Bereke Bank бөлімшелерінде «Золотая Корона» жылдам ақша аудару қызметі қолжетімді
Bereke Bank арқылы «Золотая Корона» жүйесі бойынша ақша аударуға болады. Аталған қызмет банктің барлық бөлімшелерінде көрсетіледі.
Жеке тұлғалар «Золотая Корона – Ақша аударымдары» сервисі арқылы Ресейге, таяу және алыс шетелдерге қаражат аудара алады. Ол үшін қаражатты жіберуші ақшаны қай елге және қай қалаға аударатынын көрсетсе жеткілікті. Алушы өзіне ыңғайлы қызмет көрсету пунктін таңдай алады, ал қаражат бірнеше минут ішінде түседі.
Ақша аудару үшін есептік шот ашу талап етілмейді.
«Золотая Корона – Ақша аударымдары» – бұл:
- ● жайлылық – қызмет көрсету орталықтарының саны 50 000-нан асады;
- ● жылдамдық – аударылған сома бірнеше минут ішінде түседі;
- ● қолжетімділік – төмен тарифтер. Аударым валютасы – рубль, АҚШ доллары, еуро, сондай-ақ ұлттық валюта*.
Банкте ақшаны қалай аударады:
- 1. Жеке басты куәландыратын құжатты көрсету;
- 2. Алушының мынадай деректерін толтыру: Т.А.Ә., аударылған қаражатты алатын ел және елді мекен, сондай-ақ ұялы телефон нөмірі (өзіңіздің және алушының);
- 3. Ақша аударымын жасауға берілген өтінішке қол қою;
- 4. Ақшаны банк кассасы арқылы салу.
Банкте түскен ақшаны қалай алады:
- 1. Жеке басты куәландыратын құжатты көрсету;
- 2. Ақша аударымының бақылау нөмірін айту;
- 3. Түскен ақшаны қандай валютада алғыңыз келетінін хабарлау;
- 4. Түскен ақшаны алуға берілген өтінішке қол қою;
- 5. Қолма-қол ақшаны банк кассасынан алу.
«Золотая Корона» ақша аударымдары бойынша өзекті тарифтер мен лимиттер https://koronapay.com/transfers/tariffs/offline/ сайтында көрсетілген.
Алушы үшін қызмет әрқашан тегін көрсетіледі.
* Әр ел үшін қолжетімді валюталар туралы ақпаратты ақша аударымын рәсімдеген кезде банк операторынан нақтылау қажет.
«Bereke Bank» АҚ, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген 20.09.2022 ж. № 1.2.199/93/31 лицензия
Ақша қаражатын аудару жөніндегі оператор, «Золотая Корона» төлем жүйесінің операторы –«Платежный Центр» ЕБЕКҰ (ЖШҚ), 20.12.2012 ж. тіркеу нөмірі 0012, РФ ОБ 14.04.2014 ж. №3166-К лицензиясы, Новосібір қ., Киров к-сі, 86, НМТН 1025400002968.