Bereke Bank
Қаріп
Суреттер
Баптаулар
Баптауларды қалпына келтіру
Қаріпті таңадаңыз
Әріптер арасындағы аралық (Кернинг)
Жолдар арасындағы аралық
Көру қабілеті нашарларға арналған нұсқа
Қаріп
Суреттер
Баптаулар
Баптауларды қалпына келтіру
Қаріпті таңадаңыз
Әріптер арасындағы аралық (Кернинг)
Жолдар арасындағы аралық
Артқа

Жылдам әрі комиссиясыз: Bereke Bank Ресейге телефон нөмірі арқылы ақша аудару қызметін іске қосты

Ата-анаңызға қажет заттарын алып беруге, балаларыңызға ақша жіберуге немесе жақындарыңызға кез келген сәтте қаржылай қолдау көрсетуге енді телефон нөмірі жеткілікті — карта нөмірі мен банк деректемелерін енгізудің қажеті жоқ. 2026 жылғы 29 қыркүйектен бастап Bereke Bank мобильді қосымшасында жаңа сервис қолжетімді. Ақша ресей рублінде бірден түседі. Бастапқы акция кезеңінде комиссия 0 теңгені құрайды, акция аяқталғаннан кейін аударым сомасының 1%-ы алынады.

Сервис жеке тұлғаларға қолжетімді. Ақшаны Bereke Bank дебеттік карталарынан жіберуге болады. Аударым және шотқа түсіру валютасы – ресей рублі. Егер карта валютасы өзгеше болса, конвертация операция жасалған сәтте қолданыстағы банк бағамы бойынша автоматты түрде жүргізіледі.

Аударылатын қаражат лимиті:

бір аударымның минималды сомасы – 10 ресей рублі;

бір аударымның максималды сомасы – 140 000 ресей рублі;

аударымның бір тәуліктегі жалпы сомасы – 3 000 000 теңгеден аспайды.

Аударымдар жүйеге қосылған Ресей банктерінің карталарына жасалады. Банктердің нақты тізімін Bereke Bank сайтынан көре аласыз.

Аударымды қалай жіберуге болады

Bereke Bank мобильді қосымшасын ашыңыз.

«Аударымдар» бөліміне кіріп, «Ресейге» → «Телефон нөмірі бойынша» батырмаларын таңдаңыз.

Ақша шешіп алынатын картаны таңдаңыз.

Алушының ресейлік телефон нөмірін енгізіңіз немесе телефон кітапшасынан контактіні таңдаңыз.

Ұсынылған тізімнен алушының банкін таңдаңыз.

Соманы енгізіп, деректерді тексеріп, аударымды растаңыз.

Тұрақты аударымдар үшін операцияны «Жиі жасалатын аударымдар» бөліміне сақтауға болады. Сондай-ақ қосымшада бұрын жасалған аударымды қайталауға болады.

Аударымды жібермес бұрын телефон нөмірі мен таңдалған банкті мұқият тексеріңіз: орындалған аударымды жоюға немесе қайтаруға болмайды. Аударым сәтті болуы үшін нөмір банк шотына тіркелуі тиіс және алушының сол банкте шоты болуы қажет.

Шарттары туралы толығырақ: мына жерде