Қаріп
Суреттер
Баптаулар
Баптауларды қалпына келтіру
Қаріпті таңадаңыз
Әріптер арасындағы аралық (Кернинг)
Жолдар арасындағы аралық
Көру қабілеті нашарларға арналған нұсқа
Қаріп
Суреттер
Баптаулар
Баптауларды қалпына келтіру
Қаріпті таңадаңыз
Әріптер арасындағы аралық (Кернинг)
Жолдар арасындағы аралық
Артқа

Халықаралық сарапшылар Bereke Bank-тің ШОБ бағытын дамыту тәжірибесіне жоғары баға берді

Шілденің басында банк саласындағы үздік тәжірибелермен алмасу бағдарламасы аясында SME Banking Agency өкілдері Bereke Bank-ке жұмыс сапарымен келді. Кездесу барысында банктің шағын және орта бизнес бағытын жаңғырту нәтижелері таныстырылып, кәсіпкерлерге арналған қаржылық және цифрлық қызметтерді дамытудағы тәжірибесі ортаға салынды.

Bereke Bank командасы кәсіпкерлерге арналған сервистік модельді қалыптастыру, цифрлық қызмет көрсету арналарын жетілдіру, бизнесті қаржыландырудың жаңа тәсілдерін енгізу және кәсіпкерлікті қолдау бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтты. Сондай-ақ, басқосуда клиенттерге қолайлы қызмет көрсету мәдениетін дамыту, инновациялық шешімдерді енгізу, өнімдер мен сервистерде тұрақты даму (ESG) қағидаттарын қолдану мәселелеріне ерекше назар аударылды.

«Bereke Bank-ке жасаған сапарымыз банктің бизнес-банкинг саласындағы инновациялық шешімдерді дамытуда өңірдегі көшбасшылардың бірі екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Мұндай тәжірибе алмасу қол жеткізілген жетістіктерді бағалауға ғана емес, Bereke Bank-тің үздік тәжірибелерін өңірге кеңінен танытуға және қызмет көрсету сапасының жоғары стандарттарын қалыптастыруға мүмкіндік береді», – деді SME Banking Agency өкілдері.

Кездесу барысында тараптар шағын және орта бизнеске банктік қызмет көрсетудің бүгінгі үрдістерін талқылап, өзара тәжірибе алмасты. Сондай-ақ кәсіпкерлікті қолдаудың тиімді тетіктері мен саланы одан әрі дамытуға қатысты ортақ көзқарастарымен бөлісті. Мұндай кәсіби кездесулер жаңа шешімдердің пайда болуына және қаржы нарығындағы үздік тәжірибелердің кеңінен таралуына жол ашады.

«Біз әзірлейтін әрбір өнім мен сервистің негізінде клиенттеріміздің нақты қажеттіліктері жатыр. Сондықтан атқарған жұмысымыздың нәтижесі халықаралық кәсіби қауымдастықтың қызығушылығын тудырып, бизнес-банкингтің болашағына қатысты кәсіби пікір алмасудың бір бөлігіне айналғаны біз үшін ерекше маңызды», – дейді Bereke Business өкілдері.

SME Banking Agency өкілдерінің сапары Bereke Bank-тің шағын және орта бизнесті дамыту бағытындағы тәжірибесінің халықаралық деңгейде жоғары бағаланатынын тағы бір мәрте дәлелдеді. Банк алдағы уақытта да кәсіпкерлерге қолайлы қаржылық және цифрлық шешімдерді дамытып, әлемдік үздік тәжірибелерді енгізу арқылы бизнестің тұрақты дамуына қолдау көрсетуді жалғастырады.