Атыңызға алаяқтық кредит ресімделсе, не істеу керек
Құрметті клиенттер!
Сіздердің қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету және қаржылық сауаттылықтарыңызды арттыру мақсатында, Сіздердің атыңызға алаяқтық жолмен кредит ресімделген жағдайда қандай және қалай әрекет жасау керектігі туралы ақпаратпен танысуларыңызды ұсынамыз.
«Атыңызға алаяқтық кредит ресімделсе, не істеу керек» жадынамасы Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі бірлесіп әзірлеген.
Жадынамада іс-әрекеттердің түсінікті қадамдық алгоритмі беріліп, кредиттік ұйымдармен қалай жұмыс істеу керектігі, сондай-ақ уәкілетті органдарға жүгіну тәртібі жөнінде нақты ұсынымдар ұсынылған.
Жадынамамен келесі сілтеме арқылы таныса аласыз: [Жадынама]
Қажет болған жағдайда осы ақпаратты сақтап, ұсынылған кеңестерді пайдалануларыңызды ұсынамыз.
Жеке деректеріңіздің қауіпсіздігіне мұқият болыңыз.