• Қонақтарға арналған Lounge Key бизнес-залдарына кіру мүмкіндігі
• Ресей мен Қытайдың бизнес-залдарына кіру мүмкіндігі
• Қазақстандағы әуежайларға таксимен бару/қайту қызметі
• Шетелдегі такси қызметі
Әр артықшылықты бірнеше рет пайдалануға болады
*Үш шарттың бірін орындаңыз
• Қонақтарға арналған Lounge Key бизнес-залдарына кіру мүмкіндігі
• Ресей мен Қытайдың бизнес-залдарына кіру мүмкіндігі
• Қазақстандағы әуежайларға таксимен бару/қайту қызметі
• Шетелдегі такси қызметі
Әр артықшылықты бірнеше рет пайдалануға болады
*Үш шарттың бірін орындаңыз
• Қонақтарға арналған Lounge Key бизнес-залдарына кіру мүмкіндігі
• Ресей мен Қытайдың бизнес-залдарына кіру мүмкіндігі
• Қазақстандағы әуежайларға таксимен бару/қайту қызметі
• Шетелдегі такси қызметі
Әр артықшылықты бірнеше рет пайдалануға болады
*Үш шарттың бірін орындаңыз
• Қонақтарға арналған Lounge Key бизнес-залдарына кіру мүмкіндігі
• Ресей мен Қытайдың бизнес-залдарына кіру мүмкіндігі
• Қазақстандағы әуежайларға таксимен бару/қайту қызметі
• Шетелдегі такси қызметі
Әр артықшылықты бірнеше рет пайдалануға болады
*Үш шарттың бірін орындаңыз
• Қонақтарға арналған Lounge Key бизнес-залдарына кіру мүмкіндігі
• Ресей мен Қытайдың бизнес-залдарына кіру мүмкіндігі
• Қазақстандағы әуежайларға таксимен бару/қайту қызметі
• Шетелдегі такси қызметі
Әр артықшылықты бірнеше рет пайдалануға болады
*Үш шарттың бірін орындаңыз
• Қонақтарға арналған Lounge Key бизнес-залдарына кіру мүмкіндігі
• Ресей мен Қытайдың бизнес-залдарына кіру мүмкіндігі
• Қазақстандағы әуежайларға таксимен бару/қайту қызметі
• Шетелдегі такси қызметі
Әр артықшылықты бірнеше рет пайдалануға болады
*Үш шарттың бірін орындаңыз
• Қонақтарға арналған Lounge Key бизнес-залдарына кіру мүмкіндігі
• Ресей мен Қытайдың бизнес-залдарына кіру мүмкіндігі
• Қазақстандағы әуежайларға таксимен бару/қайту қызметі
• Шетелдегі такси қызметі
Әр артықшылықты бірнеше рет пайдалануға болады
*Үш шарттың бірін орындаңыз
Bereke Premium — Mastercard World Elite премиум мультивалюталық дебеттік картасы. Карта иелеріне Mastercard төлем жүйесінің артықшылықтары және Bereke Bank ұсынатын қосымша артықшылықтар ашылады. Қосымша артықшылықтар клиенттің деңгейіне байланысты.
Bronze, Silver, Gold, Platinum және Diamond деңгейлерінде негізгі картаға қызмет көрсету тегін. Select деңгейінде негізгі картаға қызмет көрсету айына 20 000 ₸ тұрады. Қосымша карталар деңгейіңізге сәйкес тегін берілетін карталар санына кірмесе, олар үшін бөлек ақы алынады. Толық шарттар деңгейлер кестесінде көрсетілген.
Есептік кезең алдыңғы айдың 26-сынан ағымдағы айдың 25-ін қоса алғанға дейін созылады. Деңгей ай сайын анықталады және келесі айдың бірінші күнінен соңғы күнтізбелік күніне дейін қолданылады.
Қосымша карта деңгейіңізге сәйкес тегін берілетін карталар санына кірмесе, оның құны айына 5 000 ₸ болады.
