Bereke Bank
Қаріп
Суреттер
Баптаулар
Баптауларды қалпына келтіру
Қаріпті таңадаңыз
Әріптер арасындағы аралық (Кернинг)
Жолдар арасындағы аралық
Көру қабілеті нашарларға арналған нұсқа
Қаріп
Суреттер
Баптаулар
Баптауларды қалпына келтіру
Қаріпті таңадаңыз
Әріптер арасындағы аралық (Кернинг)
Жолдар арасындағы аралық
Депозит «Сәлем» СЖТМ 20,00% дейін

Ең жоғары мөлшерлемемен депозит ашыңыз да, жинақтарыңыздың супер-қуатын қосыңыз

Депозит «Сәлем» СЖТМ 20,00% дейін
20,00% дейін

Максималды мөлшерлеме (СЖТМ)

5 000 ₸

Минималды сома

3 ай

Депозиттің мерзімі

Депозитті үйден шықпай-ақ, ашыңыз
Bereke Bank мобильді қосымшасында
1

Bereke Bank қосымшасын жүктеп алыңыз да, бірден тіркеуден өтіңіз

2

«Өнім ашу» батырмасын басыңыз және «Депозит ашу» таңдаңыз

3

Депозитіңізді басқа банктен аударым арқылы немесе Bereke Bank-тің кез келген банкоматы және Paydala терминалдары арқылы толықтырыңыз

Толық ақпарат
«Сәлем» депозиті бойынша толық ақпарат пен шарттарды біліңіз
Жалпы шарттар

Салым Банк клиенттері — жеке тұлғалардан қолма-қол және қолма-қол ақшасыз түрде теңгеде қабылданады

• «Депозит» өнімі жоқ клиенттерге арналған

• соңғы күнтізбелік айда депозиттегі қалдығы 15 000 ₸-ден аспаған клиенттерге арналған

• бір ЖСН-ге тек бір «Сәлем» салымын ашуға болады
Сыйақының номиналды мөлшерлемесі

1-айда — 18,37% (СЖТМ* — 20,00%)

2 және 3-айларда — 17,52% (СЖТМ — 19,00%)

* СЖТМ — сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі
Мерзімі3 ай
ВалютасыТеңге
Ең төменгі сома
5 000 ₸
Ең жоғары сома
10 000 000 000 ₸
Қосымша жарналар
Бар, салымды ең жоғары сомаға дейін толықтыруға болады
Ішінара ақша алу
Қарастырылмаған
Мерзімінен бұрын бұзуБар. Ақшаны салым ашылғаннан кейін күнтізбелік 30 күннен ерте қайтаруға болмайды. Сыйақы талап етілгенге дейінгі мөлшерлеме — 0,1% бойынша қайта есептеледі
Мерзімін ұзарту
Ұзартылмайды. Ақша сол валютадағы «Bereke ақша алуға болатын депозиті» мерзімді салымына 3 айға аударылады. Банкте салым орналастырылған күні қолданыста болған мөлшерлеме мен шарттар қолданылады
Сыйақыны есептеу

Ай сайын капиталданады, мерзім соңында төленеді

Ашу арнасы
Онлайн

Сыйақы мөлшерлемелері «Bereke Bank» АҚ (Lesha Bank LLC (Public) еншілес банкі) активтер мен пассивтерді басқару жөніндегі 08.10.2026 жылғы №50 шешімімен бекітілген (09.10.2026 ж бастап қолданысқа енгізілді)

Банкте депозиттің үш түрі бар:

Жинақ

  • толықтыруға болады
  • ішінара ақша алуға болмайды

Жинақ депозиттерінің сыйақы мөлшерлемелері басқа депозит түрлеріне қарағанда жоғары. Шарт мерзімінен бұрын бұзылғанда, депозит сомасы күнтізбелік 30 күннен кейін төленеді. Есептелген пайыздар «Талап етілгенге дейінгі» депозит мөлшерлемесі бойынша қайта есептеледі.

Мерзімсіз

  • толықтыруға болады
  • ішінара ақша алуға болады

Шарт мерзімінен бұрын бұзылғанда, депозит сомасы бірден толық төленеді. Есептелген пайыздар сақталады және қайта есептелмейді.

Мерзімді

  • толықтыруға болатын немесе толықтыруға болмайтын
  • ішінара ақша алуға болатын немесе ішінара ақша алуға болмайтын

Салымнан ішінара ақша алынғанда, есептелген сыйақының бір бөлігі жоғалады. Шарт мерзімінен бұрын бұзылғанда, депозит сомасы есептелген пайыздарсыз бірден толық төленеді, ал есептелген пайыздар 0% мөлшерлемемен қайта есептеледі

Депозитті екі жолмен ашуға болады:

  • мобильді қосымшада
  • банк бөлімшесінде

Мобильді қосымшада

Басты бетке өтіңіз → «Жаңа өнім ашу» деп таңдаңыз → «Депозит ашу» дегенді басып, өзіңізге сай депозитті таңдаңыз.

Банк бөлімшесінде

Депозит ашу үшін банктің кез келген бөлімшесіндегі менеджерге жүгініңіз.

Бөлімшеде депозит ашуға қажетті құжаттар

Қазақстан Республикасының азаматтарына:

  • жеке куәлік немесе паспорт (түпнұсқа не цифрлық құжат)

Шетел азаматтарына:

  • шетел азаматының паспорты
  • ЖСН
  • қазақстандық ұялы байланыс операторының телефон нөмірі
  • Қазақстан Республикасының аумағында тіркелгенін растайтын құжаттың eGov жүйесінен алынған скриншоты
  • еңбек шарты, оқу шарты немесе Қазақстан Республикасының аумағында болудың заңдылығы мен негізділігін растайтын өзге құжат

Қажет болғанда банк қосымша құжаттарды, соның ішінде ақшаның шығу көзін растайтын құжаттарды сұратуға құқылы.

