуға емес, қолданыстағы берешекті өтеуге бағытталады.


Автокредитті қайта қаржыландыру қайта құрылымдау несімен ерекшеленеді?


Қайта қаржыландыру – бұл жаңа кредит рәсімдеу, кейде басқа банкте немесе жаңа шарттармен. Қайта құрылымдау, өз кезегінде, кредит беруші банкте жаңа кредиттік келісім ашпай-ақ, қолданыстағы қарыздың параметрлерін өзгертуді білдіреді.

Банктер автокредитті қайта қаржыландыруды қаржылық міндеттемелерге қызмет көрсету шарттарын өзгерту құралы ретінде пайдаланады, ал қайта құрылымдау әдетте клиенттің қаржылық жүктемесі өзгерген жағдайда қолданыстағы қарыз шарттарын өзгерту үшін қолданылады.


Автокредитті қайта қаржыландыру қашан тиімді болуы мүмкін?


Бұл қолданыстағы келісімшарттың параметрлеріне және жаңа ұсыныстың шарттарына байланысты. Ол келесі жағдайларда пайдалы болуы мүмкін:

  • • ай сайынғы төлем тым жоғары болып кеткенде;

  • • клиент кредит мерзімін ұзартқысы келгенде;

  • • бірнеше төлемнің орнына бір ай сайынғы төлем қажет болғанда;

  • • кредитті қосымша арқылы ыңғайлырақ басқару қажет болғанда;

  • • кредиттің неғұрлым қолайлы параметрлері пайда болғанда;

  • • қолданыстағы кредит шарттарын өзгерту қажет болғанда.

Кейде автокөлікке берілген кредитті қайта қаржыландыруды банк бағдарламасында қарастырылған жағдайда қосымша қаражат алу мүмкіндігін пайдаланғысы келетін клиенттер де қарастырады.

Маңыздысы, қайта қаржыландырудың тиімділігі тек пайыздық мөлшерлемеге байланысты емес. Соңғы шарттарға қарыз қалдығы, кредит мерзімі, сыйақы мөлшерлемесі, ЖТСМ, комиссиялар, сақтандыру және кредит бойынша артық төлем де әсер етеді.


Автокредитті қайта қаржыландыру қашан тиімсіз болуы мүмкін?


Қайта қаржыландыру күтілетін тиімділікті бермеуі мүмкін, егер кредиттің аяқталуына аз уақыт қалған болса, мөлшерлеме айырмашылығы айтарлықтай болмаса, қосымша шығындар болса, мерзімді ұзарту жалпы артық төлемнің өсуіне әкелсе, қолданыстағы келісімшарт бойынша мерзімінен бұрын өтеуге шектеу боған жағдайда тиімсіз. Сондықтан өтінім берер алдында алдын ала есеп жүргізіп, бірнеше сценарийді салыстыру ұсынылады.


Bereke Bank-те автокредитті қайта қаржыландыру шарттары


Қайта кредиттеу шарттары клиенттің өтінімін қарау және деректерін тексеру нәтижесінде жеке тәртіппен анықталады. Банк кредит сомасы мен мерзімін, сыйақы мөлшерлемесін, ЖТСМ, қарыз алушының кредиттік тарихын, төлем қабілеттілігін, сондай-ақ қолданыстағы келісімшарт пен автокөлік параметрлерін ескереді. Қосымша ретінде берешек қалдығы, мерзімі өткен төлемдердің болуы, көлік құралының түрі және банктің ішкі скорингтік шешімі талдануы мүмкін. Егер автокөлік кепілде қалатын болса, кепілді қайта рәсімдеу және алдыңғы кредиттің жабылғанын растайтын құжаттарды ұсыну талап етілуі мүмкін.


Қай автокредиттерді қайта қаржыландыруға болады?


Бағдарлама аясында жаңа және пайдаланылған көліктерге берілген кредиттер, сондай-ақ басқа банкте рәсімделген автокредиттер қарастырылуы мүмкін. Қорытынды шешім өтінімді тексеру, клиенттің кредиттік тарихын талдау және қолданыстағы автокредит параметрлерін бағалау нәтижесінде қабылданады.


Қарыз алушы мен автокөлікке қойылатын талаптар


Өтінімді қарау кезінде банк клиенттің жасын, азаматтығын немесе резиденттігін, төлем қабілеттілігін, кредиттік тарихын және қолданыстағы міндеттемелерін бағалайды. Сонымен қатар автокөліктің сипаттамалары және оның бағдарлама талаптарына сәйкестігі ескеріледі. Егер көлік жаңа кредит бойынша кепіл ретінде қалатын болса, оның заңды мәртебесі және банктің кепіл мүлігіне қойылатын талаптары қосымша тексеріледі.