Карта иелеріне Mastercard артықшылықтары ашылады: LoungeKey, Астана әуежайының CIP-залы, Fast Track, Flexiroam роумингі, сапар кезіндегі сақтандыру және консьерж қызметі. Бұған қоса, Bereke Bank деңгей аясында мынадай артықшылықтарды ұсынады: қонақтарды LoungeKey залдарына кіргізу, Ресей мен Қытайдағы Every Lounge залдарына кіру, Қазақстандағы CIP-залдарға кіру және такси сапарларының ақысын өтеу. Шарттар мен лимиттер артықшылық түріне байланысты.
Жеке менеджер Silver деңгейінен бастап қосылады. Select және Bronze клиенттеріне байланыс орталығының арнайы желісі мен консьерж қызметі қарастырылған. Қаржылық кеңесші Platinum және Diamond деңгейлерінде қосылады.
Mastercard World Elite премиум картасын рәсімдеудің жолдарын білу үшін Bereke Bank контакт-орталығына 5030 нөмірі бойынша хабарласыңыз.
Bereke Bank артықшылықтарының саны күнтізбелік айға беріледі және деңгейіңізге байланысты. Жалпы квотаны қонақтардың LoungeKey залдарына кіру ақысын өтеу, Every Lounge залдарына кіру, Қазақстандағы CIP-залдарға кіру ақысын өтеу және Қазақстан мен шетелдегі такси сапарларының ақысын өтеу арасында бөлуге болады. Толығырақ — деңгейлер кестесінде.
Жоқ. Mastercard шарттары орындалса, Mastercard World Elite картасы иесінің LoungeKey бағдарламасы бойынша залдарға кіруі бөлек беріледі және Bereke Bank артықшылықтарының айлық квотасын жұмсамайды.
Ағымдағы күнтізбелік айда ашық Bereke Bank артықшылықтарының саны Bereke Bank мобильді қосымшасының Premium бөлімінде көрсетіледі. Жалпы квотаны Bereke Bank артықшылықтары арасында бөлуге болады. Өтемақы берілгеннен кейін қалған артықшылықтар саны жаңартылады. Карта иесінің Mastercard LoungeKey бағдарламасы бойынша залдарға кіруі бөлек беріледі және квотаны жұмсамайды.
Mastercard бағдарламасының шарттары орындалса, Mastercard World Elite картасының иесіне саны шектелмеген тегін кіру мүмкіндігі беріледі. Тегін кіру үшін залға баруға дейінгі 37 күнтізбелік күнде картамен кемінде 300 000 ₸ сомасына жасалған саудалар ескеріледі. QR-кодпен жасалған төлемдер, залға барар алдындағы соңғы 5 жұмыс күні мен соңғы демалыс күндері есепке алынбайды. Жаңа карта үшін сауда құны сомасы тексерілмейтін 37 күндік сынақ мерзімі қарастырылған. Картадағы қалдық кемінде 1 USD болуы керек. Шарттар орындалмаса, кіру ақылы болуы мүмкін.
Қонақтарды залға кіргізу Bereke Bank артықшылықтарына жатады және деңгейіңіздің жалпы айлық квотасын жұмсайды. Bronze және Silver деңгейлерінде клиент пен қонақтардың ақылы кіру құны залға бірге барған жағдайда өтеледі. Gold, Platinum және Diamond деңгейлерінде клиенттің және/немесе қонақтардың ақылы кіру құны бірге барғанына қарамастан өтеледі. Нақты төленген сома өтеледі, бірақ әр кірген үшін 20 000 ₸-ден аспайды.
LoungeKey бағдарламасына қатысатын бизнес-залдарға кіруге болады. Сапар алдында таңдалған әуежайда қажетті залдың бар-жоғын LoungeKey сайтынан немесе қосымшасынан тексеріңіз.
Клиент залға кіру ақысын алдын ала төлеген болса, өтемақы залға іс жүзінде барғаннан кейін беріледі. Залға барғаннан кейін 30 күнтізбелік күн ішінде мобильді қосымшаның чаты арқылы банкке скриншот немесе басқа растау құжатын жіберіңіз. Онда төлем сомасы, кіру мүмкіндігінің іс жүзінде пайдаланылғанын растау, залға барған күн және кіру мүмкіндігі атына рәсімделген адамның аты-жөні көрсетілуі керек. Өтемақы өтінім мен барлық қажетті құжаттар алынғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде бонустармен беріледі. Нақты төленген сома өтеледі, бірақ әр кірген үшін 20 000 ₸-ден аспайды.
