2023-05-05

Bereke Bank кәсіпкер-клиенттері арасында ұтыс ойынын өткізеді

Жеңімпаздар жаңа iPhone 14 Pro Max алады

5 мамыр күні Алматыда, Атакент кешенінің 11 павильонында «ДАМУ» қорының бағдарламалары арқылы мемлекеттік қолдауға ие болған қазақстандық өндірушілердің ULTTYQ ÓNIM үш күндік көрмесі басталады.  Bereke Bank - шараның бас демеушісі.

Көрме аясында қазақстандық компаниялар шығарған шағын және орта бизнес субъектілерінің тауарлары қойылады. Қатысушылардың ұнаған өнімдерін сатып алудың, сән көрсетіліміне барудың, сонымен қатар дегустациялық байқауға қатысудың тамаша мүмкіндігі болады. 

Сонымен бірге Банк микро және шағын бизнеске арналған сервистері мен қызметтерін ұсынады.  Сондай-ақ өзінің бизнес-клиенттері арасында ұтыс ойынын өткізеді, оның жеңімпаздары жаңа iPhone 14 Pro Max алады.

Байқауға қатысу шарттары өте қарапайым:  

1️. Bereke Bank-тің бизнес-клиенті болу (егер сізде біздің Банкте ашылған шотыңыз болмаса, оны көрмеде ашуға болады);

  1. Көрмедегі Банк менеджерлерінен қатысушы сауалнамасын толтыру;
  2. Bereke Bank аймағының фонында көрмеден фото немесе бейнені жариялап, Instagram немесе Facebook-тегі аккаунтымызды, #даму хэштегін белгілеу.

Байқауға қатысу үшін тіркелу Банктің көрме аумағында жүргізіледі. 

Ұтыс ойыны 10 мамыр күні сағат 17:00-де біздің Банктің Instagram парақшасында тікелей эфирде өтеді, онда біз онлайн-рандомайзер арқылы таңдалатын жеңімпаздардың есімдерін жариялаймыз. 

 

Көрмеге келіңіздер, отандық тауар өндірушілерін қолдаңыздар!  Ұтыс ойынына қатысып, өз жүлдеңізді алыңыз!  Сәттілік тілейміз!