Bereke Bank 2026 жылға арналған Салық кодексі бойынша Қазақстандық салық кеңесшілері қауымдастығының I конференциясының бас серіктесі болды
Bereke Bank 2026 жылғы 16 қаңтарда Астана қаласында өткен Қазақстандық салық кеңесшілері қауымдастығының (ҚСКҚ) «Салық кодексі 2026: бизнеске арналған жаңа бағдарлар» атты I конференциясының бас серіктесі болды. Іс-шара гибридті форматта өтіп, офлайн режимде 200-ден астам қатысушыны, сондай-ақ еліміздің түкпір-түкпірінен кең онлайн-аудиторияны біріктірді.
Bereke Bank-тің тікелей сатылымдар департаментінің директоры Асқар Қалиев жаңа Салық кодексінің күшіне енуі компаниялардың қаржылық тұрақтылығы мен даму стратегиясына тікелей әсер ететінін атап өтті: «2026 жылғы салық реформасы — бизнесті жүргізу қағидаларын жүйелі түрде өзгертетін ауқымды өзгеріс. Ол қаржылық жоспарлау, инвестициялық шешімдер мен операциялық модельдерге тікелей ықпал етеді. Осындай жағдайда Bereke Bank-тің міндеті — клиент үшін жай ғана қаржы институты емес, бизнестің өзгерістерге бейімделуіне, тәуекелдерді басқаруына және жаңа өсу нүктелерін табуына көмектесетін сенімді серіктес әрі навигатор болу. Сол себепті біз үшін кәсіби диалогтың бір бөлігі болып, осындай жоғары деңгейдегі сараптамалық алаңдарды қолдау аса маңызды».
Конференция 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енген жаңа Салық кодексіне байланысты Қазақстан Республикасының салық заңнамасындағы түбегейлі өзгерістерді талқылауға арналған негізгі кәсіби алаңға айналды. Қатысушылардың назарында — жаңа нормаларды практикалық тұрғыда қолдану, бизнес үшін тәуекелдерді бағалау және ауқымды салық реформасы жағдайында бірыңғай сараптамалық тәсілді қалыптастыру мәселелері болды.
Конференция жұмысына стратегиялық басқарушылық шешімдер қабылдайтын бизнес иелері мен қаржы директорлары, салық кеңесшілері, аудиторлар, бухгалтерлер, заңгерлер, сондай-ақ кәсіби және салалық қауымдастықтардың өкілдері қатысты. Іс-шара форматы бизнес, сарапшылар қауымдастығы және мемлекеттік органдар арасында ашық әрі мазмұнды кәсіби диалог орнатуға мүмкіндік берді. Бұл — бизнесті жүргізу ережелері жүйелі түрде өзгеріп жатқан кезеңде ерекше маңызға ие.
Қазақстандық салық кеңесшілері қауымдастығы Басқарма төрағасы Сәкен Қарин жаңа Салық кодексі салық салу мен салықтық әкімшілендірудің бүкіл архитектурасын өзгертетінін атап өтті: «Конференция алаңында Мемлекеттік кірістер комитеті мен сот жүйесі өкілдерінің қатысуымен Салық кодексіндегі коллизиялық нормаларды жан-жақты талқыладық. 2026 жылдан бастап салық саясатына қатысты елеулі өзгерістер күшіне енеді. Сондықтан бизнеске өз салық модельдерін қайта қарап, тәуекелдерді басқару және жаңа мөлшерлемелер мен әкімшілендіру тәсілдеріне жедел бейімделу аса қажет. Салықтық даулардың күрделене түсуі жағдайында кәсіби салықтық сараптаманың рөлі айрықша арта түсуде», — деді Қауымдастық басшысы.
Bereke Bank классикалық өнімге бағытталған модельден адамға және сараптамаға негізделген тәсілге кезең-кезеңімен көшуді жүзеге асырып келеді. Бұл стратегия клиенттердің ұзақ мерзімді дамуын қолдауға бағытталған. Салықтық және реттеуші реформалар жағдайында банк бизнесті кешенді сүйемелдеуге басымдық беріп, қаржылық құралдарды, аналитикалық сараптаманы және әртүрлі саладағы компанияларға арналған жеке шешімдерді ұсынады.
Bereke Bank экожүйесінің негізгі элементтерінің бірі — Сыртқы экономикалық қызмет (СЭҚ) құзыреттер орталығы. Бұл орталықтың құрамына валюталық бақылау мамандары, комплаенс-сарапшылар, салық кеңесшілері, кедендік реттеу бойынша мамандар мен заңгерлер кіреді. Орталық консультациялық қызметпен қатар, заңнамадағы күрделі өзгерістерді бизнеске қарапайым әрі түсінікті тілде түсіндіре отырып, проактивті қолдау көрсетеді. Орталық қызметтері банк клиенттеріне де, сыртқы компанияларға да қолжетімді.
Бүгінгі таңда Bereke Bank:
• бизнесті кешенді сүйемелдеуге арналған сараптамалық орталықты дамытып келеді;
• заңды тұлғаларға арналған 15 минуттан басталатын жедел валюталық аударымдарды іске қосты;
• биржалық бағамдарға жақын, бәсекеге қабілетті конвертация бағамдарын ұсынады;
• жасанды интеллект технологияларын қолдана отырып, бизнеске арналған жеке шешімдерді жүзеге асыруда.
Жасанды интеллект пен агенттік жүйелер клиенттердің өтініштерін талдауға, дербестендірілген ұсынымдар қалыптастыруға және ішкі үдерістерді жеделдетуге пайдаланылады. Бұл сервистің сапасын арттырып, шешім қабылдау жылдамдығын едәуір жақсартуға мүмкіндік береді.
Валюта нарықтарындағы құбылмалылық пен жаһандық экономикалық өзгерістер жағдайында Bereke Bank бизнестің айналым капиталын тиімді басқаруына және ауқымын кеңейтуіне көмектесетін құралдарға да ерекше назар аударады. Олардың қатарында факторинг, cash management, жедел валюталық аударымдар және сыртқы экономикалық қызметке арналған шешімдер бар.
Қазақстандық салық кеңесшілері қауымдастығының I конференциясына қолдау көрсету Bereke Bank-тің кәсіби бірлестіктермен серіктестікке негізделген стратегиялық көзқарасын айқын көрсетеді. Банк Қауымдастықтың миссиясын бөлісе отырып, бизнес, кеңесшілер және қаржы институттары арасындағы сараптамалық диалогты дамыту тұрақты экономикалық өсудің маңызды факторы деп санайды.
Банк туралы
«Bereke Bank» АҚ (Lesha Bank LLC (Public) еншілес банкі) — Қазақстан Республикасының әмбебап коммерциялық банкі, еліміздің ірі банктерінің қатарына тұрақты түрде еніп, депозиттерге кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылады. Банк активтер көлемі мен несие портфелі бойынша Үздік 10-тың қатарында сенімді орын алып, қаржылық көрсеткіштердің тұрақты өсімін көрсетуде. Сондай-ақ екінші деңгейлі банктер арасында жеке және заңды тұлғалардың депозиттері өсімі бойынша көшбасшылардың бірі саналады.