Bereke Bank премиум Mastercard World Elite карталарына ие болған клиенттерге әуежайдағы бизнес-залдарға тегін кіру қызметін іске қосады
Құрметті клиенттер!
«Bereke Bank» АҚ (Lesha Bank LLC (Public) ЕБ) халықаралық Every сервисімен серіктестігі аясында 2025 жылғы 4 тамыздан бастап Mastercard World Elite премиум карталарының иелері үшін әуежайлардың бизнес-залдарына тегін қолжетімділік беретін жаңа эксклюзивті артықшылықтарды іске қосатынын хабарлайды.
Енді банк клиенттерінің саяхаттары бұрынғыдан да жайлы, әрі жоғары деңгейде болады: Mastercard World Elite картасының иелері әлемнің ірі халықаралық әуежайларындағы, соның ішінде Пекин, Шанхай, Гуанчжоу, Шэньчжэнь, Мәскеу, Санкт-Петербург және Ресейдің басқа қалаларындағы 1 500-ден астам лаундж-залдарына тегін кіре алады.
Every — премиалды сапарлар мен халықаралық саяхат саласының маманы, әуежайлардың лаундж-залдарына ыңғайлы әрі жылдам қолжетімділік ұсынатын сервис. Бұл платформа демалуға, жұмыс істеуге, сондай-ақ жеке уақыт өткізуге болатын жоғары деңгейдегі орындарды біріктіреді.
Бұл залдарда клиенттерге ұсынылатыны:
• Кең демалыс аймақтары
• Тегін сусындар мен жеңіл тағамдар
• Жылдам Wi-Fi
• Жұмыс орындары мен қуаттағыш розеткалар
• Халықаралық баспасөз
• Консьерж қызметі және тәулік бойы қолдау қызметі
Осының барлығы Ресейден, Ресей ішіндегі және Қытай ішіндегі рейстерге қолданылады, бұл жиі саяхаттайтын клиенттерге, бизнесмендерге және жайлылықты бағалайтындарға аса маңызды.
Бұл артықшылықтарды қалай пайдалану керектігі туралы ақпаратты