Қаріп
Суреттер
Баптаулар
Баптауларды қалпына келтіру
Қаріпті таңадаңыз
Әріптер арасындағы аралық (Кернинг)
Жолдар арасындағы аралық
Көру қабілеті нашарларға арналған нұсқа
Қаріп
Суреттер
Баптаулар
Баптауларды қалпына келтіру
Қаріпті таңадаңыз
Әріптер арасындағы аралық (Кернинг)
Жолдар арасындағы аралық
Артқа

1 сәуірден бастап Bereke Bank-тің кешбэк шарттары өзгереді.

2025 жылғы 1 сәуірден бастап Bereke Bank кешбэк шарттарын жаңартады. Бұл қадам өзгерістерге қарамастан, клиенттерге карталар мен депозиттерді тиімді пайдалану мүмкіндігін береді. Біз үшін клиенттерімізге шарттардың айқын және түсінікті болуы өте маңызды, сондықтан жаңашылдықтар туралы алдын ала хабарлап, саналы шешім қабылдауыңызға мүмкіндік жасап отырмыз.

• Егер клиент жоғары бонус бағдарламасына қосылмаса, базалық кешбэк 0% құрайды. Дегенмен, бағдарламаға қосылу арқылы шарттарды едәуір жақсартып, тиімді бонус алуға болады.

• B-Bonus+ бағдарламасын қосқан жағдайда әр транзакциядан қосымша пайда табуға болады, өйткені барлық төлем үшін 1% кешбэк алатын боласыз.

• 500 000 теңгеден басталатын депозитке – барлық сауда үшін 3% кешбэк. 500 000 теңгеден басталатын депозитті ашсаңыз, барлық төлем үшін 3% кешбэк аласыз. Бұл да пайда табудың керемет мүмкіндігі.

• 1 000 000 теңгеден бастап депозит ашсаңыз — барлық саудаға 5% кешбэк. 1 000 000 теңгеден басталатын депозитпен кешбэк мөлшері 5%-ға дейін өседі, әр төлемнен қосымша табыс алуға мүмкіндік береді.

• 20 000 000 теңгеден бастап депозит ашсаңыз — барлық саудаға 7% кешбэк. 20 000 000 теңгеден басталатын депозитпен ең жоғары 7% кешбэк ала аласыз. Бұл ұзақ мерзімді инвестицияларды жоспарлайтындар үшін тамаша ұсыныс.

Барлық сауда үшін түсетін кешбэктен бөлек, біз клиенттерімізді «Меморина мен тапсырмаларды орындау» арқылы жоғарылатылған бонуспен қуантуды жалғастырамыз. Сонымен қатар, клиенттің өзіне жоғарылатылған бонусты алу үшін категорияны таңдау мүмкіндігі беріледі.

Бұл сізге күнделікті шығындардан және ойын-сауықтан қосымша бонус жинауға мүмкіндік беретіні сөзсіз.

Сонымен қатар, жаңа шарттарда карталардың әр санаты бойынша бонустарды есептеуде жаңа шектеулер енгізілген:

• Көпшілікке арналған және жалақы карталары үшін — кешбэк айына 15 000 теңгемен шектелген.

• Көпшілікке арналған және жалақы карталары, егер депозиттерде 5 000 000 теңгеден артық қаражат болса — кешбэк лимиті 30 000 теңге болады.

• Премьер карталары үшін — кешбэк 100 000 теңгеге дейін.

• «Первый» карталары үшін — кешбэк 200 000 теңгеге дейін.

Nomad Club бағдарламасының қатысушылары үшін Nomad ұпайларын есептеу жалғасады:

1. POS-терминалдар немесе интернет арқылы төлем жасағанда — әр 490 теңгеге 1 Nomad ұпай.

2. POS-терминалдар немесе интернет арқылы төлем жасағанда, егер клиенттің депозиттерінде есеп айырысу кезеңінде 20 000 000 теңгеден артық қалдық болса — әр 190 теңгеге 1 Nomad ұпай. Бұл мөлшерлеме 2025 жылғы 30 қыркүйегіне дейін қолданылады.

3. POS-терминалдар немесе интернет арқылы төлем жасағанда, егер клиент 2025 жылғы 1 сәуір мен 30 сәуір аралығында банкке жаңа клиент ретінде келсе — әр 190 теңгеге 1 Nomad ұпай. Бұл мөлшерлеме 2025 жылғы 30 маусымға дейін қолданылады.

Біз әр клиенттің өзіне қолайлы және тиімді шарттарды таңдап, банктің қызметтерін барынша пайдамен пайдаланатынына сенімдіміз. Сеніміңіз үшін рақмет!

Біз сіздің қаржылық мақсаттарыңызды іске асыру үшін жұмысымызды жалғасытарымз. Жаңартылған шарттармен пайда көріп, әр төлемнен қосымша бонус алу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!