Қаріп
Суреттер
Баптаулар
Баптауларды қалпына келтіру
Қаріпті таңадаңыз
Әріптер арасындағы аралық (Кернинг)
Жолдар арасындағы аралық
Көру қабілеті нашарларға арналған нұсқа
Қаріп
Суреттер
Баптаулар
Баптауларды қалпына келтіру
Қаріпті таңадаңыз
Әріптер арасындағы аралық (Кернинг)
Жолдар арасындағы аралық
Артқа

Bereke Bank «Халықаралық бизнес» атты ШОБ-қа арналған республикалық рейтингті іске қосты

Bereke Bank «Digital Business» іскерлік медиамен бірлесіп, халықаралық нарықта табысты жұмыс істеп жүрген қазақстандық шағын және орта бизнес өкілдеріне арналған «Халықаралық бизнес» республикалық рейтингін іске қосты.

Жоба экспорт пен импортты дамытып, халықаралық серіктестік байланыстарды нығайтып жүрген кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған. Сонымен қатар, олардың кәсібін кеңінен танытып, жаңа даму мүмкіндіктеріне жол ашады.

Жобаға қатысушыларға ұсынылатын мүмкіндіктер:
• Bereke Bank ұсынатын ақшалай грантты жеңіп алу мүмкіндігі;
• Digital Business платформасында PR-қолдау мен арнайы жарияланымдар;
• серіктестер, клиенттер және инвесторлар тарапынан қызығушылыққа ие болу;
• халықаралық деңгейдегі мүмкіндіктерге қол жеткізу, оның ішінде Қытайдағы Canton Fair (Phase 3) көрмесіне қатысу.

Өтінімдер 2026 жылғы 20 мамыр мен 19 маусым аралығында, сағат 15:00-ге дейін қабылданады.

Жобаның финалы мен жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 2026 жылдың қыркүйек айында өтеді.

Рейтинг бірнеше кезеңнен тұрады:
• сарапшылар іріктеуі арқылы 10 финалисті анықтау;
• финалистердің бизнес тарихтарын жариялау;
• ашық халықтық дауыс беру;
• жеңімпаздарды анықтайтын қорытынды марапаттау кеші.

Номинациялар:
• «Үздік экспорттаушы»
• «Үздік импорттаушы»

Байқауға жылдық табысы 3 000 000 АЕК-тен аспайтын және қызметкерлер саны 250 адамға дейінгі, сыртқы экономикалық қызметпен айналысатын Қазақстанның шағын және орта бизнес субъектілері қатыса алады.

Жоба нақты секторда жұмыс істейтін, соның ішінде технологиялар, жабдықтар мен қосалқы бөлшектер импорттайтын компанияларға арналған.

Өтінім қабылдау туралы ақпаратты Digital Business сайтынан және әлеуметтік желілерден қадағалаңыз.