Кредитті мақұлдаудың негізгі шарттарының бірі – борыштық жүктеме коэффициентінің (БЖК) белгіленген талаптарға сәйкес болуы. Өтінімді қарау кезінде банк Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары мен банктің ішкі қағидаларына сәйкес борыштық жүктеме коэффициентін (БЖК) бағалайды.


Автокредитті қайта қаржыландыру калькуляторы


Калькулятор жаңа кредиттің параметрлерін алдын ала бағалауға көмектеседі. Ол келесі көрсеткіштерді ескере отырып, шамамен есептеуге мүмкіндік береді:

  • • қарыздың қалдығы;

  • • ағымдағы төлем;

  • • қалаулы кредит мерзімі;

  • • кредиттің болжамды сомасы.

Кредит калькуляторы тек алдын ала есептеу құралы ретінде қолданылады. Қорытынды шарттар банк өтінімді қарағаннан кейін ғана анықталады.


Bereke Bank-те автокредитті қайта қаржыландыруды қалай рәсімдеуге болады?


Рәсімдеудің бірнеше нұсқасы бар. Клиент өтінімді сайт арқылы қалдыра алады, процесті бірден мобильді қосымшада бастай алады немесе кеңес алу үшін банк бөлімшесіне жүгіне алады. Бұл ретте рәсімдеудің негізгі кезеңдері, құжаттарға қол қою және кредитті кейіннен басқару Bereke Bank мобильді қосымшасы арқылы жүзеге асырылады.


1-нұсқа. Сайт арқылы өтінім беру


Клиент банк сайтында онлайн өтінім қалдырады. Одан кейін процесс келесідей жүреді:

  1. 1. Банк өтінімді қарайды.

  2. 2. Клиент шешім туралы SMS алады.

  3. 3. Алдын ала мақұлданған жағдайда қосымшаға сілтеме алады.

  4. 4. Қосымшада рәсімдеуді жалғастырады.

  5. 5. Құжаттарға қол қойылады.

  6. 6. Процесс аяқталғаннан кейін қаражат аударылады.

Бұл формат рәсімдеуді онлайн бастап, кредит алудың негізгі кезеңдерін банк мобильді қосымшасы арқылы аяқтауға мүмкіндік береді.


2-нұсқа. Өтінімді бірден қосымшада беру


Клиент рәсімдеуді тікелей Bereke Bank мобильді қосымшасы арқылы жасай алады. Қосымшада келесі әрекеттерді орындауға болады:

  • • Тиісті кредит өнімін таңдау.

  • • Өтінімді толтыру.

  • • Кредит шарттарымен танысу.

  • • Банктің шешімін алу.

  • • Рәсімдеуді қосымшада жалғастыру.

  • • Құжаттарға қол қою және қаражат алу.

Бұл формат банктің сервистерін бұрыннан пайдаланатын клиенттер үшін ыңғайлы.


3-нұсқа. Банк бөлімшесі арқылы рәсімдеу


Бөлімшеге жүгінген жағдайда клиент кредит менеджерінен кеңес алып, рәсімдеуді бастау кезеңінде көмек алады. Одан әрі процесс цифрлық форматта жалғасады: клиент QR-кодты сканерлейді, мобильді қосымшаны орнатады және барлық келесі қадамдарды онлайн түрде сол қосымша арқылы аяқтайды.


Қандай құжаттар қажет болуы мүмкін?


Өтінімді қарау үшін жеке куәлік, автокөліктің техникалық паспорты және негізгі қарыз қалдығы, сыйақысы және өтеуге арналған деректемелері көрсетілген қарыз бойынша анықтама қажет болады.

Кейбір жағдайларда банк қосымша мәліметтерді сұратуы мүмкін, сондай-ақ кепілді қайта рәсімдеу үшін мамандандырылған ХҚКО  арқылы кредиттің жабылғаны туралы анықтама талап етілуі мүмкін. Банк өтінімді қарау үшін қажет құжаттар санын азайтуға тырысады.


Қайта қаржыландыру кезінде автокөлікпен не болады?


