Mastercard-пен және Bereke Bank-пен бірге футбол ойындарына куә бол!
Bereke Bank және Mastercard өткізетін акцияның аясында UEFA Champions League ойындарына жолдама ұтып ал!
Транзакциялар жасап, Чемпиондар лигасының финалына бару мүмкіндігін ұтып алыңыздар.
Bereke Bank пен Mastercard «Mastercard-пен керемет футболға куә бол» акциясын іске қосады, аталған акция Мюнхенде өтетін UEFA Champions League финалына баруға мүмкіндік сыйлайды! Сондай-ақ Mastercard пен UEFA Champions League басқа да бағалы сыйлықтар тарту етеді.
Қатысушы атану үшін сізде Bereke Bank-тің Mastercard картасы болуы керек және 2025 жылдың 25 ақпаны мен 13 сәуірі аралығында сол картамен Apple Pay, Google Pay, Samsung Pay немесе Garmin Pay төлем жүйелері арқылы сауда ақысын төлесеңіз жеткілікті. Маңызды тұсы, сіздің транзакцияларыңыздың жалпы сомасы 200 000 теңге немесе одан да көп болуы тиіс. Уайымдамаңыз, бұл соманы сауда жасай отырып, біртіндеп жинауға болады. Акция Қазақстанның барлық аумағында өткізіледі.
Жүлделер ұтысы 2025 жылдың 16 сәуірінде өтеді. Жеңімпаздар Bereke Bank-тің Instagram парақшасында өткізілетін тікелей эфирде кездейсоқ сандар генераторының көмегімен анықталады.
Сонымен қатар банк бонустар түрінде кешбэк береді, оны Bereke Bank қосымшасында қызметтер ақысын төлеу үшін пайдалануға болады немесе нақты ақша ретінде қайта картаға аударуға болады. B-Bonus+ бағдарламасына тегін қосылған кезде, сізге әр жасаған төлемнен 1,5%, ал депозитіңіз болса, 7%-ға дейін кешбэк беріледі. Сондай-ақ карта иелері үшін такси мен жанармай құю ақысынан 10%-ға дейін қосымша кешбэктер қарастырылған, ал кино билеттерін сатып алғаны үшін 30%-ға дейін кешбэк алуға болады.
Акция ережелері туралы толық ақпарат Bereke Bank пен Mastercard-тың ресми сайттарында берілген https://www.mastercard.kz/football2025.html