Bereke Bank 2026 жылдың қорытындысы бойынша Mastercard-тың төрт марапатына ие болды
Mastercard Day 2026 жыл сайын ұйымдастырылатын іс-шарада Bereke Bank карточкалық өнімдерді дамытудағы жетістіктері, премиум сегменттің өсуі, Mastercard-пен әріптестікті нығайту және клиенттерге қызмет көрсету сапасын арттыру бағытындағы жұмысы үшін төрт марапатқа ие болды.
Mastercard Day дәстүрлі түрде банк саласының өкілдерін бір алаңға жинап, төлем индустриясының дамуына үлес қосқан серіктестердің жетістіктерін атап өтеді.
Bereke Bank келесі номинациялар бойынша марапатталды:
• Бөліп төлеу картасын іске қосқаны үшін – инновациялық карточкалық өнімді нарыққа сәтті шығарғаны үшін марапатталды.
• Mastercard-пен шабыттандыратын әріптестігі үшін – тиімді ынтымақтастық пен төлем нарығын дамытуға бағытталған бірлескен бастамаларды жүзеге асырғаны үшін марапатқа ие болды.
• Премиум портфельдің үздік өсімі үшін – клиенттер базасын кеңейтіп, банктің премиум сегменттегі позициясын нығайтқаны үшін марапатталды.
• Mastercard-пен бірге клиенттерге құндылық қалыптастырғаны үшін – клиенттік тәжірибенің сапасын арттыратын шешімдер мен сервистерді енгізгені үшін марапатталды.
«Әр жылдың соңында біз бірлескен жұмысымыздың қорытындылап, жетістіктерімізді атап өтеміз және төлем индустриясының дамуына қосқан үлесі үшін серіктестерімізге алғыс білдіреміз. Mastercard үшін банктермен сенімді серіктестік орнату, ортақ мақсаттарға қол жеткізу және клиенттерге жаңа мүмкіндіктер ұсыну – ынтымақтастықтың маңызды бағыттарының бірі. Біздің еңбегіміздің арқасында жаңа шешімдер пайда болып, нарық дамып, пайдаланушылардың тәжірибесі өзгеріп жатқанын көріп жүрміз. Бұл шешімдер бізді қуантады. Алда бізді бұдан да ауқымды жобалар мен маңызды жетістіктер күтіп тұрғанына сенімдімін», – деп атап өтті Mastercard компаниясының Қазақстан және Орталық Азиядағы бас директоры Санжар Жамалов.
«Біз Mastercard-пен стратегиялық әріптестігімізді жоғары бағалаймыз. Алған марапаттарымыз командамыздың еңбегі екенін атап өткіміз келеді. Бұл карточкалық бизнесті дамыту бағытында қол жеткізген нәтижелерімізге берілген жоғары баға болды. Біз үшін заманауи төлем технологияларын енгізу ғана емес, клиенттеріміздің нақты қажеттіліктеріне жауап беретін өнімдер мен сервистерді ұсыну да маңызды», – деді «Bereke Bank» АҚ (Lesha Bank LLC (Public) ЕБ) транзакциялық бөлшек сауда блогының атқарушы директоры Игорь Александрович Кривонос.