8 наурыз және Наурыз мерекелеріне арналған банк бөлімшелерінің жұмыс кестесі
Құрметті клиенттер!
Bereke Bank сіздерді көктемнің шуақты мерекелері — 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мен Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтайды!
Осы жарқын күндер шаңырақтарыңызға қуаныш, жылу мен үйлесім сыйласын. Сіздерге мықты денсаулық, отбасы амандығын, бақ-береке мен толайым табыс тілейміз. Көктем мезгілі жаңару мен жаңғырудың, сәтті бастамалар мен игі өзгерістердің кезеңі болсын!
Бізге артқан сенімдеріңіз бен таңдауларыңыз үшін алғыс білдіреміз. Келесі сілтеме арқылы өтіп, 7–9 наурыз және 21–25 наурыз аралығындағы мереке күндеріндегі банк бөлімшелерінің жұмыс кестесімен таныса аласыздар.
Банктің онлайн қызметтері тәулік бойы қолжетімді екенін естеріңізге саламыз:
• Жеке тұлғалар үшін — Bereke мобильді қосымшасы
• Заңды тұлғалар үшін — Bereke Business мобильді қосымшасы
📞 Call-орталық байланыс нөмірлері:
• Жеке тұлғаларға — 5030 (ұялы телефоннан)
• Заңды тұлғаларға — 7744 (ұялы телефоннан)
Құрметпен, Bereke Bank