Залға кіру үшін паспортты, отырғызу талонын және Bereke Bank арқылы алынған QR-кодты және/немесе тапсырыс нөмірін көрсету қажет. Премиум картаны көрсету талап етілмейді.
Every Lounge залдарына кіру мүмкіндіктері Bereke Bank артықшылықтарының жалпы квотасында есепке алынады. Кіру ақысын клиент төлеген болса, өтемақы төлем мен залға барғанын растайтын құжаттар болған жағдайда, кіру мүмкіндігі іс жүзінде пайдаланылғаннан кейін беріледі. Залға барғаннан кейін 30 күнтізбелік күн ішінде мобильді қосымшаның чаты арқылы растау құжаттарын жіберіңіз. Өтемақы өтінім мен барлық қажетті құжаттар алынғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде бонустармен беріледі. Нақты төленген сома өтеледі, бірақ әр кірген үшін 20 000 ₸-ден аспайды.
Bereke Bank артықшылықтар бағдарламасы аясында Ақтау, Қарағанды, Қостанай және Павлодар халықаралық әуежайларының CIP-залдары бар.
CIP-залға ақылы кіру құны Bereke Bank артықшылықтарының қалған квотасы шегінде өтеледі. Кіру ақысын Bereke Bank картасымен төлеп, залға барғаннан кейін 30 күнтізбелік күн ішінде мобильді қосымшаның чаты арқылы банкке хабарласыңыз. Банк төлем мен залға барғаныңызды растайтын құжаттарды сұратуы мүмкін. Өтемақы өтінім мен барлық қажетті құжаттар алынғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде бонустармен беріледі. Нақты төленген сома өтеледі, бірақ әр кірген үшін 20 000 ₸-ден аспайды.
Астана әуежайының CIP-залы Mastercard World Elite артықшылықтарына жатады. Залға баруға дейінгі 37 күнтізбелік күнде кемінде 300 000 ₸ сомасына сауда жасау шарты орындалса, карта иесі айына екі ретке дейін тегін кіре алады. Есептеу кезінде QR-кодпен жасалған төлемдер, залға барар алдындағы соңғы 5 жұмыс күні мен соңғы демалыс күндері есепке алынбайды. Жаңа карта үшін сауда құны сомасы тексерілмейтін 37 күндік сынақ мерзімі қарастырылған. Картадағы қалдық кемінде 1 USD болуы керек. Бұл артықшылық Bereke Bank артықшылықтарының жалпы квотасын жұмсамайды.
Bereke Bank артықшылықтары аясында Қазақстан аумағында әуежайға дейінгі немесе әуежайдан такси сапарының, сондай-ақ Қазақстаннан тыс жерде MCC 4121 коды бойынша такси сапарының картамен төленген ақысын өтетуге болады.
Сапар ақысын Bereke Bank картасымен төлеңіз, содан кейін операция жасалған күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде мобильді қосымшаның чаты арқылы өтінім жіберіңіз. Банк чек немесе төлемді растайтын басқа құжатты сұратуы мүмкін. Өтемақы өтінім мен барлық қажетті құжаттар алынғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде бонустармен беріледі.
Қазақстанда әуежайға дейінгі немесе әуежайдан такси сапары үшін нақты төленген сома өтеледі, бірақ бір сапар үшін 7 500 ₸-ден аспайды. Қазақстаннан тыс жерде такси сапары үшін нақты төленген сома өтеледі, бірақ бір сапар үшін 15 000 ₸-ден аспайды. Бір сапардың ақысы бір рет өтеледі.
Mastercard World Elite картасының иесі Fast Track қызметін шектеусіз пайдалана алады. Қызмет карта иесіне беріледі. Қонақтар үшін тегін өту мүмкіндігі қарастырылмаған.
