Bereke Bank IT саласындағы бизнес-аналитиктер мектебіне қыздарды қабылдау басталғанын жариялайды!
IT саласында сұранысқа ие мамандықты игеруді армандайсыз, бірақ неден бастау керек екенін білмей жүрсіз бе? Бизнес-аналитиктер мектебі — бұл сізге IT мансабын бастауға берілетін мүмкіндік!
8 наурыз мерекесінің қарсаңында Bereke Bank IT саласындағы бизнес-аналитиктердің мектебіне қыздарды қабылдау басталғанын хабарлайды. Банк білім алуға толық демеушілік қолдау көрсете отырып, қатысушыларға жаңа білім, дағдылар алуға мүмкіндік береді.
Bereke Bank пен Women in Tech Global ынтымақтастық орнатып, білім алуға мүмкіндік беріп отыр. Банк командасы қазақстандық қыздарды оқытып, олардың мүмкіндіктерін кеңейте отырып, қоғамның дамуына елеулі үлес қосатынына сенеді.
Бұл қандай оқу?
• Тегін онлайн-оқу (аптасына 3 рет, сағат 18:00-ден 20:00-ге дейін).
• Бизнес-аналитик мамандығын меңгеру, небәрі 2 айда.
• IT саласын меңгеру үшін сертификаттау және құнды дағдылар қалыптастыру.
• Сарапшылардың қолдауы және кәсіби қоғамдастықтың бір бөлігі атану.
Бизнес-аналитик дегеніміз кім?
Бизнес-аналитик — бұл кез келген IT-командада шешуші рөл атқарушы. Ол бизнес-міндеттерді техникалық шешімдермен байланыстыруға, қажеттіліктерді анықтауға, өсу нүктелерін табуға және жобаларды сәтті жүзеге асыруға көмектеседі. Бизнес-аналитик —бизнес пен әзірлеушіні байланыстырушы, ол командаларға бір бағытта жұмыстар атқаруға және үздік нәтижелерге қол жеткізуге көмектеседі.
IT саласында жұмыс істеуге дайынсыз ба?
Олай болса, 9 наурызға дейін өтінім беріңіз! Оқу 14 наурызда басталады!
Іріктеуден өту үшін:
1. Өтінімді толтырыңыз.
2. Қысқаша эссе жазыңыз.
3. Шағын тестілеуден өтіңіз.
Біздің модераторларымыз лайықты үміткерлерді таңдап, оларды мектепке қабылдайды және оларға қосымша нұсқаулар жібереді.
Кімдер қатыса алады?
IT саласын меңгергісі келетін және оқуға дайын барлық қыздар.
Мектепке оқуға түсу үшін не істеу қажет?
• Білім алуға және дамуға деген ынта болу керек. Біз нақты білім алуға, ақпаратты талдауға және шешімдер ұсынуға дайын жандарды күтеміз.
• Адамдарды жақсы көріп, олармен тіл табыса білу керек. Бизнес-талдау — бұл, ең алдымен, қарым-қатынас орната білу, тапсырыс берушілердің қажеттіліктерін түсіну және тиімді шешімдер табу.
• Оқуға уақыт бөлуге дайын болу керек. Бағдарлама қарқынды түрде жүреді, сондықтан шамаңыз бен мүмкіндігіңізді алдын ала бағалап алғаныңыз абзал.
Оқу қорытындысы бойынша үздік түлектер Банкте тағылымдамадан өте алады.
Оқу туралы толық ақпарат алу үшін және өтінім беру үшін мына сілтемеден өтіңіз: https://forms.office.com/r/uzpuYKBfBD
Қосылып үлгеріңіз және Bereke Bank-пен бірге IT әлеміне қадам жасаңыз!