2023-03-09
Біздің банктен ресми түрде санкциялардың алынып тасталғанын қуана хабарлаймыз. 8 наурызда OFAC Bereke Bank-ті SDN және SSI тізімдерінен шығарды.
Санкцияларды алып тастауға банк атауының өзгеруі және акционердің (акционер – 2022 жылдың қыркүйегінен бастап «Бәйтерек» ҰБХ ) ауысуы ықпал етті.
2023 жылдың басында Банк пруденциалдық нормативтерге сәйкес капиталдың жеткіліктілік коэффициентін теңестіре алды әрі барлық негізгі көрсеткіштерін жақсартты.
Біз шетел валютасында жиі жасалатын операцияларды қайта жалғастыруды және Банкті сапалы дамытуға, нығайтуға бағытталған жоспарларды жүзеге асыруды көздеп отырмыз.