Flexiroam бойынша жылына 15 күнге дейін пайдалануға болатын 3 ГБ мобильді интернет бар.
Иә, сізге саяхатшыларға арналған 500 000 USD-ге дейінгі медициналық сақтандыру беріледі. Оны https://www.mcpeaceofmind.com/ сайтында өзіңіз рәсімдей аласыз.
Сақтандыру сапар кезінде медициналық қызмет көрсету немесе шұғыл көмек шығындарын өтейді.
Сақтандыру лимиттері:
* Жазатайым оқиғадан жеке сақтандыру — 500 000 USD-ге дейін
* Шұғыл медициналық эвакуация және репатриация — 500 000 USD-ге дейін
* Шұғыл медициналық шығындар — 500 000 USD-ге дейін
* Ауруханада жатқан кездегі күнделікті ақшалай төлем — күніне 100 USD
Сақтандырумен қамту: жұбайы — 100%, балалары — 25%, ата-анасы — 25%, бала күтушілері мен көмекшілері — 25%
Билеттерді World Elite Mastercard картасымен сатып алған жағдайда ғана сақтандыру жарамды болады.
Полисті https://www.mcpeaceofmind.com/ сайтында онлайн өзіңіз рәсімдей аласыз. Билеттерді World Elite Mastercard картасымен сатып алған жағдайда ғана сақтандыру жарамды болады.
Сақтандыру жағдайы туралы +7 713 274 90 51 нөмірі бойынша немесе сайтта хабарлаңыз. Билеттерді World Elite Mastercard картасымен сатып алған жағдайда ғана сақтандыру жарамды болады.
Тауарды World Elite Mastercard картасымен төленген жағдайда ғана сақтандыру жарамды болады.
Сақтандыру мобильді телефондар, планшеттер, ноутбуктер, музыкалық плеерлер және т.б. портативті электрондық құрылғылардың көпшілігіне қолданылады. Ол гаджет кездейсоқ зақымдалған немесе ұрланған жағдайда шығындарды өтейді, сондай-ақ өндірушінің кепілдігін қосымша бір жылға ұзартады.
Сақтандыру лимиттері:
* бір оқиға үшін — 500 USD
* жылдық жалпы сома — 1 000 USD
Жөндеу құны өтеледі немесе бұйым қалпына келтіруге келмесе, ауыстырылады.
Сақтандыру жағдайы туралы +7 713 274 90 51 бойынша немесе сайтта хабарлаңыз.
Билеттерді World Elite Mastercard картасымен сатып алған жағдайда ғана сақтандыру жарамды болады.
Сақтандыру лимиттері:
* багаждың жоғалуы — 3 000 USD-ге дейін (багаждың бір бірлігі — шабадан немесе сөмке үшін 625 USD-ден аспайды)
* багаждың 4 сағатқа немесе одан ұзақ кешігуі — 500 USD
* рейстің тоқтатылуы немесе ұшу барысында үзілуі — 7 500 USD-ге дейін
* жолда 4 сағатқа немесе одан ұзақ кідіру — 500 USD
* түйісетін рейске үлгермеу — 500 USD
Сақтандыру жағдайы туралы +7 713 274 90 51 бойынша немесе сайтта хабарлаңыз.
Лимит деңгейге байланысты. Қазақстан банкоматтарында Select және Bronze үшін айына 2 млн ₸-ге дейін, Silver, Gold, Platinum және Diamond үшін айына 5 млн ₸-ге дейін. Select, Bronze және Silver деңгейлерінде қолма-қол ақша алу лимиті Қазақстан мен шет елдер үшін ортақ. Gold, Platinum және Diamond деңгейлерінде шетелде қолма-қол ақша алу шектелмейді. Банкомат иесі болатын банк комиссия алуы мүмкін. Қазақстанда лимиттен асқан жағдайда банк тарифтеріне сәйкес комиссия алынады.
Премиум банк картасы Bereke Premium
Премиум банк картасы Bereke Premium — бұл жай ғана төлем құралы емес, сонымен қатар Bereke Bank-тің премиум қызмет көрсетуінің толық пакеті. Оның негізінде Bereke Premium және Mastercard World Elite, жеке қызмет көрсету, халықаралық есеп айырысулар, саяхатқа арналған артықшылықтар және қосымша банктік мүмкіндіктер бар.
