Bereke Bank клиенттердің қаражатын шектеу және қайтару тәртібіне қатысты түсіндірме берді
Ресей әлеуметтік желілерінде Bereke Bank қызметіне қатысты жалған ақпараттың таралуына байланысты банк ресми түсіндірме беруді қажет деп санайды.
Bereke Bank талаптардың бәріне ортақ екенін — Қазақстан Республикасының резиденттері мен резиденті емес клиенттерге бірдей қолданылатынын ерекше атап өтеді.
Нысаналы қауіпсіздік шаралары Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзатын клиенттерге ғана қолданылады. Мұндай жағдайларда іскерлік қатынастар тоқтатылады.
Кейбір жағдайларда заңнама бойынша жүргізіліп жатқан тексерулердің егжей-тегжейін ашуға болмайды, бұл талаптар барлық екінші деңгейдегі банктер үшін бірдей болып саналады.
Банк қаражаттың сақталуын және олардың толық көлемде қайтарылуын қамтамасыз етеді. Вereke Bank шоттарды нөлге айналдырмайды және шектеулерден пайда таппайды.
Біз клиенттер үшін өз қаражатына еркін қол жеткізу – негізгі қажеттіліктердің бірі екенін түсінеміз және бұл мәселені барынша ыңғайлы әрі ашық түрде шешуге ұмтыламыз.
Қаражатты транзиттік шотқа аудару — бұл қатынастарды аяқтау үшін тек заңнама талаптары шеңберінде жүзеге асырылатын техникалық рәсім.
«Кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл (КЖ/ТҚҚ) туралы» заңнаманың талаптарына сәйкес клиентпен іскерлік қатынастар тоқтатылған жағдайда (мысалы, клиент жоғары тәуекел санатына жатқызылған кезде) клиенттің қаражаты тәркіленбейді.
Қаражат арнайы транзиттік шотқа аударылады, бұл шотты жабу үшін қажетті техникалық рәсім болып табылады. Бұл ретте:
− ұсталған комиссиялар техникалық сипатқа ие;
− барлық мұндай комиссиялар қайтарылады;
− банк бұл операциялардан экономикалық пайда таппайды.
Комиссия шектеулер енгізілген сәттен бастап 30 күнтізбелік күн өткен соң есептен шығарылуы мүмкін. Кейбір жағдайларда комиссия қаражат толық транзиттік шотқа аударылғанға дейін кезең-кезеңімен алынуы мүмкін.
Бұл әрекеттер іскерлік қатынастарды тоқтату кезінде заң талаптарын сақтау мақсатында ғана жүзеге асырылады.
Ол үшін банк бөлімшесіне барып, жеке басты растау рәсімінен өту қажет. Бұл клиент қаражатын қорғау және олардың үшінші тұлғаларға берілмеуін қамтамасыз ету үшін жасалатын міндетті шара.
Клиент жеке басы расталғаннан кейін:
− барлық соманы (бұрын ұсталған комиссияларды қоса алғанда) Қазақстан Республикасындағы кез келген басқа банктегі шотқа аудара алады;
− мұны толық көлемде жүзеге асыра алады.
Банк клиенттерге қаражатты қайтарудан бас тартпайды. Рәсім барынша қысқа мерзімде жүзеге асырылады.
Мәселені сенімхат берілген өкіл арқылы шешуге болады, онда қажетті өкілеттіктер нақты көрсетілуі тиіс.
Бұл ретте:
− таяу шетел үшін жергілікті сенімхатты қолдануға болады;
− ал алыс шетел үшін сенімхат консулдық мекемелер арқылы рәсімделуі тиіс.
Bereke Bank өз клиенттеріне әрдайым қамқорлық көрсетеді. Банк үнемі байланыста.
Сall-орталығының байланыс нөмірлері:
Жеке тұлғалар үшін — 5030 (мобильді телефоннан)
Заңды тұлғалар үшін — 7744 (мобильді телефоннан)
Шетелден қоңырау шалу үшін — +7 (727) 321-21-11
E-mail: post@berekebank.kz