Қаріп
Суреттер
Баптаулар
Баптауларды қалпына келтіру
Қаріпті таңадаңыз
Әріптер арасындағы аралық (Кернинг)
Жолдар арасындағы аралық
Көру қабілеті нашарларға арналған нұсқа
Қаріп
Суреттер
Баптаулар
Баптауларды қалпына келтіру
Қаріпті таңадаңыз
Әріптер арасындағы аралық (Кернинг)
Жолдар арасындағы аралық

CЭҚ

Сыртқы экономикалық қызмет

CЭҚ
Валюталық шартты online тіркеу

Өзіңізге ыңғайлы жерден жұмыс істеңіз

Тиімді валюта бағамдары

Конвертация көлеміне қарай, 5000 $-дан жоғары сомаға

Swift GPI

Валюта айырбастауды қадағалау

Валюталық бақылаумен хат алмасу

Валюталық шарттар бойынша онлайн кеңес алу

Бағам және валюта түрлендіргіші
Актуальный курс на 09.06.2026
Валюта
Сатып алу
Сату
Сатқым келеді
1 =
Мен аламын
1 =
Алдын ала есептеу. Қоғамдық оферта болып табылмайды
Аударымдар

Бүкіл әлем бойынша онлайн кіріс/шығыс валюта аударымдары

Аударымдар
SWIFT GPI трекері

Валюта аударымдарының жағдайын онлайн қадағалау Кез келген кезеңде аударма жағдайын жедел тексеру

SWIFT GPI трекері
СЭҚ үшін шартты қалай тіркеуге болады
Үш қарапайым қадам:
1

Bereke Business қосымшасын жүктеп, тіркеліңіз

2

Мобильді қосымшада немесе Bereke Business веб-нұсқасында валюталық шотты ашыңыз

3

Валюталық шарттарды тіркеңіз, айырбастау және валюталық аударымдарды онлайн жасаңыз

Сұрақтарыңыз бар ма?
Кері байланыс формасын толтырыңыз немесе 7744 нөміріне қоңырау шалыңыз
Сіздің деректеріңіз қорғалған
Толық ақпарат
СЭҚ туралы көбірек біліңіз

Bereke Business жеке кабинетінде келесі операцияларды жүргізуге болады:

  • Валюталық бақылау: шартты валюталық бақылауға қабылдау, шартқа өзгерістер енгізу, тауарды жеткізуді / қызмет көрсетуді растайтын құжаттарды тіркеу, Клиенттерге арналған салыстыру актісі (банктің мөрі басылған)

  • Валюталық аударымдар: валюталық аударымды жіберу және қабылдау

  • Айырбастау операциялары: валюта айырбастауды стандартты және жеке бағамдармен жүргізу

Шарт сомасы оны жасаған күні 50 000 USD (шарт валютасына сай) жоғары болса, валюталық шарттың есептің нөмірін (ВШЕН) алу қажет болады. Сонымен қатар экспорт немесе импорт бойынша валюталық шартта оны жасаған күні шарт сомасы көрсетілмеген болса, мұндай шарт та есептік тіркелуге тиіс шарт ретінде қарастырылады.

Репатриация мерзімі – контрагенттің валюта шарты бойынша экспорттаушы немесе импорттаушы алдында міндеттемелерін орындау мерзімі.

Репатриация мерзімін экспорттаушы немесе импорттаушы валюта шарты бойынша міндеттемелерді тараптардың орындау шартының негізінде өз бетімен есептейді және бұл келесілер арасындағы уақыт мерзімі болып табылады:

  • Экспорттау күні мен экспорттау ақысы ретінде валютаның түсу күні;

  • Импорт бойынша төлем/ақша аудару күні мен бейрезидент міндеттемелерін орындамаған / толық орындамаған жағдайда импорт бойынша қолданылмаған алдын ала төлемді қайтару күні;

  • Импорт бойынша төлем/ақша аудару күні мен импорттау бойынша валюта шартында қолданылмаған алдын ала төлемді қайтару мерзімі жоқ болса, импорттау (тауарды жеткізу, қызмет көрсету, жұмыстарды орындау) күні.

FX-платформа – онлайн режимде конверсиялық операциялар бойынша жеке бағамға қол жеткізу мүмкіндігін алуға болатын құрал.

Қызметті қосу үшін 1 рет өзіңіздің қызмет көрсететін менеджеріңізге хабарласу жеткілікті. Кейіннен конверсиялық операцияларды сіз Bereke Business жеке кабинетіңізде жүргізе аласыз.

FX-платформада жеке бағам қалай сіздің конверсиялық операцияларыңыздың айналымының негізінде есептеледі. Жасалатын мәміленің көлемі неғұрлым үлкен болса, берілетін бағам соғұрлым тиімдірек болады.

Аударымды келесі валюталарда жасауға болады: Еуро, АҚШ доллары, Ресей рублі, Швейцария франкі, Қытай юані, Фунт стерлинг. Валюталық аударым жасау үшін аударым валютасында шот ашуыңыз керек.

Қай елдерге валюталық аударым жасауға болады?

Валюталық аударымды әлемнің кез келген еліне, SWIFT жүйесіне қосылған кез келген банкке жіберуге болады.

Заңды тұлғалар – резиденттер және бейрезиденттер операция сомасы 10 000 USD (төлем валютасының баламасында) асқан жағдайда құжаттарды міндетті түрде тапсырады.

Басқа банктен қызмет көрсетуге ауысқан жағдайда экспорттау немесе импорттау бойынша валюта шартына жаңа есептік нөмір берілмейді.

Экспорттаушы немесе импорттаушы алдыңғы есептік тіркеу банкіне келесілерді тапсырады:

1) басқа банкке өтуіне байланысты экспорттау немесе импорттау шартын валюталық бақылаудан шығару туралы еркін нысандағы өтініш;

2) валюта шарты бойынша міндеттемелерді орындау туралы ақпаратты басқа өкілетті банкке беруге еркін нысандағы жазбаша келісім.

Одан әрі экспорттаушы немесе импорттаушы “Bereke Bank” АҚ-ға келесілерді береді:

1) тағайындалған нөмірі бар экспорттау немесе импорттау бойынша валюта шартын валюталық бақылауға алу туралы тағайындалған нысан бойынша өтініш (№42 Ережелердің 1-ші қосымшасы);

2) бірінші бетінде алдыңғы банктің есептік тіркеу белгісі бар экспорттау немесе импорттау бойынша валюта шартының түпнұсқасы немесе көшірмесі.