Қаріп
Суреттер
Баптаулар
Баптауларды қалпына келтіру
Қаріпті таңадаңыз
Әріптер арасындағы аралық (Кернинг)
Жолдар арасындағы аралық
Көру қабілеті нашарларға арналған нұсқа
Қаріп
Суреттер
Баптаулар
Баптауларды қалпына келтіру
Қаріпті таңадаңыз
Әріптер арасындағы аралық (Кернинг)
Жолдар арасындағы аралық
Артқа

Bereke Bank делегацияның Woman in Tech Global саммитіне қатысуына демеушілік қолдау көрсетті

Сәуір айының соңында Осака қаласында (Жапония) Women in Tech Global 2025 саммиті өтті. Жыл сайын өткізілетін саммит инклюзия, жасанды интеллект, блокчейн, киберқауіпсіздік және тұрақты даму мәселелерін талқылауға арналған негізгі алаң болып табылады.

Women in Tech – 60-тан астам елде технологияны, ғылымды, білім беруді және инновациялық шешімдерді дамытуға атсалысып жүрген әйелдерді біріктіретін халықаралық қауымдастық. Саммитте Әсем Болатжан бастаған қазақстандық чаптер 2024 жылдың қорытындысы бойынша серпінді дамып келе жатқан әрі үздік чаптер болып танылды.

Bereke Bank Қазақстаннан барған делегацияның ресми серіктесі атанып, демеушілік қолдау көрсетті, соның арқасында біздің ақпараттық технология, цифрлық кәсіпкерлік, білім беру және инновация саласындағы сарапшыларымыз саммитке қатысып, жаңа іскерлік байланыстар орнатты, тәжірибелерімен бөлісті.

«Осы іс-шарада Қазақстан мен Орталық Азиядан біршама делегацияның келгені бізді қуантты. Әр елдің өз күн тәртібі болды, десе де, бізді көптеген ұқсастықтар да біріктірді, атап айтқанда: цифрлық активтер нарығындағы реттеуші өзгерістерге байланысты туындайтын қиындықтар, финтех пен стартаптарды қорландыру мәселелері, сондай-ақ цифрландыру және тұрақты даму, экологияға әсер ету мәселелеріне қатысты қызықты тақырыптар. Мені қазіргі тез өзгеретін жағдайларға бейімделу үшін дәстүрлі банктердің қалай әрекет ететіні туралы баяндап беруге шақырды. Қысқа мерзімде енгізілген SAFe икемді масштабталатын әзірлеу тәсілдерін енгізу және оның нәтижесінде туындайтын өзгерістер барлығының қызығушылығын тудырды», – деді Күнсұлу Қапбасова

«Білім мүмкіндіктерге жол ашады, ал жүйелі түрде қолдау көрсету – тұрақты дамудың кілті. Bereke Bank қызметкерлердің өзекті қажеттіліктерін дамытуға және түрлі тәсілдерді енгізуге ерекше назар аударады. Қазақстандық қыздарды қолдау және оларды жаһандық күн тәртібіне қатыстыру арқылы оларға жаңа жобалар бастауға, серіктестіктер орнатып, жетістіктерге қол жеткізуге жол ашамыз», — деп атап өтті Алина Аникина, «Bereke Bank» АҚ (Lesha Bank LLC (Public) ЕБ) Басқарма Төрағасының орынбасары.

Women in Tech ұйымымен орнатылған серіктестіктің аясында банк цифрлық технологиялар, кәсіпкерлік және қаржылық сауаттылық саласында білім беру бағдарламалары мен бастамаларды іске асыруды жоспарлап отыр. Мысалға, наурыз айында Bereke Bank бизнес-аналитиктер мектебінің алғашқы ағымын – білім беру жобасын іске қосты, бұл жоба қыздарға IT әлемінде алғашқы қадам жасауға көмектеседі. Бағдарламаға қатысуға ниет білдірушілер көп болды: қатысуға 263 үміткер өтініш берді, ал үздік 34 адам тегін оқу мүмкіндігіне ие болды.