Мұндай формат премиум қызмет көрсетуді, сапар кезіндегі жайлылықты және қаржыны басқарудың кеңейтілген мүмкіндіктерін бағалайтын клиенттерге қолайлы.
Bereke Premium Mastercard World Elite премиум банк картасы
Премиум банк карталары стандартты карталардан дизайнымен емес, қызметтер жиынтығымен ерекшеленеді: жеке қызмет көрсету, жоғары лимиттер, сақтандыру, адалдық бағдарламалары және төлем жүйесінің артықшылықтары. Сондықтан премиум банк карталары мен премиум санаттағы банк карталары күнделікті есеп айырысуға және сапарларға арналған кешенді шешім ретінде қарастырылады.
Bereke Premium картасы Mastercard World Elite премиум мультивалюталық дебеттік картасы ретінде шығарылады. Карта ұстаушы Mastercard сервистеріне қол жеткізе алады, сондай-ақ KZT, USD және EUR валюталарын пайдалана алады.
Премиум дебеттік карталар өз қаражаты шегінде шығындарын бақылауды қалайтын адамдарға ыңғайлы. «Премиум дебеттік карта», «элиталық банк карталары» және «эксклюзивті банк карталары» деген атаулар өнімнің сегментін сипаттайды, алайда оның нақты артықшылықтары тарифтер мен қызмет көрсету шарттарына байланысты анықталады.
Қара түсті банк картасы көбіне премиум сегменттің белгісі ретінде қабылданады, алайда өнімнің санаты пластиктің түсімен емес, ұсынылатын қызметтер жиынтығымен анықталады.
Bereke Bank-тегі премиум қызметтердің толық пакеті
Премиум қызмет көрсетудің толық пакеті жеке қызмет көрсетуді, қосымша карталарды, жоғары лимиттерді, саяхатқа арналған сервистерді және басқа да мүмкіндіктерді біріктіреді.
Жеке менеджер және премиум қызмет көрсету
Жеке менеджер таңдалған пакет аясында банк қызметтеріне қатысты мәселелерді шешуге көмектеседі. Bereke Bank-тің премиум қызмет көрсетуі сондай-ақ басымдықпен қызмет көрсетуді және клиентке банктік қолдауды неғұрлым жеке форматта алуға мүмкіндік беретін қосымша мүмкіндіктерді қарастырады.
Клиент пен отбасыға арналған қосымша мүмкіндіктер
Пакетке отбасы мүшелері пайдалана алатын қосымша карталар кіреді. 20 млн ₸-ге дейінгі қалдық кезінде екі премиум карта, ал 50 млн ₸-ден бастап төрт карта қолжетімді. Бұл әрбір пайдаланушыға жеке премиум пакет рәсімдемей-ақ, отбасы мүшелеріне премиум артықшылықтарды пайдалануға мүмкіндік береді.
Қосымша банктік және инвестициялық мүмкіндіктер
Пакет толықтыру ретінде инвестициялық мүмкіндіктерді, капиталды басқаруға арналған өнімдерді және Bereke Bank-тің басқа да сервистерін қамтиды. Қызметтер құрамы таңдалған қызмет көрсету деңгейіне және банктің қолданыстағы шарттарына байланысты.
Mastercard World Elite артықшылықтары
Өнімнің басты артықшылықтарының бірі — саяхатқа байланысты Mastercard артықшылықтары. Карта ұстаушыға әуежай сервистері, сақтандыру, консьерж қызметі және басқа да travel-мүмкіндіктер қолжетімді.
Бизнес-залдар, Fast Track және әуежай сервистері
Саяхатқа арналған банк картасы LoungeKey арқылы әуежайлардағы бизнес-залдарға кіруге, Fast Track қызметін пайдалануға және пакет шарттары аясында әуежайға трансферге тапсырыс беруге мүмкіндік береді. Мұндай саяхат картасы төлем және travel-сервистерін біріктіріп, сапарларды жайлы етуге көмектеседі.