Депозитті теңгеде, АҚШ долларында және Ресей рублінде ашуға болады

Депозитке ақша салудың бірнеше жолы бар:

  • мобильді қосымшада өз шоттарыңыз арасында ақша аудару: «Аударымдар» → «Өз шоттарым арасында»
  • басқа банктен өз ағымдағы шотыңызға немесе төлем картаңызға ақша аударып, содан кейін мобильді қосымшада өз шоттарыңыз арасында аударым жасап, депозитті толықтыру
  • банкомат, банк бөлімшесінің кассасы немесе Paydala терминалдары арқылы қолма-қол ақша салу — толықтыру комиссиясыз.

Бір клиенттің шотын тәулігіне ең көбі 500 000 ₸-ге толықтыруға болады. Ақша бірден түседі

Депозиттен ақшаны қолма-қол немесе қолма-қол ақшасыз алуға болады.

Қолма-қол

Қолма-қол ақша алу үшін банк бөлімшесінің кассасына жүгініңіз.

Қолма-қол ақшасыз

Өз шоттарыңыз арасында ақшаны мобильді қосымшада аударуға болады:

«Аударымдар» → «Өз шоттарым арасында».

Маңызды

Алынатын сома мына мөлшерден аспаса, қолма-қол ақшаға алдын ала тапсырыс беру қажет емес:

  • 5 000 000 теңге
  • 3 000 АҚШ доллары немесе еуро
  • 200 000 Ресей рублі

Алынатын сома көрсетілген лимиттерге тең немесе олардан асса, банктің контакт-орталығы арқылы қолма-қол ақшаға алдын ала тапсырыс беру қажет.

Өтінім беру кезінде:

  • өтінім операциялық күні сағат 16:00-ге дейін берілсе, қолма-қол ақша келесі операциялық күні беріледі
  • өтінім операциялық күні сағат 16:00-ден кейін, демалыс немесе мереке күндері берілсе, қолма-қол ақша өтінім берілгеннен кейін бір операциялық күн өткізіп беріледі

Депозит бойынша атаулы сыйақы мөлшерлемесі — банктік салым шартында белгіленген пайыздық мөлшерлеме. Ол пайыздарды капиталдандыру әсерін ескермей, депозит сомасына есептелетін сыйақы мөлшерін анықтайды.

Сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі (СЖТМ) — шартта көзделген болса, сыйақыны есептеу жиілігі мен капиталдандыруды ескере отырып, депозиттің бір жылдағы нақты табысын көрсететін көрсеткіш.

Негізгі айырмашылық: атаулы мөлшерлеме сыйақының базалық мөлшерін, ал СЖТМ пайыздарды есептеудің барлық шарттарын ескеретін депозиттің нақты жылдық табысын көрсетеді.

Капиталдандыру — есептелген сыйақы депозит сомасына қосылатын пайыз есептеу тәсілі. Одан кейін пайыздар көбейген сомаға есептеледі. Осының арқасында табыс жоғары болуы мүмкін

Мысал

Сіз ай сайын капиталданатын, жылдық мөлшерлемесі 12% болатын депозитке 1 000 000 ₸ салдыңыз. Ай сайын есептелген пайыздар салым сомасына қосылады, ал келесі айда пайыздар 1 000 000 ₸ мен бұрын есептелген пайыздардың қосындысына есептеледі

Төлеу — есептелген пайыздарды депозит сомасына қоспай, бөлек аудару. Пайыздар шартта көрсетілген жиілікте, мысалы ай сайын, ағымдағы шотыңызға аударылады

Мысал

Сіз ай сайын пайыздары төленетін, жылдық мөлшерлемесі 12% болатын 1 000 000 ₸ депозит аштыңыз. Ай сайын есептелген пайыздар сізге бөлек аударылады, ал депозит сомасы 1 000 000 ₸ болып қалады. Келесі айда пайыздар қайтадан тек осы сомаға есептеледі

Айырмашылығы қандай

Капиталдандыру кезінде пайыздар депозитте қалады және онымен бірге өседі. Төлеу кезінде пайыздар шотыңызға аударылады, ал депозит сомасы өзгермейді

Депозит пайыздары атаулы мөлшерлеме бойынша есептеліп, депозит шарттарына сай қосылады.

  • депозит күн сайын капиталданатын болса, пайыздар депозит қалдығына күн сайын есептеліп, жұмыс күндері депозитке түседі. Демалыс күндері үшін де пайыздар есептеледі, бірақ шотқа келесі жұмыс күні түседі
  • депозит ай сайын капиталданатын болса, пайыздар күн сайын есептеліп, айына бір рет капиталданады. Депозит мерзімі аяқталғанда, есептелген пайыздар клиенттің ағымдағы шотына төленеді

Біздің банктегі депозиттер Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорымен (ҚДКБҚ) қорғалған. Кепілді өтемақы мөлшері депозит түріне байланысты

  • теңгедегі жинақ депозиттері — 20 000 000 ₸-ге дейін
  • теңгедегі мерзімді депозиттер — 10 000 000 ₸-ге дейін

шетел валютасындағы депозиттер — 5 000 000 ₸ баламасына дейін