Bereke Bank
Қаріп
Суреттер
Баптаулар
Баптауларды қалпына келтіру
Қаріпті таңадаңыз
Әріптер арасындағы аралық (Кернинг)
Жолдар арасындағы аралық
Көру қабілеті нашарларға арналған нұсқа
Қаріп
Суреттер
Баптаулар
Баптауларды қалпына келтіру
Қаріпті таңадаңыз
Әріптер арасындағы аралық (Кернинг)
Жолдар арасындағы аралық
Артқа

Bereke Business LogiTrends’26 Kazakhstan конференциясында бизнеске арналған шешімдерін баяндады

Bereke Business көлік-логистика саласының өкілдері бас қосқан LogiTrends’26 Kazakhstan конференциясына қатысты. Іс-шара барысында жүк тасымалы нарығындағы негізгі өзгерістер, халықаралық бағыттарды дамыту және логистика саласын цифрландыру мәселелері талқыланды.

Іс-шара аясында Bereke Business өзінің стендін ұсынды, банк менеджерлері конференция қатысушыларына бизнеске арналған өнімдер мен қаржылық шешімдер туралы айтып берді, сондай-ақ кәсіпкерлерге кеңес беріп, сала өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.

Конференцияда қандай мәселелер талқыланды

LogiTrends’26 конференциясының негізгі тақырыптарының қатарында жүк тасымалы нарығындағы өзгерістер, Қытаймен ынтымақтастықты дамыту, логистикалық процестерді цифрландыру және компанияларға жұмыс тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін жаңа шешімдерді енгізу мәселелері болды.

Тасымалдау, сыртқы сауда және жеткізу бизнесі үшін қаржылық инфрақұрылым күнделікті операциялардың маңызды бөлігіне айналып отыр. Бұл халықаралық төлемдерді жүргізуден бастап айналым капиталын басқаруға дейінгі процестерді қамтиды.

Bereke Business-тің компанияларға арналған шешімдері

Конференция қатысушылары Bereke Business стендінде бизнестің дамуы туралы және күнделікті қызметке арналған қаржылық құралдар жөнінде толығырақ ақпарат алды. Олардың қатарында халықаралық төлемдер, сыртқы экономикалық қызметке (СЭҚ) арналған шешімдер, факторинг, банктік кепілдіктер, депозиттер және онлайн-сервистер бар.

Салалық конференцияға қатысу Bereke Business командасына логистика нарығының өкілдерімен тікелей танысуға, олардың өзекті қаржылық міндеттері мен қажеттіліктерін талқылауға мүмкіндік берді.

«LogiTrends’26 конференциясына қатысу — кәсіпкерлермен тікелей қарым-қатынас орнатып, логистика саласындағы бизнестің өзекті міндеттерін жақсырақ түсінуге мүмкіндік береді. Бүгінде компаниялар үшін операцияларды жылдам жүргізу, халықаралық есеп айырысулардың ыңғайлылығы және айналым капиталын қаржыландыруға қолжетімділік аса маңызды екенін көріп отырмыз. Бизнес банк тарапынан саланың ерекшелігін ескеретін кешенді шешімдерді күтеді. Біз үшін мұндай кездесулер — кәсіпкерлердің сұранысын тыңдап, бизнестің дамуына ықпал ететін шешімдерді әзірлеуге мүмкіндік беретін маңызды алаң», — Гүлмира Акинбашина, «Bereke Bank» АҚ (Lesha Bank LLC (Public) ЕБ) цифрлық арналардағы өнімдерді әзірлеу және дамыту жөніндегі атқарушы директоры.