Саяхатқа арналған банк карталары ұсынатын артықшылықтар жиынтығы нақты өнімнің шарттарына байланысты.
Саяхат кезіндегі сақтандыру
Сақтандыру саяхат кезіндегі Mastercard World Elite артықшылықтарының тізіміне кіреді. Саяхатшыларды сақтандыруы бар банк картасы бағдарлама шарттары сақталған жағдайда сапар кезінде қосымша қорғауды қамтамасыз етеді.
Консьерж қызметі және артықшылықтар бағдарламалары
Сервис тәулік бойы жұмыс істеп, қонақүйлерді, билеттерді, мейрамханалар мен SPA қызметтерін брондауға, сондай-ақ қажетті тауарларды іздеуге көмектеседі. Клиентке Nomad Club қоса алғанда, адалдық бағдарламалары және өнім шарттарына сәйкес айына 200 000 ₸-ге дейін жоғары кешбэк алу мүмкіндігі де қолжетімді.
Шетелге саяхаттауға арналған халықаралық банк картасы
Халықаралық банк картасы елден тыс жерде тауарлар мен қызметтерге ақы төлеу үшін, соның ішінде шетелдегі түрлі есеп айырысуларды жүзеге асыру үшін пайдаланылады. Mastercard халықаралық төлем жүйесі тиісті төлем инфрақұрылымы жұмыс істейтін елдерде картаның қабылдануын қамтамасыз етеді.
Өнім KZT, USD және EUR валюталарын қолдайды, сондықтан мультивалюталық карта сапарлар кезінде және әртүрлі валютадағы күнделікті операциялар үшін ыңғайлы. Халықаралық банк карталары белгіленген лимиттер мен комиссияларды, сондай-ақ валютаны айырбастау шарттарын ескере отырып, картамен төлем жасауға және шетелде қолма-қол ақша алуға мүмкіндік береді.
Шетелге сапар жоспарлаған кезде халықаралық төлем жүйесінің банк картасы пайдаланылса, баланс, лимиттер және қауіпсіздік баптауларын алдын ала тексерген жөн. POS-операцияларға қойылған шектеулерді мобильді қосымша арқылы басқаруға болады.
Егер шетелде қандай банк карталарын пайдалануға болады деген сұрақ туындаса, төлем жүйесі мен банктің шарттарын ескеру маңызды. Саяхатқа арналған банк картасын таңдағанда валюталарды, комиссияларды, сақтандыруды және ұсынылатын сервистерді салыстырған жөн.
Еуропа елдеріне сапар кезінде Еуропада саяхаттауға арналған банк картасы халықаралық есеп айырысуларды ыңғайлы жүргізуге және конвертация шарттарының түсінікті болуына мүмкіндік беруі керек. Саяхатқа арналған дебеттік карта және шетелге саяхаттауға арналған дебеттік карта өз қаражатыңыз шегінде шығындарды бақылауға мүмкіндік береді. Шетелдегі банк картасын белгіленген шарттар аясында қолма-қол ақша алу үшін де пайдалануға болады.
Bereke Premium қызмет көрсету шарттары
Бұл жеке қызмет көрсетуді және кеңейтілген артықшылықтар жиынтығын қамтитын премиум қызмет көрсетудің толық пакеті. Қызмет көрсету құны банктің шарттарына байланысты: премиум клиент қалдық бойынша белгіленген талаптарды орындаған жағдайда тегін қызмет көрсету мүмкіндігіне ие. Рәсімдемес бұрын қолданыстағы тарифтерді тексерген жөн.
Bereke Premium премиум картасын қалай рәсімдеуге болады?
Картаны Bereke Bank мобильді қосымшасы арқылы рәсімдеуге болады, бұл ретте картаны онлайн бірнеше минут ішінде шығаруға мүмкіндік бар. Қызмет көрсетудің жекелеген форматтары үшін картаны жеке менеджердің көмегімен банк бөлімшесінде рәсімдеуге болады.
Bereke Premium Mastercard World Elite картасын рәсімдеп, Bereke Bank-тің толық премиум қызмет көрсету пакетіне ие болыңыз.