Bereke Bank пен Mastercard банк клиенттеріне жаңа тиімді ұсыныстарды дайындады
2025 жылғы 1 қыркүйек— Bereke Bank Mastercard төлем жүйесі және Яндекс Go мен Яндекс Еда сервистерімен бірлесіп, Bereke Premium, Bereke Private Banking және Bereke ALL IN карталарының иелері үшін екі жаңа акцияны бастайды. Бұл акциялар банк клиенттеріне қызмет көрсету деңгейін арттыруға және ниеттестік бағдарламасының мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған.
Яндекс Go арқылы әуежайға тегін сапар
2025 жылғы 1 қыркүйектен 2026 жылғы 31 мамырға дейін Bereke Premium және Bereke Private Banking карталарының иелері Алматы мен Астана әуежайларына және әуежайдан Яндекс Такси сервисін пайдаланып тегін жүре алады.
Акцияға қатысу шарттары:
• Қатысушылар: Bereke Premium және Bereke Private Banking карталарының иелері;
• Сапар саны: Алматы мен Астана әуежайларына және кері қайтуға айына ең көп дегенде 2 рет жол жүру;
• Бір сапар үшін ең жоғары өтелетін сома — 4 000 теңге.
«Mastercard-пен тиімді!» акциясы аясында Яндекс Еда тапсырыстарына жеңілдіктер
Акция 2025 жылғы 1 қыркүйктен 2026 жылғы 30 сәуірге дейін әрекет етеді. Ол келесі клиенттер санаттарына қолжетімді:
Bereke Premium және Bereke Private Banking карталарының иелері үшін:
• Тапсырыстарға 20% жеңілдік (ең жоғары сома — 4 500 теңге);
• Тапсырыстың минималды сомасы — мегаполистерде 12 000 теңгеден, өңірлерде 5 000 теңгеден басталады;
• Айына 3 жеңілдікке дейін.
Bereke ALL IN карталарының иелері үшін:
• Тапсырыстарға 10% жеңілдік (ең жоғары сома — 2 200 теңге);
• Тапсырыстың минималды сомасы — мегаполистерде 8 000 теңгеден, өңірлерде 5 000 теңгеден;
• Айына 3 жеңілдікке дейін.
Қатысу шарттары:
• Акцияға қатысатын карталармен қызметтер мен тапсырыстарды төлеңіз;
• Жеңілдіктер мен бонустар автоматты түрде қолданылады, промокодтар теріп және қосымша тіркелудің қажеті жоқ;
• Жеңілдіктер тек банктік карталармен тікелей төлеу кезінде қолданылады және Apple Pay, Samsung Pay, Garmin Pay жүйелері арқылы төлеуде қолданылмайды.
Bereke Bank инновациялық серіктестік шешімдерді енгізуді жалғастырып, банктік өнімдерді күнделікті пайдалану процесін клиенттер үшін ыңғайлы, тиімді және жағымды етуге ұмтылады.
Банк картасын мобильді қосымша Bereke Bank арқылы онлайн рәсімдеуге болады — бөлімшеге барудың қажет жоқ, кез-келген жерге тегін жеткізіледі.
• Premium
• ALL IN
Акция шарттары мен серіктестер тізімі туралы толық ақпарат төменгі сілтемеде: https://go.yandex/ru_kz/lp/ads/mastercard-25/ru