Қазақстанда Антифрод-орталықтың ақпараттық сайты – antifraud.kz жұмысын бастады
Алаяқтық схемаларды қалай тануға және ақшаңыз бен жеке деректеріңізді қалай қорғауға болатынын білу маңызды. Бұған Антифрод-орталықтың ақпараттық сайты – antifraud.kz көмектеседі.
Сайттан Антифрод-орталықтың немен айналысатынын, алаяқтар қандай схемаларды қолданатынын және алдануға тап болған жағдайда не істеу керектігін білуге болады. Биометриялық сәйкестендіру арқылы ақпараттық жүйелерде өзіңіз туралы мәліметтердің бар-жоғын тексеруге болады.
Сондай-ақ сайтта оқыту және анықтамалық материалдар, жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар, заңнама туралы ақпарат және пайдалы сілтемелер қолжетімді. Ал сұрақтар туындаған жағдайда, жасанды интеллект агенті «Фроддиге» сұрақ қойыңыз – ол кез келген уақытта жауап береді.
Ақша мен жеке деректерді қорғау туралы көбірек білу үшін antifraud.kz сайтымен танысыңыз.