Егер автокөлік бұрынғы кредит бойынша кепіл ретінде рәсімделген болса, бұдан кейінгі  тәртіп банктердің талаптарына және жаңа келісімнің параметрлеріне байланысты болады. Қайта қаржыландыру процесі кепілді қайта рәсімдеуді қамтуы мүмкін. Алдымен банк басқа банктегі қарызды жабу үшін кредит береді, содан кейін клиент мемлекеттік органдарда (мамандандырылған ХҚКО арқылы немесе онлайн) көлікке қойылған шектеуді алып тастайды және кепілді Bereke Bank пайдасына қайта тіркейді.


Қайта қаржыландырудан кейін автокөлікті сатуға бола ма?


Егер көлік кепілде қалса, оны сату әдетте банкпен келісуді талап етеді. Шектеулер алынғаннан кейін клиент мүлікті еркін басқара алады. Нақты шарттар келісімшартпен және банк ережелерімен анықталады.


Қайта қаржыландырудан кейін төлем және мерзімінен бұрын өтеу


Жаңа кредит рәсімделгеннен кейін клиент кестеге сәйкес ай сайынғы  төлем жасауды жалғастырады. Қаражатты Bereke Bank мобильді қосымшасы және банктің басқа сервистері арқылы енгізуге болады. Сондай-ақ ішінара және толық мерзімінен бұрын өтеу мүмкіндігі қарастырылған. Қолданыстағы қарызды жабар алдында бұрынғы кредиттің шынымен толық өтелгеніне және қажетті құжаттардың дұрыс рәсімделгеніне көз жеткізу ұсынылады.


Автокредитті қайта қаржыландыру неге мақұлданбауы мүмкін?


Банк шешімі жеке тәртіппен қабылданады. Қайта қаржыландыруға бас тартудың бірнеше себептері  болуы мүмкін, олар басқа банктерде ағымдағы мерзімі өткен төлемдердің болуы, төлем қабілеттілігінің жеткіліксіздігі, автокөліктің талаптарға сәйкес келмеуі, деректердің немесе құжаттардың толық болмауы немесе банктің ішкі скорингтік шешімі.


Автокредитті қайта қаржыландырудың тиімді екенін қалай түсінуге болады?


Өтінім берер алдында қолданыстағы кредиттің параметрлерін және жаңа кредиттің болжамды шарттарын салыстыру ұсынылады. Маңыздысы – ай сайынғы төлем мөлшерін, сыйақы мөлшерлемесін,ЖТСМ, кредиттің қалған мерзімін, ықтимал артық төлемді және кредиттің жалпы құнына әсер етуі мүмкін қосымша шығындарды ескеру.


Өтінім бермес бұрын нені тексеру керек?


Қайта қаржыландыруды рәсімдемес бұрын қолданыстағы автокредит бойынша берешек қалдығын, қолданыстағы мөлшерлемені, толық өтеуге дейінгі мерзімді және мерзімі өткен төлемдердің бар-жоғын алдын ала нақтылау ұсынылады. Сондай-ақ мерзімінен бұрын өтеу шарттарын және автокөлікке немесе кепілге байланысты болуы мүмкін шектеулерді тексеру маңызды.


Bereke Bank-те автокредитті қайта қаржыландыруды рәсімдеу


Қайта қаржыландыру қолданыстағы автокредит шарттарын қайта қарап, оны клиенттің қазіргі қаржылық жүктемесіне бейімдеуге мүмкіндік береді. Бұл төлемдерді басқаруды жеңілдетіп, кредитті қызмет көрсету тұрғысынан ыңғайлырақ етуге арналған құрал. Артықшылықтары:

  1. 1. Онлайн өтінім. Рәсімдеу бөлімшеге бармай-ақ қашықтан басталады.

  2. 2. Цифрлық процесс. Негізгі кезеңдер — өтінім беруден бастап құжаттарға қол қоюға дейін — онлайн өтеді.

  3. 3. SMS арқылы шешім. Банктің алдын ала жауабы өтінім қаралғаннан кейін SMS түрінде келеді.

  4. 4. Қосымша арқылы рәсімдеу. Кейінгі қадамдар мобильді қосымшада орындалады.

  5. 5. Бірыңғай басқару. Кредитті бір цифрлық сервисте қосымша арқылы онлайн басқаруға болады.

Өтінім берер алдында қолданыстағы кредит шарттарын бағалап, ықтимал төлемді есептеп, параметрлерді салыстыру ұсынылады. Қорытынды шарттар банк өтінімді қарағаннан кейін жеке тәртіппен қалыптастырылады.