ke Bank пен Platonus қазақстандық студенттердің қаржылық мүмкіндіктерін арттыруда
Bereke Bank пен Қазақстандағы 700 мыңнан астам пайдаланушысы бар ірі цифрлық білім беру платформаларының бірі – Platonus студенттерге арналған бірлескен бағдарламаны іске қосқанын жариялады. Ынтымақтастық аясында күнделікті төлем жасау, шәкіртақы алу және бөліп төлеу мүмкіндіктерін біріктіретін Alğa Platonus картасы таныстырылды.
Серіктестік цифрлық қаржылық қызметтерді дамытуға және студенттердің қажеттіліктерін қамтамасыз ететін ыңғайлы шешімдер жасауға бағытталған. Банк өнімдерін білім беру саласындағы цифрлық ортаға біріктіру нәтижесінде студенттер өздеріне бұрыннан таныс платформа арқылы қаржылық құралдарға қол жеткізе алады.
Alğa Platonus картасы студенттердің күнделікті қажеттіліктерін ескере отырып әзірленді. Оның көмегімен шәкіртақы алуға, сауда ақысын төлеуге, ақша аударымдарын жасауға және қолма-қол ақша шешіп алуға болады. Картаның қосымша артықшылығы – 50 000 теңгеге дейінгі 0% пайыздық мөлшерлемесі бар кредиттік лимит (ЖТСМ 0%)*, бұл қосымша қаражатты пайдалануға және шәкіртақы түскенін күтпей-ақ төлемдерді бөліп өтеуге мүмкіндік береді.
Студенттер аталған ұсыныспен тікелей Platonus App қосымшасында таныса алады, содан кейін Bereke Bank-тің веб-арнасы арқылы картаны онлайн рәсімдеуге өте алады. Мұндай формат банк қызметтеріне қол жеткізуді жеңілдетіп, ұсынысты бөлімшеге бармай-ақ пайдалануға мүмкіндік береді.
«Бүгінде цифрлық сервистер жастардың өмірінің барлық дерлік саласында қолданылады. Біз банк қызметтерінің де олардың күнделікті өмірінің дәл осындай ыңғайлы әрі табиғи бөлігіне айналғанын қалаймыз. Platonus-пен бірлескен жоба – серіктестік экожүйемізді дамыту және клиенттердің жаңа буынымен ұзақ мерзімді қарым-қатынас орнату мақсатында жасалған маңызды қадам», — деп атап өтті «Bereke Bank» АҚ-ның (Lesha Bank LLC (Public) ЕБ) басқарушы директоры Хахалина Александр.
Platonus Қазақстанның цифрлық білім беру инфрақұрылымында маңызды орын алады. Платформаның шешімдерін еліміздегі жоғары оқу орындарының 90%-дан астамы және 100-ден астам колледж пайдаланады. Оның өнімдерінің күнделікті аудиториясы 700 мыңнан астам пайдаланушыны құрайды, ал платформаны қолдану арқылы білім алған түлектер саны 2,5 миллионнан асады.
«Біз үшін Platonus-ты дамыту —бүкіл оқу кезеңінде студентке күнделікті міндеттерді шешуге көмектесетін цифрлық орта құру, ал Bereke Bank-пен орнатылған серіктестік үйреншікті қосымша арқылы қаржылық қызметтерді қолжетімді етуге мүмкіндік береді. Alğa Platonus картасы — бірлескен жұмысымыздың алғашқы қадамы. Жастарға өз шығындарын сенімдірек жоспарлауға және дербес болуға көмектесу үшін білім беру және қаржылық мүмкіндіктерді біріктірудің әлеуеті зор екенін көріп отырмыз», — деді Platonus Group бас директоры Серік Бутумбаев.
Platonus-тың ауқымы мен Bereke Bank-тің мол тәжірибесі қаржы мен білім берудің тоғысуынан туындаған бірлескен жобаларды одан ары дамытуға негіз болады. Alğa Platonus-тың іске қосылуы — банк экожүйесін кеңейту және қазақстандық жастарға арналған қаржылық қызметтерді дамыту жолында жасалған тағы бір қадам болды.
Картаның шарттары туралы толығырақ
* ЖТСМ-сы 0%-ды құрайтын 0% мөлшерлеме көзделген. Бірақ мерзімі өткен берешек пайда болған жағдайда, мөлшерлеме 38%-ды, ал ЖТСМ 46%-ды құрайды (берешек пайда болған күннен бастап ол өтелгенге дейін). Кредиттік лимит бойынша транзакциялар болған кезде картаға қызмет көрсету комиссиясы айына 2 000 ₸ құрайды.
Мәлімет үшін:
Bereke Bank – жеке және заңды тұлғаларға қаржылық қызметтердің кең спектрін ұсынатын қазақстандық банк. Банк Қазақстандағы екінші деңгейдегі банктердің үздік ондығына тұрақты түрде кіреді, цифрлық сервистерді белсенді дамытып, заманауи қаржылық шешімдерді енгізуде. Бүгінде Bereke Bank 500 мыңнан астам клиентке қызмет көрсетеді, ал оның филиалдық желісі еліміздің барлық негізгі өңірлерінде ұсынылған.
Platonus – оқу үдерісін автоматтандыруға арналған шешімдерді, білім беру сервистерін және студенттер мен оқытушыларға арналған мобильді құралдарды біріктіретін қазақстандық цифрлық білім беру платформасы. Экожүйе өнімдерін күн сайын 700 мыңнан астам адам пайдаланады.