Bereke Business қосымшасын жүктеп алыңыз
Кредитке өтінім беріңіз
Онлайн қол қойып, ақшаңызды алыңыз
| Қарыз алушыға қойылатын талаптар | Қарыз алушының ең төменгі жасы Өтінім беру кезінде 23 жастан бастап |
Қарыз алушының ең жоғары жасы Өтініш берген кезде 63 жасқа дейін | |
ЖК қызметінің ең аз мерзімі 6 айдан бастап | |
Резиденттік ҚР резиденті | |
| Пайыздық мөлшерлеме | Номиналды мөлшерлеме 18%-дан 32,5%-ға дейін; ЖТСМ 36,52%-дан 37,69%-ға дейін |
| Кредиттің ең төменгі сомасы | Бір мөлшерлемелі кредит 300 000 ₸ |
Екі жақты кредит 300 000 ₸ | |
| Кредиттің ең жоғары сомасы | Бір мөлшерлемелі кредит 15 000 000 ₸ |
Екі жақты кредит 15 000 000 ₸ | |
| Кредиттің ең төменгі мерзімі | Бір мөлшерлемелі кредит 12 ай |
Екі жақты кредит 24 ай | |
| Кредиттің ең ұзақ мерзімі | Бір мөлшерлемелі кредит 36 ай |
Екі жақты кредит 36 ай | |
| Комиссиялар бойынша ақпарат | Кредитті қарау, ресімдеу және есепке алу үшін Комиссия 0 ₸ |
| Ағымдағы шот ашқаны үшін Комиссия 0 ₸ | |
Банк желісі бойынша ішкі аударым үшін Комиссия 0 ₸ | |
| Қарыз алушы банктік қарыз шарты бойынша міндеттемелерді орындамаған жағдайда, Банк келесілерге құқылы: | • шарт бойынша негізгі қарыз уақытында қайтарылмаған, сыйақы, комиссиялық және басқа төлемдер уақытында төленбеген жағдайда, Банк Заемшыдан әр мерзімі кешіктірілген күн үшін мерзімінде төленбеген соманың 0,25 % (Нөл бүтін жүзден жиырма бес пайызы) мөлшерінде өсімпұл төлеуін талап етуге құқылы.Тұрақсыздық айыппұлының мөлшері мерзім кешіктірілген бірінші күнтізбелік күннен бастап берешек толық өтелгенге дейін есептеледі; • Банктік қарызды мақсатына сай емес пайдаланғаны үшін мақсатына сай емес пайдаланылған соманың 25% мөлшерінде тұрақсыздық айыбын төлеуін талап етуге; • Банктік қарыз бойынша ерекше талаптар уақытылы орындалмаған үшін ерекше талаптарды орындауды кешіктірген әрбір күнтізбелік күн үшін тұрақсыздық айыбын төлеу күнінде негізгі борыштың қалдық сомасының 0,01% мөлшерінде тұрақсыздық айыбын төлеуін талап етуге; • Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қарыз алушының банктерде, банктік операциялардың жеке түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған кез келген банктік шоттарын тікелей дебеттеу арқылы банктік шоттарындағы ақшасын өндіріп алуға; • Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарына сәйкес қарыз бойынша берешекті коллекторлық агенттікке сотқа дейінгі өндіріп алуға және реттеуге беруге; • Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес банктік қарыз шарты бойынша барлық міндеттемелердің мерзімінен бұрын орындалуын талап етуге; • Банктің қарыз шартын жасасқан Орталық кеңсесінің және/немесе филиалының тіркелген және/немесе орналасқан жері бойынша сотқа талаппен жүгінуге. |
Bereke Bank рәсімдеудің барынша жеңіл түрін ұсынады. ЖК-ға кредитті қашықтан банкке келмей-ақ өтінім беріп, рәсімдей аласыз.
Ол үшін:
- B-Business қосымшасын жүктеп, сонда тіркелу, (онбординг);
- Онлайн есеп-шот ашып, қосымшада өтінім беру;
- Кредитті онлайн алу үшін құжатқа қол қою;
- Қаражатты алу.
Жаңа есеп-шот ашу тегін әрі оған әдетте бірнеше минут кетеді.
Bereke Bank шағын-кіші бизнесті қолдап, дамытуға қаржыландыру ұсынады. Қаржыны мыналарға пайдалануға болады:
- Қаржы айналымына қосымша ретінде;
- Қарызды өтеуге;
- Бизнесті сақтандыруға;
- Коммерциялық жылжымайтын мүлікке салым ретінде;
- Контрагенттер, жеткізуші және жалға алушылармен ынтымақтастыққа.
Банк 300 000-нан 15 000 000 ₸ дейінгі соманы мақұлдай алады. Өтінімді рәсімдемей тұрып, бизнес-кредитіңізді есептей аласыз. Бұл беттегі калькулятор ай сайынғы төлемнің шамамен мөлшерін және кредиттің сомасы мен мерзіміне байланысты жалпы артық төлемді көрсетеді.
Сізден мынадай ақпарат талап етіледі:
- ЖСН;
- ЖК мәліметтері;
- ЖК тіркелген мекенжай;
- Мобильді телефонның байланыс нөмірі.
Қазақстанда резиденттігі бар 23 пен 63 жас аралығындағы заем алушылар Қазақстандағы ЖК-ға кредит ала алады. ЖК-ның қызмет ету мерзімі алты айдан астам болуы керек.
Бизнес мәліметтерін stat.gov.kz сайтынан, сондай-ақ ЖК ретінде қызметін бастау туралы хабарламаңыздан көруге болады.
Сіздің кредиттік өтініміңіз бес күнтізбелік күн ішінде белсенді. Осы уақыт ішінде кредиттік келісімшартқа қол қойылмаса, онда өтініш қайтадан берілуі керек.
Иә, өтінімді толтырған кезде сіз 1-ден 20-ға дейінгі ыңғайлы төлем күнін таңдай аласыз. Сондай-ақ оны кейінірек кредит мәліметтерінде өзгертуге болады.
Банк шешімді өтініште көрсетілген нөмірге SMS арқылы жібереді.
B-Business мобильді қосымшасында тіркелген кезде біз сізге Bereke Bank-те тегін есеп-шот ашамыз. Кредитке өтінім мақұлданған кезде қаражат соған түседі.
Иә. Кредитті толық немесе мерзімінен бұрын B-Business қосымшасында немесе банк бөлімшесінде (касса) өтей аласыз.
ЖК-ға арналған онлайн-кредитті рәсімдеу кезінде мақсатты пайдалануға растау талап етіле ме?Жоқ. Банк бизнесті мақсатты емес қаржыландыру түрін ұсынып, қамтамасыз етеді. ЖК қаражатқа өз қалауы бойынша иелік ете алады. Банкке шығыстарды растаудың немесе шығыстар туралы есеп берудің қажеті жоқ. Ең бастысы, кредит шартын жасау кезінде банк бекіткен төлем кестесіне сәйкес, кредитті кідіріссіз уақытында өтеу.
Әрі қарайғы әрекеттердің алгоритмі банктің ЖК-ға кредит беруден бас тарту себебіне қатысты болады. Егер сіздің өтінішіңіз салық қарызына байланысты қабылданбаған болса, онда қарызды төлеп, қайта өтініш беріңіз.
- Bereke Business қосымшасында
- Bereke Bank банкоматында немесе терминалында
- Bereke Bank кассасында
- Bereke Bank шотына басқа банктен аударым жасау арқылы
Акция: Bereke-мен бизнес саяхат
Өтетін кезеңі:
2026 жылғы 20 сәуір — 22 шілде
Қалай қатысуға болады
Bereke Bank арқылы немесе банк бөлімшесінде ЖК үшін скоринг бойынша кепілсіз кредит ресімдеңіз болғаны, сіз автоматты түрде ұтыс ойынға қатысасыз.
Акция механикасы
Ай сайын ұтыс ойыны өткізіледі. Әр ұтыс ойынында 1 жеңімпаз анықталады. Барлық жеңімпаздар бірлескен бизнес саяхатқа аттанады.
Сыйлық
Bereke Bank барлық жеңімпаздар үшін топтық бизнес саяхат ұйымдастырады, оған әуе билеті, қонақүйде тұру, коуч/ментормен бизнес-іс-шараға қатысу
Қатысу шарттары
• Акция кезеңінде кредит ресімдеген ЖК қатысады
• Қатысушының жасы 23-тен төмен болмауы тиіс
• Бір клиент тек бір рет қана жеңімпаз бола алады
• Барлығы 3 жеңімпаз анықталады